SDU University әкімшілік қызметкерлеріне арналған жасанды интеллект бойынша біліктілікті арттыру курсы өтті
HR департаментінің бастамасымен SDU Extension Center университеттің әкімшілік қызметкерлеріне арналған «Білім беру үдерісінде жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды.
Білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген курс үш модульден тұрды және қатысушылардың цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын кәсіби қызметте тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Оқу барысында тыңдаушылар заманауи AI құралдарының мүмкіндіктерімен танысып, құжаттармен жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, мәтін генерациялау, жұмыс үдерістерін оңтайландыру және күнделікті кәсіби міндеттерді автоматтандыру бағытында практикалық білім алды.
Бағдарлама қорытындысы бойынша курс талаптарын толық орындаған қатысушыларға сертификаттар табысталды. Аталған сертификаттар аттестаттау барысында есепке алынады.
SDU Extension Center курсқа белсенді қатысқан тыңдаушыларға, сондай-ақ өз тәжірибесімен бөліскен спикерлер — Ибрагим Тунжер және Бахтиёр Мералиев мырзаларға алғыс білдіреді.
Біліктілікті арттыру және дағдыларды жетілдіру бөлімі
+7 (776) 702 31 34









