SDU University-де Open Day 2026 өтті
SDU University-де болашақ талапкерлер мен олардың ата-аналарына арналған Open Day 2026 – Ашық есік күні өтті. Іс-шараға 927 адам тіркеліп, университетке 450-ден астам оқушы мен ата-ана келді.
Қонақтар SDU University-дің білім беру бағдарламалары, оқуға қабылдау талаптары, ағылшын тілін меңгеру мүмкіндіктері және студенттік өмірімен танысты. Университет өкілдері талапкерлерге мамандық таңдау, оқуға түсу тәртібі және студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында ҰБТ-дан 140 балл жинаған SDU University студенттері Али Лоян мен Альфия Балхан өз тәжірибелерімен бөлісіп, талапкерлерге дайындық пен университет таңдау жөнінде кеңес берді. Сонымен қатар, қатысушылар мектептердің таныстырылымдарына қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Іс-шара «Толқын» оркестрі, Orlean және Bakers би топтарының өнерімен толықты. Open Day 2026 талапкерлер мен ата-аналарға университет ортасын жақыннан танып, болашақ білім бағытын айқындауға мүмкіндік берді.








