SDU Extension Center-дің DEM ALL (English Edition) жазғы мектебі сәтті аяқталды
DEM ALL (English Edition) – SDU Extension Center ұйымдастыратын 8 – 14 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған жазғы тілдік мектеп. Бағдарлама қарқынды ағылшын тілі сабақтарын тәжірибелік жұмыстармен және XXI ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шаралармен ұштастырады.
2026 жылдың жазында бағдарлама екі маусымда өтіп, 75 оқушыны қамтыды:
I маусым: 15 – 26 маусым 2026 жыл
II маусым: 13 – 24 шілде 2026 жыл
Әр маусымда 40 академиялық сағат ағылшын тілі сабағы өткізілді. Сонымен қатар қатысушылар робототехника, актерлік шеберлік, сторителлинг, арт-терапия, мобилография, алғашқы көмек көрсету, аспаздық шеберлік сабақтары, интеллектуалдық ойындар және басқа да интерактивті іс-шараларға қатысты.
Бағдарлама қатысушылардың ағылшын тілін, коммуникативтік дағдыларын, шығармашылығын, өзіне деген сенімділігін және командада жұмыс істеу қабілетін дамытуға мүмкіндік берді.
DEM ALL бағдарламасының келесі маусымына қосылыңыз!
SDU Extension Center, SDU University
+7 (707) 702-31-34
Instagram: @sdu.extension



