SDU зерттеушілерінің халықаралық ғылыми жетістіктері
SDU University Әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық мектебінің зерттеушілері халықаралық ғылымның дамуына үлес қосып келеді. Олардың еңбектері халықаралық қатынастар, жоғары білімді басқару және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін қамтиды.
Айнұр Абдразақова, мектептің қауымдастырылған профессоры әрі аға ғылыми қызметкері, жоғары білімді басқару мәселелеріне арналған халықаралық кітапта HEMHI Through the Kazakhstan Lens: Governance, Quality, Internationalisation, and Institutional Sustainability атты тарауын жариялады.
Ислам Супыалдияров Scopus дерекқорында индекстелетін Frontiers in Political Science журналында жарияланған Between overlap and encroachment: power transition without confrontation and China–Russia structured rivalry in Central Asia атты мақаланың авторларының бірі. Зерттеу Орталық Азиядағы Қытай мен Ресей ықпалының өзгеруін қарастырады.
Нұржан Мұқашев Frontiers in Public Health журналында жарияланған Public health diplomacy in Central Asia: a scoping review атты шолу мақаласының авторларының бірі. Еңбек Орталық Азиядағы қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы дипломатия мәселелеріне арналған.
Зерттеушілеріміздің еңбектері ғылымның дамуына үлес қосып, SDU University-дің халықаралық академиялық кеңістіктегі беделін нығайтады.

