Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі
- Сулейман Демирель атындағы университетінің профессор-оқытушылық құрамының кәсіби, академиялық және әдістемелік құзыреттерін дамыту бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұйымдастыру;
- Университетіміздің академиялық саясатына сәйкес оқытудың инновациялық-дамыту элементтерін енгізуге әдістемелік қолдау көрсету және білім беру үдерісінің жақсаруына ықпал ету;
- Республика көлемінде семинар-тренингтер, конференциялар, біліктілік арттыру бағдарламаларын жоспарлау және іс-шаралардың өткізілуін ұйымдастыру;
- Біліктілікті Арттыру және Инновация Орталығы, Жоғарғы Білім Беру бөлімінің персоналын дамыту стратегиясын және кәсіби даму бағдарламаларын жасауға қатысу;
- Білім берудегі инновацияларды жоспарлау / жобалау мақсатында СДУ қысқы / жазғы мектеп семинарларын ұйымдастыру;
- “Жас мамандардың” профессионалды құзыреттерін дамыту мақсатында семинар ұйымдастыру;
- Шетелдік тәжірибелерді зерттей отырып, білім беру процесінің және әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау;
- Жоғары Білім бағыты бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларына шетелдік спикерлерді анықтау, байланыс құру, семинарларға шақыру және оның ақысын анықтайтын шарттар жасасуды қамтамасыз ету;
- Шетелдік және Қазақстандық біліктілікті арттыру орталықтарымен бірлескен іс-шараларды ұйымдастырудың жолдарын қарастыру;
- СДУ оқытушыларына біліктілікті арттыру мақсатында курстарды дайындау, әзірлеу (Coursera, EMI, TESOL).