Жиі қойылатын Сұрақтар
SDU-дағы барлық бос жұмыс орындары ресми сайтта жарияланады. Түйіндемеңізді hr@sdu.edu.kz поштасына жіберсеңіз жеткілікті. Егер талаптарға сай болсаңыз, HR мамандары сізбен хабарласады.
SDU University өз командасына кәсіби және дамуға құштар мамандарды іздейді.
Барлық ашық вакансиялар университеттің ресми сайтында және серіктес жұмыс платформаларында жарияланады.
Өтініш берген соң, түйіндемеңіз талаптарға сай болған жағдайда сізді сұхбатқа шақырады.
Жұмысқа қабылдау шешімі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс берушінің іріктеу құқығы негізінде қабылданады.
HR департаментінің жұмыс уақыты — 08:30-дан 17:30-ға дейін.
SDU HR департаменті дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 08:30-дан 17:30-ға дейін жұмыс істейді.
Түскі үзіліс уақыты — 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Демалыс күндері (сенбі және жексенбі) департамент жұмыс істемейді.
Жеке куәлік, диплом, фото және негізгі анықтамалар қажет. Толық тізімді төменнен қараңыз.
Еңбек шартын жасау және жеке іс парағын рәсімдеу үшін келесі құжаттар қажет:
- Жеке куәлік / паспорттың көшірмесі
- Дипломның көшірмесі және қосымшасы
- Шетелдік үлгідегі диплом болған жағдайда — нотариалды аударма және нострификация құжаты
- Фото сурет 3×4 – 2 дана
- Сотталмағандығы туралы анықтама
- Медициналық кітапша (ҚР ДСМ-196/2020 бұйрығына сәйкес)
- Еңбек кітапшасы (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін)
- Әскери билет немесе тіркеу куәлігі (әскери міндеттілер үшін)
- Halyk Bank IBAN есепшотының нөмірі
- Психо- және наркодиспансерде есепте тұрмайтыны туралы анықтама
IELTS, CELTA, TOEFL сияқты сертификаттар (бар болса)
PMS – SDU қызметкерлеріне арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе. Мұнда қызметкерлер өз деректеріне, оқу және әкімшілік процестерге онлайн түрде қол жеткізе алады.
PMS порталы – SDU қызметкерлері мен оқытушыларына арналған бірыңғай цифрлық платформа.
Жүйеге тіркелген әр қызметкерге жеке ID коды беріледі. Сол арқылы ол:
- жеке оқу немесе жұмыс жоспарын көруге және жаңартуға;
- пәндер мен оқу материалдарын тіркеуге;
- университеттің ішкі ережелері мен саясаттарымен танысуға;
- ағымдағы және қорытынды бағаларды енгізуге;
- техникалық қолдау бөліміне хабарлама жіберуге мүмкіндік алады.
Портал сілтемесі: https://pms.sdu.edu.kz
Техникалық сұрақтар бойынша: Автоматтандыру департаменті, ішкі нөмір – 220
BPM – бұл бизнес-процестерді басқару жүйесі. Ол университеттің ішкі жұмыс процестерін автоматтандыруға және тиімділігін арттыруға арналған.
BPM (Business Process Management) – SDU University-де қолданылатын ішкі басқару және құжат айналым жүйесі.
Бұл жүйе арқылы қызметкерлер:
- қызметтік хаттар, өтініштер, бұйрықтар сияқты құжаттарды электронды форматта рәсімдей алады;
- келісу және бекіту процестерін онлайн режимде жүргізеді;
- тапсырмалардың орындалу барысын бақылайды;
- жұмыс процестерін жылдам және ашық ұйымдастырады.
Жүйенің басты мақсаты – қағазбастылықты азайтып, қызметкерлердің уақытын үнемдеу және процестердің тиімділігін арттыру.
Портал сілтемесі: https://bpm.sdu.edu.kz/
Техникалық сұрақтар бойынша: Автоматтандыру департаменті, ішкі нөмір – 220
Тұрақ талонын алу үшін Еңбекті қорғау және қауіпсіздік бөліміне (С104 кабинет) бару қажет.
Тұрақ талонын рәсімдеу үшін өзіңізбен бірге келесі құжаттарды алыңыз:
- автокөлігіңіздің техникалық паспортының түпнұсқасы;
- SDU ID Card көшірмесі;
- ұялы телефоныңыздың нөмірі.
Барлық қажетті ақпаратты қалдырғаннан кейін, талон дайын болған соң, оны Еңбекті қорғау және қауіпсіздік бөлімінен (кабинет С104) ала аласыз.
SDU-дың нормативтік құжаттары PMS порталында орналастырылған.
PMS порталында Әкімшілік және Академиялық процестерге қатысты барлық ережелер мен регламенттер жүктелген. Қызметкерлер бұл бөлім арқылы университеттің ішкі құжаттарымен, тәртіп ережелерімен және процедураларымен таныса алады.
Барлық техникалық мәселелер бойынша IT Helpdesk жүйесіне өтінім жіберу қажет.
SDU-да техникалық қызмет көрсетуге арналған IT Helpdesk ақпараттық жүйесі жұмыс істейді: https://helpdesk.sdu.edu.kz
Бұл жүйе арқылы келесі мәселелер бойынша өтінім бере аласыз:
- Wi-Fi байланысының бұзылуы;
- Компьютер, принтер, телефон және антивирус жұмысы;
- Картридж толтыру және басқа техникалық ақаулар;
IT мамандары өтінімді қабылдап, шешімін табуға көмектеседі.
BPM жүйесі арқылы «Маркетинг департаменті» → «Маркетинг бөлімінің қызметіне тапсырыс» → «Дизайнға тапсырыс» өтінімін толтырыңыз.
Толығырақ жауап:
Университетке қатысты іс-шараларды ұйымдастыру кезінде дизайн материалдары қажет болған жағдайда, тапсырыс BPM (Business Process Management) жүйесі арқылы рәсімделеді.
Ол үшін:
- BPM жүйесіне кіріңіз;
- «Маркетинг департаменті» бөлімін таңдаңыз;
- «Маркетинг бөлімінің қызметіне тапсырыс» тармағын басыңыз;
- Қызмет түрі ретінде «Дизайнға тапсырыс» нұсқасын таңдаңыз;
- Қажетті ақпаратты толтырып, өтінімді жіберіңіз.
BPM жүйесінде «Start Process – Зал сұрату» өтінімін толтыру қажет.
Университет аумағындағы іс-шаралар, жиналыстар немесе жазба процестері үшін залдарды пайдалану тек BPM жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Пайдалану үшін:
- BPM жүйесіне кіріңіз;
- «Start Process» бөлімін ашыңыз;
- «Зал сұрату» өтінімін таңдаңыз;
- Қажетті залды (Mini Red Hall, Red Hall, DLD Studio немесе Senate) және уақытты көрсетіп, өтінімді жіберіңіз.
SDU ID Card сізді жұмысқа тіркегеннен кейін бірінші күні Кадр бөлімі (B203 кабинет) арқылы беріледі.
SDU ID Card – университет қызметкерінің басты рұқсат картасы. Ол арқылы:
- университет аумағына кіру және шығу уақыты тіркеледі;
- кітапханадан кітап алуға болады;
- асханада қызметкерлерге арналған жеңілдіктермен тамақтануға мүмкіндік бар;
Жоғалған картаны қайта шығарту үшін 2000 теңге төлем жасап, Кадр бөліміне (B203 кабинет) жүгіну қажет.
SDU ID Card жоғалған жағдайда:
- Kaspi.kz немесе Halyk Homebank қосымшалары арқылы SDU шотына 2000 теңге төлеңіз;
- Төлем түбіртегін өзіңізбен бірге алып, Кадр бөліміне (B203) барыңыз;
- Сол жерде қызметтік куәлігіңіз қайтадан рәсімделеді.
AC Catering офисіне (E219 кабинет) барып, картаңызды базаға тіркеу қажет.
SDU ID Card арқылы түскі асқа 50% жеңілдік алу үшін:
- AC Catering офисіне (E219 кабинет) барыңыз;
- Қызметкерлер сізді асхана базасына қосады;
- Осыдан кейін картаңыз арқылы түскі асты 50% жеңілдікпен іше аласыз.
BPM жүйесі арқылы өтінім толтыру қажет.
Көфте зонасын пайдалану үшін BPM жүйесіне кіріп,
“Шаруашылық қызметке тапсырыс” → “Көфте зона” қызмет түрін таңдаңыз.
Егер өтінімде көрсетілген уақыт бос болса, күрке қолданысқа беріледі.
Қызметкерлерге арналған тегін Психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді.
Психологпен кездесу үшін төмендегі сілтеме арқылы онлайн жазылуға болады:
clck.ru/38rAwR
Сіз өзіңізге ыңғайлы психологты және бос уақытты таңдай аласыз.
Қосымша көмек немесе кеңес қажет болса, G316 кабинетіне жүгініңіз.
Еңбекақы әр айдың 10-на дейін төленеді.
SDU-де қызметкерлердің еңбекақысы ресми түрде есептеліп, ай сайынғы мерзім ішінде, яғни әр айдың 10-на дейін банк шоттарына аударылады.
Мереке немесе демалыс күндерімен сәйкес келсе, төлем алдыңғы жұмыс күні жасалады.
SDU-де үш негізгі демалыс түрі бар: жыл сайынғы ақылы, әлеуметтік, және шығармашылық демалыс.
Демалыс түрлері:
- Жыл сайынғы кезекті ақылы демалыс
– Қызметкерлерге еңбек өтілі мен жұмыс кестесіне сәйкес беріледі. - Қысқа мерзімді әлеуметтік демалыс
– Жақын туысының ауыруы, бала тууы, үйлену/тұрмысқа шығу, не жақын адамның қайтыс болуы жағдайында беріледі. - Шығармашылық демалыс
– Ғылыми немесе кәсіби жобалармен айналысуға беріледі.
Демалыс ұзақтығын нақтылау үшін Кадр бөліміне жүгіну қажет.
Демалысқа шығу өтінімі BPM жүйесінде “HR департаменті” бөлімінде толтырылады.
SDU-де қызметкерлер өз таныстарын ашық вакансияларға ұсына алады. Егер ұсынылған үміткер сынақ мерзімінен сәтті өтсе, қызметкерге сыйақы тағайындалады.
Жолдама бағдарламасы – SDU қызметкерлеріне кәсіби және сенімді үміткерлерді жұмысқа ұсынуға мүмкіндік береді.
Ұсыну тәсілі:
- BPM жүйесіне кіріп, “Жолдама бағдарламасы (Referral)” өтінімін ашыңыз.
- Кандидаттың түйіндемесін тіркеңіз.
- Вакансияларға сай үміткерлерді қарастыру HR департаменті тарапынан жүзеге асырылады.
Маңызды:
- Үміткер сынақ мерзімін сәтті аяқтаса, жолдама жасаған қызметкерге ақшалай сыйақы беріледі.
Актуалды бос орындармен sdu.edu.kz сайтынан танысуға болады.
SDU қызметкерлерінің барлық ішкі нөмірлері арнайы тізімде жинақталған.
Қызметкерлердің ішкі байланыс нөмірлерін келесі сілтеме арқылы жүктеп алуға болады:
Ішкі нөмірлер тізімі
Бұл тізімде SDU бөлімдері мен департаменттерінің, сондай-ақ негізгі қызметкерлердің байланыс нөмірлері көрсетілген.
Иә, аванс алуға болады.
Әр айдың 16-нан бастап BPM жүйесіндегі «Қаржы/Есеп бөлімі» бөлімінде
«Аванс сұрау өтінішін» толтыру арқылы аванс сұрай аласыз.
Өтінім бекітілгеннен кейін, қаражат жақын арада шотыңызға аударылады.
Келесі сілтеме арқылы жүктеп алсаңыз болады https://clck.ru/sMDvN
Әр айдың 16-нан бастап BPM-нің Қаржы/Есеп бөлімі бөлімінде “Аванс сұрау өтінішін” толтырасыз.