Бос жұмыс орындар
SDU University — заманауи академиялық бағдарламалары мен инновациялық көзқарасы арқылы білім мен ғылымды дамытуға үлес қосып келе жатқан жоғары оқу орны. Біз өз ісіне жауапты, жаңа идеяларға ашық және қоғам дамуына үлес қосуға дайын мамандарды командамызға шақырамыз. Егер сіз креативті ойлайтын, үздіксіз дамуға ұмтылатын кәсіби маман болсаңыз, SDU – өз әлеуетіңізді толық ашуға мүмкіндік беретін орта.
SDU қызметкерлеріне ұсынылатын артықшылықтар:
- ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми рәсімдеу
- Жаңа технологиялармен жабдықталған инновациялық кітапхана
- Асханада түскі асқа 50% жеңілдік (қызметкерлерге арналған)
- Ағылшын және түрік тілдері курстарына жеңілдіктер
- Кампус аумағындағы «Жанұя» медициналық орталығы – алғашқы және шұғыл медициналық көмек
- Психологиялық кеңес беру орталығының тегін қызметі
- Алматы – Қаскелең бағытында қызметкерлерге арналған көлік қызметі
Барлық өтініш берушілердің жеке деректері құпия түрде сақталады және тек жұмысқа қабылдау мақсатында пайдаланылады.
ПОҚ қызметкерлерінің жұмысқа қабылдау конкурсы кезеңдері:
02.05.2023 – 01.09.2023 дейін – Келген үміткерлерді қарастыру (факультет ішінде сұхбат, демо-сабақ, English Placement test* өту)
06.06.2023-01.09.2023 аралығында – ПОҚ жұмысқа алу комиссиясы жұмысы (соңғы шешім шығарылады, нәтижесі бойынша job offer беріледі)
*English Placement test – Ағылшын тілінің қажетті деңгейін растайтын сертификат (IELTS/TOEFL (5 жылдан аспауы тиіс) немесе British Council) болған жағдайда үміткер English Placement test-тен босатылады.
Өз түйіндемеңізді жіберіңіз
Өтініш беру үшін ілеспе хатты, түйіндені және ұсыныс хатты hr@sdu.edu.kz электрондық поштасына жіберіңіз
