HR ДЕПАРТАМЕНТІ
SDU HR департаменті – университеттің стратегиялық серіктесі әрі адам капиталының дамуына жауапты құрылым. Негізгі мақсат – қызметкерлерді тиімді басқару, дамыту және қолдау арқылы SDU қауымдастығының әлеуетін арттыру. Департамент қызметінің өзегінде – адам, оның кәсіби және жеке өсуі. Қызметкерлерді іріктеу мен бейімдеуден бастап, оқыту, бағалау және мотивация жүйесіне дейінгі барлық HR үдерістер кешенді түрде жүргізіледі. Команда ұйым ішінде сенім мен қолдауға негізделген орта қалыптастыруға, қызметкерлердің жұмыс сапасы мен өмір сапасын тең ұстауға ұмтылады.
Қызметтер
Жұмысқа қабылдау және бейімдеу
Өндіріс пен академиялық ортадағы үздік мамандарды тарту және сақтау – басты басымдық. Жаңа қызметкерлер ұйымдық мәдениетпен, құндылықтармен және ішкі рәсімдермен танысып, команданың толыққанды мүшесіне айналады.
Персоналды мотивациялау
Қызметкерлердің өнімділігі мен жұмысқа қанағаттанушылығын арттыруға бағытталған әдістер мен құралдар жүйесі. Мақсат – әр адамның әлеуетін ашып, ортақ нәтижеге жетуге ынталандыру.
HR-аналитика
SDU University-де HR аналитикасы адам капиталы туралы деректерді талдап, стратегиялық шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Біздің ең басты ресурс – қызметкерлер. Сол себепті университет өмірін жақсарту үшін үздіксіз жұмыс жүргізіледі.
Кадрлық құжаттама
Кадрлық процестер қолданыстағы заңнама талаптарына сай жүргізіледі. Мақсат – құжат айналымының дұрыстығын қамтамасыз етіп, университеттің құқықтық тәуекелдерін азайту.
Команда құру және іс-шаралар ұйымдастыру
Ұжымішілік байланыстарды нығайту және серіктестік рухын арттыру – HR командасының басты бағыттарының бірі. Тимбилдингтер, бейресми кездесулер мен кәсіби сессиялар ұйым мәдениетін дамытып, бірлік пен сенімді нығайтады.
Оқыту және дамыту
Қызметкерлердің кәсіби өсуін қолдау – HR жұмысының маңызды бөлігі. Білім беру бағдарламалары, тренингтер мен даму бастамалары арқылы мамандар өз рөлінде өсіп, мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Неге SDU?

Жаңа инновациялық кітапхана
SDU Ғылыми кітапханасы барлық қолжетімді ...
SDU Ғылыми кітапханасы – «Ашық қолжетімділік» қағидатын табысты жүзеге асырып отырған Қазақстандағы санаулы университет кітапханаларының бірі. Кітапхана пайдаланушылары кез келген кітапты алу үшін кітапханашымен байланыспай-ақ, өздігінен қызмет көрсету жүйесі арқылы пайдалана алады. Оқырман қажетті кітапты сөреден алып, электронды тіркеу жүйесінде өз атына рәсімдеп, белгіленген мерзімге дейін үйіне апара алады. Кітапхана қорында 400 мыңнан астам баспа кітап пен 200 мыңнан астам электронды ресурс бар. Сонымен қатар, кітапхана ғылыми-зерттеу қызметін қолдау мақсатында түрлі деректер қорына – жазылым және ашық қолжетімділік базаларына толық қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады. SDU кітапханасында «Пәндік кітапханашы» қызметі енгізілген. Бұл – әр факультетке жеке бекітілген кітапханашы оқытушылармен және студенттермен тығыз байланыста жұмыс істейді дегенді білдіреді. Сонымен қатар, SDU ғылыми кітапханасы Taylor & Francis және Wiley баспаларының ғылыми мақалалары мен жарияланымдарын пайдалануға рұқсат беретін келісімге ие, бұл университет қауымдастығына әлемдік ғылыми ақпаратқа кең қолжетімділік ұсынады.

Демалыс
Заңға сәйкес, сонымен қатар қосымша..
Қызметкерлердің демалысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледі. SDU University әр қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын, сондай-ақ заңда көзделген қосымша демалыс күндерін пайдалануға мүмкіндік береді.

Денсаулығыңызға күтім
«Жанұя» медициналық орталығы университет...
«Жанұя» медициналық орталығы университет аумағында орналасқан және қызметкерлер мен студенттерге тегін медициналық қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, SDU-де Психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді, ол университет қауымдастығының барлық мүшелеріне тегін психологиялық көмек пен кеңес ұсынады.

Комфортты жұмыс ортасы
Кампус экологиялық таза аймақта...
SDU кампусы экологиялық таза, табиғаты көркем тау етегінде орналасқан. Қызметкерлерге арналған кеңселер заманауи талаптарға сай жабдықталған, эргономикалық жиһаздар мен жайлы жұмыс кеңістігі тиімді және шабытты еңбек етуге мүмкіндік береді.

Қауіпсіздік
SDU University қызметкерлері...
SDU University қызметкерлері мен студенттерінің қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыздың бірі. Университет аумағында бейнебақылау жүйесі орнатылған, кіру-шығу тәртібі қатаң бақыланады, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізіледі.

Көлік тұрағы
SDU қызметкерлерінің автокөліктеріне ...
SDU қызметкерлерінің автокөліктеріне арналған ыңғайлы тұрақ аймағы қарастырылған. Көлік нөмірі тіркелген арнайы қағаз алу арқылы тұраққа еркін кіруге болады.

Тамақтану
Университет аумағында қызметкерлер ...
Университет аумағында қызметкерлер мен студенттерге арналған заманауи асхана, кофехана, фуд-корт және шағын маркет жұмыс істейді. Асханада қызметкерлерге күн сайынғы түскі асқа 50% жеңілдік қарастырылған.

Спортпен айналысу мүмкіндігі
Университет студенттері мен қызметкерлері...
Университет студенттері мен қызметкерлері үшін спортпен белсенді айналысуға барлық жағдай жасалған. Кампус аумағында тегін футбол, баскетбол және волейбол алаңдары, үстел теннисі аймағы бар. Сондай-ақ спорт залына қызметкерлер мен студенттерге арнайы жеңілдіктер қарастырылған.

Қосымша курсттар
Ағылшын, түрік және т.б. тілдерге...
SDU University қызметкерлері үшін кәсіби және тілдік дағдыларды дамытуға арналған қосымша мүмкіндіктер қарастырылған. Ағылшын, түрік және басқа да шетел тілдерін үйрету курстарына жеңілдікпен қатысуға болады. Сондай-ақ, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған түрлі оқу бағдарламалары мен тренингтер өткізіледі.

Тең мүмкіндіктер
SDU жұмыспен қамтудың тең мүмкіндіктері ...
SDU University – әр қызметкер мен үміткерге тең мүмкіндік беруді басты қағида ретінде ұстанады. Біз жасқа, жынысқа, ұлтқа, дінге, денсаулық жағдайына немесе басқа да ерекшеліктерге қарамастан, баршаға әділ және құрметке негізделген қарым-қатынас орнатамыз. Біздің мақсат – әріптестер арасында сенім мен өзара сыйластыққа негізделген, кемсітушіліксіз жұмыс ортасын қалыптастыру. SDU-да әр адам өзін қауіпсіз, бағаланған және құрметтелген сезінетін жағдай жасауға тырысамыз.













