Адвокат мамандығының қыр-сыры: Жанна Уразбаховамен кездесу
SDU Университетінде «Қазіргі замандағы адвокаттық қызмет» тақырыбында қонақ дәріс өтті. Кездесудің спикері қылмыстық істер жөніндегі адвокат Жанна Уразбахова болды.
Дәріс барысында спикер адвокат мамандығының бүгінгі ерекшеліктері, азаматтардың құқықтарын қорғау және заңгердің кәсіби жауапкершілігі туралы әңгімеледі. Сондай-ақ қылмыстық істермен жұмыс істеудегі тәжірибесімен бөлісіп, болашақ мамандарға қажетті білім мен дағдыларға тоқталды.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, заң тәжірибесіндегі өзекті мәселелерді спикермен бірге талқылады.
Кездесу қатысушыларға теориялық білімдерін практикалық мысалдармен толықтырып, адвокат жұмысының қыр-сырын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.


Previous
Next
