SDU University мен ASMED ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Раушан Жақсыбай бастаған PARASAT Business Club және ASMED медициналық ұйымының өкілдері SDU University-ге арнайы сапармен келді. Кездесу барысында тараптар бірлескен жобаларды талқылап, SDU University мен ASMED арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Келісім аясында студенттерге арналған HealthTech инкубациялық бағдарламасын әзірлеу, медицина саласындағы көшбасшыларды даярлауға бағытталған оқыту бағдарламаларын іске қосу және ASMED-ке қажетті IT жобаларды SDU Technopark базасында жүзеге асыру жоспарланды.
Қонақтар SITAM мектебі студенттерінің білім деңгейі мен жобаларына жоғары баға берді. Әсіресе екінші курс студенті таныстырған стартап делегация мүшелерінің ерекше қызығушылығын тудырды.





Previous
Next
