2026 жылғы мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
2026 жылғы мемлекеттік білім гранты конкурсының нәтижелері жарияланды.
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі осы сілтеме арқылы қолжетімді.
Биыл SDU University-дің білім беру бағдарламаларын 950-ге жуық талапкер мемлекеттік білім грантын иеленді.
Грант иегерлерінің қатарында ҰБТ-дан ең жоғары 140 балл жинаған талапкер бар. Сонымен қатар 135–139 балл аралығында жоғары нәтиже көрсеткен талапкерлердің де саны көп. Бұл SDU University-дің білім беру бағдарламаларына жоғары академиялық көрсеткіштері бар талапкерлердің қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді.
Барлық грант иегерлеріне жаңа оқу жылында сәттілік тілейміз.



Previous
Next
