Мумтаз Али Мемон әлемдегі үздік 2% ғалымның қатарына үшінші жыл қатарынан енді
SDU University Әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық мектебінің оқытушы-зерттеушісі Мумтаз Али Мемон 2026 жылы үшінші жыл қатарынан әлемдегі үздік 2% ғалымның қатарына енді. Бұл көрсеткіш Stanford University мен Elsevier бірлесіп жариялайтын ғалымдардың халықаралық рейтингіне негізделген.
Бұл жетістік ғалымның ғылыми зерттеулерге қосқан үлесін және халықаралық академиялық ортадағы танылуын көрсетеді.
SDU University Мумтаз Али Мемонды осы жетістігімен құттықтап, ғылыми және академиялық қызметіне табыс тілейді.
Ғалымның профилі: https://www.topscinet.com/scientist_profile/Memon,%20Mumtaz%20Ali/2014/?stype=single_year


Previous
Next
