Джемиль Туран қауымдастырылған профессор ғылыми атағына ие болды
SDU University оқытушысы Джемиль Туран ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімімен 21100 – «Компьютерлік ғылымдар және информатика» бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағына ие болды.
Джемиль Туран 2020 жылдан бері SDU University «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасында қауымдастырылған профессор ретінде қызмет етіп келеді. Ол – Electrical and Computer Engineering мамандығы бойынша философия докторы (PhD), ғылыми-педагогикалық тәжірибесі 17 жылды құрайды.Ғалымның зерттеу еңбектері Scopus дерекқорына тіркелген беделді халықаралық ғылыми журналдарда тұрақты түрде жарияланып жүр.
SDU University ұжымы Джемиль Туранды осы маңызды жетістігімен шын жүректен құттықтайды және алдағы ғылыми-зерттеу қызметіне табыс тілейді!
