SPT 2026: 100% грант иегерлері анықталды

SDU University ұйымдастыруымен республикалық SDU Proficiency Test (SPT) олимпиадасы өз мәресіне жетті. Дәстүрлі түрде өткізілетін бұл білім сайысы биыл да еліміздің барлық өңірлерінен келген мектеп және колледж түлектерін біріктірді.

12 жылдан бері өткізіліп келе жатқан SPT – дарынды әрі мақсатты талапкерлерді анықтауға бағытталған маңызды зияткерлік алаң. Биылғы олимпиадаға жалпы 12 474 талапкер тіркеліп, оның 7 704-і алғашқы кезеңге қатысып, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынады.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды. I кезең қорытындысы бойынша 4 077 қатысушы II кезеңге жолдама алып, олардың 3 313-і офлайн форматта өткен қорытынды кезеңге қатысты. Екінші кезең еліміздің 17 қаласында қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырылды.

Алматы қаласы бойынша II кезеңге 1 442 талапкер өтіп, олардың 1 173-і финалдық кезеңге қатысты.

Нәтижесінде, 306 үздік қатысушы SDU University-дің 4 жылдық білім гранттарының иегері атанды. Сонымен қатар, бірқатар қатысушыларға 50%, 30% және 15% көлеміндегі оқу жеңілдіктері қарастырылған сертификаттар да табысталды.

Олимпиада қорытындысы бойынша әр кластерде жоғары нәтиже көрсеткен үздік қатысушылар қатарында:

Кластер 9 – Информатика:
Ибрагим Әділ, Сейт Марйам, Ерланұлы Аслан

Кластер 6 – Құқық негіздері:
Нұрпейіс Нұрбек, Бауыржан Әлхам, Көккөзев Әлибек

Кластер 4 – Ағылшын тілі:
Еркін Нұрхан, Өтеген Айдина, Ергенова Диана

Кластер 2 – География:
Ерғали Абдумалик, Әлібек Ажар, Насыров Тамерлан

Кластер 1 – Физика:
Стебляк Евгений, Құттымұрат Батырхан, Сабыржан Санжар

Кластер 3 – Химия-Биология:
Сабитқызы Іңкәр, Сайлау Айлана, Савралы Хантөре

Кластер 7 – Биология:
Қуатбек Жібек, Исмаилова Жамиля, Совет Жансая

Кластер 5 – Әдебиет:
Жексебай Айғаным, Мыңбай Айназым, Досет Нұрай

Кластер 8 – Тарих:
Сейтханов Эльдар, Сагидоллаева Турсынай, Ералиев Шыңғыс

SDU Proficiency Test олимпиадасы жыл сайын талапкерлерге өз әлеуетін көрсетуге мүмкіндік беріп, сапалы білімге жол ашатын маңызды бастамалардың бірі болып табылады.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • 3х4 өлшемінде 3 фото
  • 086 медициналық формасының көшірмесі (Қазақстан Республикасының емханасынан алынған)
  • Жеке куәліктің көшірмесі
  • Төлем туралы құжаттың көшірмесі

Құжаттарыңызды жіберіңіз:

Ұлдар:

Қыздар:

dormserviceboys@sdu.edu.kz

dormservicegirls@sdu.edu.kz

Ұлдар: + 7 702 958 79 10
Қыздар: + 7 702 958 79 11

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: