Shymkent Alumni Meetup 2026: SDU University түлектерінің кездесуі өтті
2026 жылғы 28 наурызда Шымкент қаласында SDU University түлектерінің кездесуі – Shymkent Alumni Meetup 2026 іс-шарасы өтті. Аталған жиынға университеттің әртүрлі факультеттерін тәмамдаған түлектер мен оқу орнының өкілдері қатысты.
Кездесуге SDU University ректоры Әлімжан Игенбаев қатысып, университеттің соңғы жылдардағы жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар, ол оқу орнының даму стратегиясы, жүзеге асырылып жатқан өзгерістер, алдағы жоспарлар мен жаңа бастамалар туралы баяндап, білім беру сапасын арттыру, халықаралық серіктестікті дамыту және alumni қауымдастығын қолдау бағытындағы жұмыстарды атап өтті. Сондай-ақ, түлектермен өзара байланысты нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Іс-шара түлектер үшін студенттік кезеңді еске алып, әр буын өкілдерімен қайта қауышуға, сондай-ақ кәсіби байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік берді. Alumni Meetup достық атмосферада өтіп, қатысушылар арасында нетворкинг орнатуға қолайлы алаң қалыптастырды.
SDU University мұндай кездесулер арқылы түлектермен байланысты нығайтуды және олардың кәсіби дамуына қолдау көрсетуді жалғастыра береді.






