Search Results for: what

SDU University Орталық Азияда IB-дің үш бағдарламасы бойынша толық аккредитация алған алғашқы ЖОО атанды

SDU University Орталық Азияда IB бағдарламалары бойынша толық мойындалған және авторизацияланған алғашқы университет атанды SDU University Орталық Азияда алғаш болып International Baccalaureate (IB) бағдарламасының PYP, MYP және DP деңгейлері бойынша толық мойындалған және авторизацияланған мәртебеге ие болды. Осылайша университет Қазақстанда және ТМД кеңістігінде IB бағдарламалары бойынша толық мойындалған және авторизацияланған мәртебеге ие болған алғашқы жоғары …

SDU University Орталық Азияда IB-дің үш бағдарламасы бойынша толық аккредитация алған алғашқы ЖОО атанды Read More »

SDU University өкілдері ҚазҰУ зертханаларымен танысты

SDU University өкілдері ҚазҰУ зертханаларымен танысты Galym Project қолдауымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми-зерттеу инфрақұрылымында SDU University өкілдеріне арналған таныстыру шарасы өтті. Іс-шараға университеттің профессорлық-оқытушы құрамы қатысып, ҚазҰУ базасындағы робототехника және суперкомпьютерлік зертханалардың жұмыс бағыттарымен, зерттеу мүмкіндіктерімен және соңғы ғылыми жетістіктерімен танысты. Кездесу барысында қатысушылар зертханалардың материалдық-техникалық жабдықталуын көріп, ғылыми жобалардың жүзеге асу барысымен …

SDU University өкілдері ҚазҰУ зертханаларымен танысты Read More »

SDU University ауыл мектептерінің олимпиада жеңімпаздарына 13 грант бөлді

SDU University ауыл мектептерінің олимпиада жеңімпаздарына 13 грант бөлді SDU University ауылдық елді мекендердегі дарынды жастарды қолдау және олардың жоғары білімге қолжетімділігін арттыру мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздарына 13 грант бөлді. Гранттар төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша ұсынылды: 6В01301-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі – 2 6B01601-Тарих-1 6В01504-Информатика (педагогика) -1 6B01501-Математика (педагогика) …

SDU University ауыл мектептерінің олимпиада жеңімпаздарына 13 грант бөлді Read More »

Профессионализация руководителей и сотрудников эндаумент-фондов

Профессионализация руководителей и сотрудников эндаумент-фондов Обучающая программа «Основа эндаументов и фандрайзинга»  Тематическая обзорная программа «Основа эндаументов» разработана для углубления знаний и развития практических навыков топ-менеджмента и сотрудников фондов целевого капитала.  Программа направлена на формирование системного понимания работы эндаумент-фонда и охватывает ключевые процессы — от фандрайзинга и инвестирования до юридического и бухгалтерского сопровождения.  По результатам обучения, …

Профессионализация руководителей и сотрудников эндаумент-фондов Read More »

SDU University студенттері Red Hat компаниясының өкілдерімен кездесті

SDU University студенттері Red Hat компаниясының өкілдерімен кездесті SDU University-де әлемдік деңгейдегі enterprise open source шешімдерінің жетекші әзірлеушілерінің бірі — Red Hat компаниясының өкілдерімен студенттерге арналған кездесу өтті. Кездесу барысында қонақтар компанияның даму тарихымен, open source мәдениетінің негізгі қағидаттарымен таныстырып, заманауи технологиялар мен ашық шешімдердің индустрияның өсуіне ықпалы туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар студенттерге …

SDU University студенттері Red Hat компаниясының өкілдерімен кездесті Read More »

Қазақстандағы эндаумент-қорлардың дамуына серпін: Алматыда IV кәсіби кездесу өтті

Қазақстандағы эндаумент-қорлардың дамуына серпін: Алматыда IV кәсіби кездесу өтті 2025 жылғы 17–18 қараша күндері Алматы Технологиялық университетінде (Almaty Technical University) еліміздің эндаумент-қорлары үшін маңызды алаңға айналған IV кәсіби кездесу өтті. Іс-шара эндаумент-қорларды құру, басқару және инвестициялау тәжірибесіне арналды, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей мамандары арасында кәсіби диалог құруға мүмкіндік берді. Кездесудің маңызды сәттерінің бірі — 17 …

Қазақстандағы эндаумент-қорлардың дамуына серпін: Алматыда IV кәсіби кездесу өтті Read More »

«SDU University үздік оқытушысы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды

«SDU University үздік оқытушысы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды 2025 жылдың 26 қыркүйегі мен 21 қазаны аралығында SDU University-де дәстүрлі «Үздік оқытушы» байқауы өткізілді. Оқытушылардың кәсіби құзыреттілігі мен білім беру саласындағы жетістіктерін танытуға бағытталған бұл байқау университет педагогтарының академиялық және ғылыми әлеуетін арттыруға үлкен серпін берді. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар төмендегідей: 1-орын – Ақпараттық технологиялар …

«SDU University үздік оқытушысы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды Read More »

SDU University студенттері IROS 2025 халықаралық конференциясына қатысты

SDU University студенттері IROS 2025 халықаралық конференциясына қатысты SDU University студенттері USTEM Foundation қорының қолдауымен Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен 2025 жылғы IEEE/RSJ “Intelligent Robots and Systems” (IROS) халықаралық конференциясына қатысты. Аталған ғылыми шара робототехника саласындағы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 8 000-нан астам жетекші ғалымдар, инженерлер және зерттеушілердің басын қосқан ең ірі халықаралық алаңдардың бірі болды. Конференция …

SDU University студенттері IROS 2025 халықаралық конференциясына қатысты Read More »

SDU University-де Республика күніне арналған «Тарих апталығы» өтті

SDU University-де Республика күніне арналған «Тарих апталығы» өтті 25 қазан – Республика күніне орай SDU University-де Тарих және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының ұйымдастыруымен «Тарих апталығы» өткізілді. Апталықтың мақсаты – студенттердің отансүйгіштік рухын нығайту, ұлттық тарих пен мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру және жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген көзқарасын қалыптастыру болды. Апталық бес күнге жалғасты: Бірінші күн …

SDU University-де Республика күніне арналған «Тарих апталығы» өтті Read More »

SDU Extension School орта білім беру мекемелерінің педагогтерін “Жас маман деген…” атты 1 күндік біліктілікті арттыру конференциясына шақырады.

SDU Extension School орта білім беру мекемелерінің педагогтерін “Жас маман деген…” атты 1 күндік біліктілікті арттыру конференциясына шақырады. Конференция аясында білікті мамандар педагогтерге жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану мен заманауи оқыту әдістерін қолдану арқылы оқу сапасын арттыру жолдарын көрсетеді. Сонымен қатар, инклюзивті оқыту әдістерінің көмегімен ерекше қажеттіліктері бар оқушылар үшін қолайлы орта құру және мұғалім …

SDU Extension School орта білім беру мекемелерінің педагогтерін “Жас маман деген…” атты 1 күндік біліктілікті арттыру конференциясына шақырады. Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content