Search Results for: what

SDU University Red Hat Academy Excellence Program 2026 аясында Premier Tier деңгейіне көтерілді

SDU University Red Hat Academy Excellence Program 2026 аясында Premier Tier деңгейіне көтерілді SDU University 2026 жылға арналған Red Hat Academy Excellence Program бағдарламасында Advanced деңгейінен Premier Tier мәртебесіне көтерілгенін мақтанышпен хабарлайды. Бұл — бағдарламадағы ең жоғары деңгей және университетіміздің Red Hat Academy-мен ұзақ мерзімді әрі нәтижелі ынтымақтастығын айқын көрсетеді. Red Hat Academy Excellence Program …

SDU University Red Hat Academy Excellence Program 2026 аясында Premier Tier деңгейіне көтерілді Read More »

SDU University-де «PROF FORUM 2026» және SDU Open Day жоғары деңгейде өтті

SDU University-де «PROF FORUM 2026» және SDU Open Day жоғары деңгейде өтті 2026 жылғы 7 ақпанда SDU University кампусында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен «PROF FORUM 2026 – профориентологтарға арналған форум» және SDU Open Day іс-шаралары табысты өтті. Аталған іс-шаралардың басты мақсаты – кәсіби бағдар беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, мұғалімдер мен профориентологтардың …

SDU University-де «PROF FORUM 2026» және SDU Open Day жоғары деңгейде өтті Read More »

Freedom Holding Corp. SDU University студенттерімен практикалық тәжірибесімен бөлісуде

Freedom Holding Corp. SDU University студенттерімен практикалық тәжірибесімен бөлісуде Freedom Holding Corp. қолдауымен SDU University базасында Cyber Security және Data Science бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда. Бағдарламалар студенттердің практикалық дағдыларын дамытуға және IT-индустрияның нақты талаптарына бейімделуге бағытталған. Киберқауіпсіздік бағыты аясында сабақтарды Freedom Holding Corp. компаниясының тәжірибелі мамандары — Ахат Тукенов, Никита Арсланов және …

Freedom Holding Corp. SDU University студенттерімен практикалық тәжірибесімен бөлісуде Read More »

ICBCB 2026

Жіберу ережелері Конференция Бағыттар Спикерлер Күндер Серіктестер Конференцияға қатысу төлемі ICBCB-2026 мақалалары Конференцияға арналған мақаланы қалай рәсімдеу керек МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ XII КОНФЕРЕНЦИЯ: “Цифрландыру және оқуды трансформациялау дәуіріндегі білім берудің болашағы” 15 – 16 қазан 2026 жыл, Қаскелең, Қазақстан Шолу Конференция туралы Мәдени көпірлерді құруға арналған 12-ші Халықаралық конференция (ICBCB)       SDU …

ICBCB 2026 Read More »

SDU University 2026 жылғы Эдвайзерлерге арналған қысқы семинар

SDU University 2026 жылғы Эдвайзерлерге арналған қысқы семинар SDU University-де эдвайзерлерге арналған “Conversations that Matter — Building Bridges, Not Walls” атты қысқы семинар сәтті өтті. Іс-шараға университеттің 100-ге жуық эдвайзері, мектептердің әлеуметтік мәселелер жөніндегі декан орынбасарлары, сондай-ақ Psychological Support Centre командасы қатысты. Семинар Blue Hall және SDU Life Building алаңдарында ұйымдастырылып, спикерлік сессиялар, практикалық воркшоптар …

SDU University 2026 жылғы Эдвайзерлерге арналған қысқы семинар Read More »

SDU University және Pacific Asian Society ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ресми кездесу өткізді

SDU University және Pacific Asian Society ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ресми кездесу өткізді 2026 жылғы 15 қаңтарда SDU University базасында Pacific Asian Society (PAS) ұйымының өкілдерімен ресми кездесу өтті. Іс-шара халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және білім беру мен ғылыми зерттеулер саласындағы әріптестікті дамытуға бағытталды. Кездесуге SDU University тарапынан Педагогикалық және гуманитарлық ғылымдар мектебінің деканы, доктор Дана Молдабаева, …

SDU University және Pacific Asian Society ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ресми кездесу өткізді Read More »

SDU University Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздарына екі грант табыстады

SDU University Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздарына екі грант табыстады 2026 жылғы 10–15 қаңтар аралығында Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша оқушыларға арналған 22-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (IZhO2026) өтті. Халықаралық білім додасына әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122 жетекші қатысты. Қатысушы елдер қатарында Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, …

SDU University Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздарына екі грант табыстады Read More »

SDU University-де Ruijie Networks компаниясының дәрісі өтті

SDU University-де Ruijie Networks компаниясының дәрісі өтті SDU University-де Ruijie Networks компаниясының техникалық директоры (CTO) XU Jack-тың қатысуымен қонақ дәрісі ұйымдастырылды. Дәріс заманауи әрі тұрақты кампустық желілерді құрудың инновациялық тәсілдеріне арналды. Кездесу барысында желілік технологиялардың даму үрдістері талқыланып, инфрақұрылымдық шығындарды азайтуға, энергия тиімділігін арттыруға және желіні басқаруды оңайлатуға мүмкіндік беретін SOE (Simplified Optical Ethernet) технологиясы …

SDU University-де Ruijie Networks компаниясының дәрісі өтті Read More »

SDU University-де MMS Fest 2025 өтті

SDU University-де MMS Fest 2025 өтті SDU University-де Multimedia Sciences білім беру бағдарламасы студенттерінің оқу нәтижелерін таныстыруға арналған MMS Fest 2025 жыл сайынғы білім беру фестивалі өтті. Фестиваль өнер, дизайн, технология және зерттеу практикаларын біріктіретін ашық академиялық алаң ретінде ұйымдастырылып, ашық емтихан форматында өткізілді. Фестиваль аясында визуалды және мультимедиялық өнер, дизайн-ойлау, цифрлық медиа және эксперименталды …

SDU University-де MMS Fest 2025 өтті Read More »

SDU University МФЦА Академиясының майнор-білім беру бағдарламасы бойынша алғашқы түлектерін шығарды

SDU University МФЦА Академиясының майнор-білім беру бағдарламасы бойынша алғашқы түлектерін шығарды SDU University-де МФЦА Академиясының майнор-білім беру бағдарламасы аясында алғашқы түлектер оқуын аяқтады. «Туынды қаржы құралдары – опциондар» бағыты бойынша қаржы мамандықтарында білім алып жатқан 25 студент сертификат алды. Майнор-білім беру бағдарламалары университетке 2025 жылғы тамыз айында енгізіліп, негізгі оқу бағдарламасын толықтыратын қосымша білім беру …

SDU University МФЦА Академиясының майнор-білім беру бағдарламасы бойынша алғашқы түлектерін шығарды Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content