Search Results for: v

SDU University Summer School on Kazakh & Russian Languages and Central Asia Studies – “Eurasia at Crossroads: Perspectives from Central Asia”

SDU University Summer School on Kazakh & Russian Languages and Central Asia Studies – “Eurasia at Crossroads: Perspectives from Central Asia” Жақында университетте 2 аптаға созылған Summer School шарасы өтті. “Eurasia at Crossroads: Perspectives from Central Asia” тақырыбын арқау еткен жазғы мектепке АҚШ, Германия және Дания мемлекетінен 14 адам қатысты. Шараның басты мақсаты – Орта …

SDU University Summer School on Kazakh & Russian Languages and Central Asia Studies – “Eurasia at Crossroads: Perspectives from Central Asia” Read More »

Кіл мықтылардың таңдауы – SDU University

Кіл мықтылардың таңдауы – SDU University Биыл Республика бойынша 181 мың талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. Конкурс нәтижесі бойынша SDU университетіне 1401 талапкер грантқа түсті. Жаңа оқу жылының басты ерекшелігі – білімімен мыңды жыққан кіл мықтылардың көпшілігі SDU University-ді таңдап отыр. Айта кетсек, соңғы 3 жылда болмаған рекордтық нәтижеге қол жеткізіп, 140 балл жинаған екі …

Кіл мықтылардың таңдауы – SDU University Read More »

140 балл жинаған 2 талапкердің де таңдауы – SDU University

140 балл жинаған 2 талапкердің де таңдауы – SDU University 181 мың талапкер қатысқан бірыңғай ұлттық тестілеуде 140 балл жинап, соңғы үш жылда болмаған рекордты орнатқан Жаннұр Еңсебек пен Айым Ержанова өз құжаттарын SDU университетіне тапсырып отыр. Алматы облысы, Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектебінің түлегі Жаннұр Еңсебек өз таңдауын оқу …

140 балл жинаған 2 талапкердің де таңдауы – SDU University Read More »

SDU University Times Higher Education Impact Rankings 2024 рейтингінде №1001-1500 аралығындағы орнын сақтап қалды

SDU University Times Higher Education Impact Rankings 2024 рейтингінде №1001-1500 аралығындағы орынын сақтап қалды Біз SDU университеттердің БҰҰ-ның Тұрақты Даму бағдарламасына қосқан үлесін бағалайтын THE Impact Rankings 2024 рейтингіне енгенін қуана хабарлаймыз. Биылғы жылы SDU 8 Тұрақты Даму Мақсаттары (ТДМ 1. Кедейлікті жою, ТДМ 3. Жақсы денсаулық және әл-ауқат, ТДМ 4. Сапалы білім беру, ТДМ …

SDU University Times Higher Education Impact Rankings 2024 рейтингінде №1001-1500 аралығындағы орнын сақтап қалды Read More »

SDU university профессор-оқытушылар құрамы Ферғана мемлекеттік университетінің делегациясымен кездесті

SDU university профессор-оқытушылар құрамы Ферғана мемлекеттік университетінің делегациясымен кездесті Кездесудің мақсаты – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» бағдарламалары бойынша студенттерді даярлауда педагогикалық идеялармен алмасу және ынтымақтастық орнату. Ферғана мемлекеттік университетінен Бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі -п.ғ.д, профессор Курбонова Б.К., Мектепке дейінгі білім беру кафедрасының  меңгерушісі – (PhD), доцент Солиев …

SDU university профессор-оқытушылар құрамы Ферғана мемлекеттік университетінің делегациясымен кездесті Read More »

SDU University QS World University Rankings 2025 рейтингінде №1201-1400 аралығындағы позициясын сақтап қалды

SDU University QS World University Rankings 2025 рейтингінде №1201-1400 аралығындағы позициясын сақтап қалды Біз SDU University әлемдік деңгейдегі академиялық жетістігін бағалайтын QS World University Rankings 2025 рейтингінде №1201-1400 аралығындағы орнын сақтап қалғаны туралы қуана хабарлаймыз. 120 қазақстандық университет ішінде тек 21 жоғары оқу орны ғана рейтингтен орын тапты. SDU University Қазақстанның басқа университеттерімен салыстырғанда бірқатар …

SDU University QS World University Rankings 2025 рейтингінде №1201-1400 аралығындағы позициясын сақтап қалды Read More »

SDU University басшылығы Бөкетов зерттеу университетіне арнайы іссапармен барды

SDU University басшылығы Бөкетов зерттеу университетіне арнайы іссапармен барды Жақында Бөкетов университеті “зерттеу университеті” мәртебесін иеленген еді. Ректор Әлімжан Игенбаев білім ошағынның ұжымын бұл үлкен жетістігімен құттықтап, оқу орнының болашағына деген сенімін білдірді. Сапар барысында делегация биология-география, физика-техникалық, педагогикалық және басқа да факультеттерде болып, олардың ғылыми жобалары мен білім беру жүйесімен танысты. Сондай-ақ, заманауи технологиямен …

SDU University басшылығы Бөкетов зерттеу университетіне арнайы іссапармен барды Read More »

SDU University жылдың ең ауқымды жәрмеңкесін өткізді

SDU University жылдың ең ауқымды жәрмеңкесін өткізді SDU University қауымдастығы су тасқынынан зардап шеккен аймаққа көмек көрсету мақсатында ауқымды Grand жәрмеңкесін ұйымдастырды. Ауқымы рекордтық көрсеткішке жеткен жәрмеңкеге 7 мыңға жуық адам қатысты. Университет қызметкерлері мен студенттері қолдан әзірлеген бұйымдар мен тәттілерді, асханалар желісі кондитерлік өнімдерін ұсынды. Шара барысында аукцион ұйымдастырылып, университет меншігіндегі құнды бұйымдар қымбат …

SDU University жылдың ең ауқымды жәрмеңкесін өткізді Read More »

Freedom Шапағат SDU University студенттеріне арнап жаңа оқу блогын салады

Freedom Шапағат SDU University студенттеріне арнап жаңа оқу блогын салады Бүгін SDU университетінде Freedom Holding Corp. қолдауымен салынатын жаңа блоктың іргетасын қалау рәсімі өтті. Жаңа блоктың іргетасын қалау рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов қатысты. Жалпы ауданы 5600 шаршы метрден асатын аумақта заманауи оқу ғимараты салынады, бұл …

Freedom Шапағат SDU University студенттеріне арнап жаңа оқу блогын салады Read More »

SDU University студенттері корей мәдениеті күнін атап өтті

SDU University студенттері корей мәдениеті күнін атап өтті Береке-бірлігі жарасқан еліміз ұлттар достығына ерекше мән береді. Әр ұлттың мәдениеті – ерекше бір әлем. Әсіресе қазіргі жаһандану заманында өзге ұлттың өмір салты мен мәдениетіне қызығушылық танытушылардың қатары артып келеді. Осы ретте, SDU университетінің кәріс тілін меңгеріп жатқан бір топ студент кәріс мәдениеті күніне арналған мерекелік іс-шара …

SDU University студенттері корей мәдениеті күнін атап өтті Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content