Search Results for: v

SDU University THE Impact Rankings 2025 тізімінде

SDU University THE Impact Rankings 2025 тізімінде SDU University әлемнің 2 318-ден астам жоғары білім беру мекемелері арасында THE Impact Rankings 2025 жаһандық рейтингінде 1001–1500 орын аралығынан өз орнын қайта иеленгенін мақтанышпен хабарлайды. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (Sustainable Development Goals – SDGs) аясындағы бұл рейтинг жоғары оқу орындарының әлеуметтік, экологиялық және экономикалық тұрақтылық бағытындағы жаһандық …

SDU University THE Impact Rankings 2025 тізімінде Read More »

SDU University студенттеріне арналған мүмкіндік!

SDU University студенттеріне арналған мүмкіндік! Сізде экотехнологиялық немесе цифрлық салада стартап бар ма? Немесе инновациялық идеяны жүзеге асырғыңыз келе ме? Онда “Startup School 3: Green and Digital Silk Road” халықаралық акселерация бағдарламасына қатысуға өтініш беріңіз! Тіркеу 2025 жылдың 1-ші тамызына дейін! Бағдарлама Орталық Азия мен Жібек жолы елдеріндегі стартаптарды дамытуға арналған. Бағдарламаның мақсаты: Экотехнологиялық және …

SDU University студенттеріне арналған мүмкіндік! Read More »

SDU University және Teach For Qazaqstan ұйымының серіктестігі: болашақ мұғалімдерді нарық сұранысына сай дайындау

SDU University және Teach For Qazaqstan ұйымының серіктестігі: болашақ мұғалімдерді нарық сұранысына сай дайындау SDU University-дің Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті болашақ педагогтардың кәсіби дамуына бағытталған EDU Career дуалды білім беру бағдарламасының дайындық кезеңі — EDU Career Incubator жобасын сәтті жүзеге асырды. Аталған бастаманы Teach For Qazaqstan ұйымы қолдап, жобаның маңызды серіктесіне айналды. 2025 жылғы …

SDU University және Teach For Qazaqstan ұйымының серіктестігі: болашақ мұғалімдерді нарық сұранысына сай дайындау Read More »

SDU University-ге Explorance өкілі ресми сапармен келді

SDU University-ге Explorance өкілі ресми сапармен келді SDU University қазіргі таңда Explorance компаниясының Blue платформасымен жүйелі интеграциялау жұмысын бастап, оны ішкі ақпараттық жүйелерге енгізу үстінде. Explorance Blue — әлемнің жетекші университеттері қолданатын, бағалау мен деректерді талдау негізінде шешім қабылдауға мүмкіндік беретін инновациялық және автоматтандырылған есептер платформасы болып табылады. Бұл платформа оңтайылы жинап, жиналған деректер жасанды …

SDU University-ге Explorance өкілі ресми сапармен келді Read More »

SDU University Ұлыбритания, Хорватия, Латвия және Чехия университеттерімен халықаралық ынтымақтастықты арттыруда

SDU University Ұлыбритания, Хорватия, Латвия және Чехия университеттерімен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде 2025 жылдың 16 мамырында SDU University Ұлыбритания, Хорватия, Латвия және Чехияның жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – халықаралық академиялық байланыстар орнату және білім беру мен ғылыми бағыттарда бірлескен бастамаларды дамыту. Қонақтар қатарында келесі университеттердің өкілдері болды: Algebra Bernays University (Хорватия) …

SDU University Ұлыбритания, Хорватия, Латвия және Чехия университеттерімен халықаралық ынтымақтастықты арттыруда Read More »

SDU University қабырғасында SDSN KAZAKHSTAN конференциясы өтті

SDU University қабырғасында SDSN KAZAKHSTAN конференциясы өтті 16 мамыр күні SDU University-де «Тұрақты даму және тұрақтылықты қалыптастырудағы әріптестік пен ынтымақтастық» тақырыбында SDSN Kazakhstan ұйымының үшінші конференциясы өтті. Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын (SDGs) жүзеге асыру жолында ғылыми қауымдастық, мемлекеттік сектор және халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды. Конференция аясында жаһандық және ұлттық деңгейдегі …

SDU University қабырғасында SDSN KAZAKHSTAN конференциясы өтті Read More »

SDU University-де Fortinet зертханасының ашылуы: заманауи ақпараттық қауіпсіздік білім беру бағытындағы маңызды қадам

SDU University-де Fortinet зертханасының ашылуы: заманауи ақпараттық қауіпсіздік білім беру бағытындағы маңызды қадам 15 мамыр күні SDU University-де желілік және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі — Fortinet компаниясының зертханасы салтанатты түрде ашылды. Ашылу рәсімінде лентаны Академиялық істер жөніндегі проректор Андрей Богданчиков пен Fortinet компаниясының Қазақстандағы өкілі Елжан Насипов қиды. Зертхананың ашылуы Fortinet компаниясының Қазақстандағы …

SDU University-де Fortinet зертханасының ашылуы: заманауи ақпараттық қауіпсіздік білім беру бағытындағы маңызды қадам Read More »

SDU University мен KazNARU арасындағы «Биоинформатика» бойынша бірлескен бағдарлама

SDU University мен KazNARU арасындағы «Биоинформатика» бойынша бірлескен бағдарлама SDU University Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетімен бірлескен «Биоинформатика» білім беру бағдарламасы аясындағы академиялық ынтымақтастықтың жүзеге асатынын қуана хабарлайды. Бағдарлама биологиялық деректерді заманауи цифрлық технологиялар арқылы талдауға қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Ынтымақтастық аясында Аграрлық университеттің студенттері SDU-да бір академиялық семестр оқып, негізгі пәндер бойынша білім …

SDU University мен KazNARU арасындағы «Биоинформатика» бойынша бірлескен бағдарлама Read More »

SDU University-де “Журналист болғым келеді” IV Республикалық эссе байқауы өтті

SDU University-де “Журналист болғым келеді” IV Республикалық эссе байқауы өтті 2–3 мамыр күндері SDU University қабырғасында “Журналист болғым келеді” атты IV Республикалық эссе байқауы өткізілді. Аталмыш байқау жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен келген мектеп оқушыларына журналистика саласына алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді. Биылғы байқаудың бірінші кезеңіне 346 оқушы тіркеліп, олардың ішінен 153 оқушы екінші кезеңге жолдама …

SDU University-де “Журналист болғым келеді” IV Республикалық эссе байқауы өтті Read More »

SDU University докторанты PhD дәрежесін алды

SDU University докторанты PhD дәрежесін алды SDU University үлкен қуанышпен «6D070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша PhD бағдарламасының докторанты – Мералиев Мерарыслан – оқуын сәтті аяқтап, ғылыми дәрежеге ие болғаны туралы хабарлайды. Жас ғалым жоғары академиялық дайындық пен ғылыми-зерттеу қызметіне деген табандылығын айқын көрсетті. Оның болашақтағы кәсіби жолы еліміздің ғылыми әлеуетін …

SDU University докторанты PhD дәрежесін алды Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content