Search Results for: v

Эдвайзерлерге арналған қысқы семинар

Эдвайзерлерге арналған қысқы семинар Жақында университетімізде эдвайзерлерге арналған “Mentorship matter – A Pathway to Excellence“ атты қысқы семинар өткізілді. Бұл шараның мақсаты — эдвайзерлердің шеберліктерін арттыру, жаңа көзқарастар мен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін ұсыну. Семинар барысында бірнеше ерекше бөлімдер ұйымдастырылды, олар қатысушыларға үлкен пайда әкелді. Семинардың ерекшеліктері: Advisor Talks: Тәжірибелі мамандар мен сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, …

Эдвайзерлерге арналған қысқы семинар Read More »

17 мамандық “Атамекен” ҰҚП рейтингінде ТОП-10 тізіміне енді

17 мамандық “Атамекен” ҰҚП рейтингінде ТОП-10 тізіміне енді ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» 2024 жылғы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингісінің нәтижелерін жариялады. Бұл рейтинг Қазақстандағы білім беру сапасының маңызды көрсеткіші болып табылады. Рейтингте Университеттің 19 білім беру бағдарламасы бағаланды және жоғары көрсеткіштерге ие болды. Нәтижелер Университет бағдарламаларының сапасы мен түлектерінің қазіргі еңбек нарығының …

17 мамандық “Атамекен” ҰҚП рейтингінде ТОП-10 тізіміне енді Read More »

Вакантты гранттар

Вакантты гранттар Құрметті білімгер, босаған білім беру грантына өтініш қабылдаймыз.Бекітілген файлда мамандықтар бойынша бос гранттың орындары көрсетілген. Өтініш беру шарттары: 1. Өтінішті ақылы негізде оқитын білімгер ғана бере алады;2. Барлық оқу кезеңіндегі ең төменгі орташа балл 2,5-тен жоғары болуы керек;3. “F” бағалары бар білімгер қатысуға жіберілмейді;4. Өтініш төменде тіркелген файлда берілген үлгіге сәйкес берілуі керек. …

Вакантты гранттар Read More »

PhD дәрежесін алу үшін диссертация қорғау туралы хабарландыру

«SDU University» мекемесінде «6D070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Мералиев Мерарыслан Мерруслановичтың «Neural Combinatorial Optimization for Vehicle Routing Problem with Drones» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.  Ресми рецензенттер:  Мамырбаев Оркен Жумажанович – «6D070300 – Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша PhD докторы, «Компьютерлік ғылымдар және информатика» мамандығы …

PhD дәрежесін алу үшін диссертация қорғау туралы хабарландыру Read More »

Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы

Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпаздары белгілі болды. Республикалық конкурстық комиссия өз мамандығы бойынша ең үздік оқытушыларды таңдады. Конкурсқа еліміздің 90 жоғары оқу орнынан барлығы 946 үміткер қатысты. Қазақстандық 38 жоғары оқу орнының 150 оқытушысы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақы алады, бұл шамамен 7 млн теңгені …

Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы Read More »

Multimedia Fest 2024

Multimedia Fest 2024 SDU, Narxoz, AlmaU және KazGASA студенттері өздері жасап шығарған жобаларының көрмесін өткізді. Бұл жұмыстар — олардың оқуы мен шығармашылық тәсілінің нәтижесі, болашақ индустрия көшбасшыларының лайықты үлгісі! Үздік спикерлер қатарында:🔹 Салтанат Бердіқұлова —  индустриялық жобаларды жүзеге асырудағы AlmaU тәжірибесі.🔹 Василий Терентьев (PRO VR) — ИИ көмегімен оқытудағы революция.🔹 Дәурен Тасбулатов — Тәңірлік мәдениеттің …

Multimedia Fest 2024 Read More »

Halyk Bank жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Halyk Bank жаңа мүмкіндіктер ұсынады SDU University мекемесінің әлеуметтік осал топтарға жататын дарынды студенттеріне олардың білім алуына қолдау көрсету үшін оқу ақысына жеңілдік байқауына қатысу мүмкіндігі бар екенін қуана хабарлаймыз! Конкурсқа қатысу үшін, https://forms.gle/g2EsZTgZzUtXbvA8A сілтемесі арқылы ақпаратты толтырып, дәлелдеуші құжаттар, мотивациялық хат, эдвайзер мінездемесін 29.12.2024 күніне дейін тіркеу қажет. Конкурс нәтижесі 31.12.2024 күні университеттің ресми …

Halyk Bank жаңа мүмкіндіктер ұсынады Read More »

15 оқушы SDU грантын жеңіп алды

15 оқушы SDU грантын жеңіп алды 22 қараша күні Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында XVIІ Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінің жабылу салтанаты өтті. Білім бәйгесінде үздік нәтиже көрсеткен оқушылар арнайы марапаттарға ие болды. Жаратылыстану-математика бағыты бойынша 4 оқушы SDU University грантын жеңіп алды. Сондай-ақ, Ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасының үздік 11 қатысушысына да дәл осындай …

15 оқушы SDU грантын жеңіп алды Read More »

DC Математика

Математика Диссертациялық кеңестердің құрамы Даирбеков Нурлан Слямханович – Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Диссертациялық кеңестің төрағасы. Жарияланымдар: Web of Science және Scopus сияқты халықаралық мәліметтер базасында индекстелген жетекші журналдардағы 33-тен астам ғылыми мақалалардың авторы.  Зерттеу бағыты: Талдау, геометрия және топология   Исмаилов Нурлан Аманкелдиевич – PhD, қауымдастырылған профессор, Диссертациялық кеңес төрайымының орынбасары. Жарияланымдар: Web of Science …

DC Математика Read More »

Қытайдың 7 университетімен серіктестік – жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Қытайдың 7 университетімен серіктестік – жаңа мүмкіндіктерге жол ашады Жақында SDU университетінің делегациясы “Аспан асты еліне” сапар шегіп, Қытайдың үздік оқу орындарымен танысып қайтты. Нәтижесінде, беделді 7 университетпен әріптестік қарым-қатынас орнатылды. Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестік – біздің университет үшін стратегиялық маңызды бағыт. Бұл ынтымақтастық білім беру және ғылыми зерттеулер саласында халықаралық тәжірибе алмасуға, …

Қытайдың 7 университетімен серіктестік – жаңа мүмкіндіктерге жол ашады Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content