Search Results for: us

Academic Publishing Bootcamp 2024

ACADEMIC PUBLISHING BOOTCAMP 2025 “Organized by SDU University in collaboration with Galym project“ .                23-29 маусым, 2025, Қаскелең Bootcamp жайлы Бағыттары Лекция тақырыптары Маңызды күндер Шақырылған спикерлер Bootcamp бағдарламасы Ұйымдастыру комитеті Байланыс Bootcamp жайлы Academic Publishing Bootcamp – PhD докторанттардың ғылыми жазу және зерттеу жасау дағдыларын жетілдіру мен …

Academic Publishing Bootcamp 2024 Read More »

Дата журналистика

Қош келдіңіз Факультет жайлы Деканның ресми жолдауы Бағдарламалар Бакалавриат Халықаралық қатынастар Қолданбалы құқық Халықаралық құқық Мультимедиа және Тележурналистика Мемлекеттік басқару құқығы Магистратура Ақпараттық технологиялар құқығы Жеке құқық Дата журналистика Медиа зерттеулері және Журналистика Докторантура Қолданбалы құқық Байланыс үшін Дата журналистика Деңгей Әлеуметтік ғылымдар магистрі Ұзақтығы 2 жыл ECTS 120 Туыстас мамандықтар ЖурналистикаҚоғаммен байланысБаспа ісі БАХТИЯР …

Дата журналистика Read More »

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы 2024

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы 2024 Құрметті  студенттер! 2024-2025 оқу жылының күзгі семестріне Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қаржыландыруы есебімен өткізілетін  академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау мерзімі ашылды. Іс сапар шығындарын, тұру, сақтандыру және виза жасау жөнінде консулдық алымдарды қаржыландыруды ҚР Ғылым және жоғары білім қамтамасыз етеді. Еуропа – 5; АҚШ – 1; ОША …

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы 2024 Read More »

SDU University Индонезияның жетекші университетімен серіктестік орнатты

SDU University Индонезияның жетекші университетімен серіктестік орнатты Кеше SDU University Индонезияның Airlangga университетінен келген қонақтарды қабылдады. Аталған жоғарғы оқу орны халықаралық QS рейтингісінде үздік 350 университтетінің қатарында. SDU білім ордасымен тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында Airlangga университетінен білікті профессор Muhammad Miftahussurur мен халықаралық қатынастар офисінің директоры Aprilla Putri Pradana келді. Шетелдік қонақтарды ректор Әлімжан Игенбаев қарсы …

SDU University Индонезияның жетекші университетімен серіктестік орнатты Read More »

Ғылым мен бизнестің симбиозы

Ғылым мен бизнестің симбиозы 26 қаңтар күні SDU университетінде ғылыми жетістікті нәтижелі бизнеске айналдыру мәселелерін арқау еткен семинар өтті. Шараның спикері ретінде NU жанындағы “Astana Business Campus” бизнес-акселераторының директоры Болат Сұлтанғазин сөз сөйледі. Семинарда коммерцияландырудың әртүрлі аспектілері, соның ішінде soft skills, инженерлік персоналдың, адами капиталдың және ғылыми-зерттеу инфрақұрылымының жетістігі туралы зерттеулер талқыланды. Шара барысында жобалар …

Ғылым мен бизнестің симбиозы Read More »

Босаған мемлекеттік гранттар

Босаған мемлекеттік гранттар Құрметті студенттер босаған мемлекеттік гранттарға өтініш қабылдаймыз. Төмендегі бекітілген файлда мамандықтар бойынша бос гранттың орындары көрсетілген.  Өтініш беру шарттары: Ақылы форматта оқитын білімгерлер қатыса алады;   Барлық оқу кезеніндегі  GPA көрсеткіштері 2,5 тен жоғары білімгерлер өтініш білдіре алады; F бағасы бар білімгерлер қатыса алмайды; Өтінішті бекітілген файлдағы үлгіге сәйкес жіберуіңіз керек. Міндетті түрде Ваканттық грант 2024 гугл форма сілтемесін дұрыс толтыру …

Босаған мемлекеттік гранттар Read More »

Қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атағын алу

Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуға А. У. Дәулетқұлованың кандидатурасын ұсыну туралы Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуға С. Т. Қожахметтің кандидатурасын ұсыну туралы Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуға Богданчиков А. кандидатурасын ұсыну туралы Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуға Туран Дж. кандидатурасын ұсыну туралы

IRN AP19679071

Әділетті, адам құқықтары принциптері мен құндылықтарын құрметтейтін және қуатты Қазақстанды құру (әлеуметтік әділеттілік, инклюзив бірегейлік, деколониалдық көзқарас) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіIRN № AP19679071 Жоба мақсаты Әділетті және қуатты мемлекетті құру жолдарын тұжырымдау болып табылады, бұл үшін институттандырылған әлеуметтік әділеттілікке, эгалитарлық түсініктегі республика ұғымына (бұл құрылымдық деңгейдегі кедейлікті жоюды, денсаулық құқығы, денсаулық сақтау …

IRN AP19679071 Read More »

Компьютелік ғылымдар мамадығының студенттері Google ұйымдастырған жарыста жеңіске жетті

Компьютелік ғылымдар мамадығының студенттері Google ұйымдастырған жарыста жеңіске жетті Кеше Google компаниясының ұйымдастыруымен халықаралық Google Dev Fest Almaty 2023 шарасы өтті. Айтулы шараға әлемнің түкпір-түкпірінен келген Google сарапшылары қатысты. Конференция үш тректе өтті: Dev, AI, Startup және Android әлеміндегі жаңартулар қамтылды. Сондай-ақ, Ideathon екі жоба бойынша жүргізілді: Open Banking және Digital tenge. Онда нарықтық пайдалану …

Компьютелік ғылымдар мамадығының студенттері Google ұйымдастырған жарыста жеңіске жетті Read More »

SDU University: 2023 жылдың айтулы 10 жетістігі

SDU University: 2023 жылдың айтулы 10 жетістігі 2023 жыл біздің университетіміз үшін нәтижелі, жетістікке толы жыл болды. Биылғы жылдың ең үздік 10 жетістігіне тоқтала кетейік: QS World University Rankings 2024. SDU University QS World University Rankings 2024 рейтингіне кірді, онда №1201-1400 орын арасында орналасты. Қазақстандық 120 жоғары оқу орнының тек 21 жоғары оқу орны ғана …

SDU University: 2023 жылдың айтулы 10 жетістігі Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content