Search Results for: i

SDU University THE Impact Rankings 2025 тізімінде

SDU University THE Impact Rankings 2025 тізімінде SDU University әлемнің 2 318-ден астам жоғары білім беру мекемелері арасында THE Impact Rankings 2025 жаһандық рейтингінде 1001–1500 орын аралығынан өз орнын қайта иеленгенін мақтанышпен хабарлайды. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (Sustainable Development Goals – SDGs) аясындағы бұл рейтинг жоғары оқу орындарының әлеуметтік, экологиялық және экономикалық тұрақтылық бағытындағы жаһандық …

SDU University THE Impact Rankings 2025 тізімінде Read More »

STEM LEADERSHIP

Қош келдіңіз Факультет жайлы Деканның ресми жолдауы Бағдарламалар Бакалавриат Химия Физика Информатика Математика Аударма ісі Екі шет тілі Қолданбалы филология Педагогика және психология Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Әлеуметтік педагогика Қазақ тілі және әдебиеті Тарих Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (IP) Магистратура Физика Математика Химия Екі шет тілі Биология …

STEM LEADERSHIP Read More »

TOWNHALL MEETING 2025

TOWNHALL MEETING 2025 18 маусым күні SDU University-де қызметкерлер мен университет әкімшілігінің басын қосқан  TOWNHALL MEETING 2025 шарасы өтті. Кездесу барысында университет ректоры 2024–2025 оқу жылындағы негізгі нәтижелер мен жетістіктерге тоқталды. Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен стратегиялық басымдықтар таныстырылды. Университет басшылығы қызметкерлердің ұсыныстары мен пікірлерін тыңдап, өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасты. Бұл …

TOWNHALL MEETING 2025 Read More »

SDU University студенттеріне арналған мүмкіндік!

SDU University студенттеріне арналған мүмкіндік! Сізде экотехнологиялық немесе цифрлық салада стартап бар ма? Немесе инновациялық идеяны жүзеге асырғыңыз келе ме? Онда “Startup School 3: Green and Digital Silk Road” халықаралық акселерация бағдарламасына қатысуға өтініш беріңіз! Тіркеу 2025 жылдың 1-ші тамызына дейін! Бағдарлама Орталық Азия мен Жібек жолы елдеріндегі стартаптарды дамытуға арналған. Бағдарламаның мақсаты: Экотехнологиялық және …

SDU University студенттеріне арналған мүмкіндік! Read More »

SDU University және Teach For Qazaqstan ұйымының серіктестігі: болашақ мұғалімдерді нарық сұранысына сай дайындау

SDU University және Teach For Qazaqstan ұйымының серіктестігі: болашақ мұғалімдерді нарық сұранысына сай дайындау SDU University-дің Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті болашақ педагогтардың кәсіби дамуына бағытталған EDU Career дуалды білім беру бағдарламасының дайындық кезеңі — EDU Career Incubator жобасын сәтті жүзеге асырды. Аталған бастаманы Teach For Qazaqstan ұйымы қолдап, жобаның маңызды серіктесіне айналды. 2025 жылғы …

SDU University және Teach For Qazaqstan ұйымының серіктестігі: болашақ мұғалімдерді нарық сұранысына сай дайындау Read More »

SDU университеті беделді FIBAA институционалдық аккредитациясына ие болды

SDU университеті беделді FIBAA институционалдық аккредитациясына ие болды SDU University FIBAA Аккредитация және Сертификация Комитетінің институционалдық аккредитациясынан сәтті өткендігін қуана хабарлаймыз. Бұл мәртебе 6 жылға жарамды. Маңызды жетістік SDU-дың білім беру, академиялық басқару және үздіксіз даму салаларындағы халықаралық сапа стандарттарына берік ұстанымын көрсетеді. Осы жетістікке орай, университетке FIBAA сапа мөртаңбасы табысталды. FIBAA — жоғары білім …

SDU университеті беделді FIBAA институционалдық аккредитациясына ие болды Read More »

SDU University-ге Explorance өкілі ресми сапармен келді

SDU University-ге Explorance өкілі ресми сапармен келді SDU University қазіргі таңда Explorance компаниясының Blue платформасымен жүйелі интеграциялау жұмысын бастап, оны ішкі ақпараттық жүйелерге енгізу үстінде. Explorance Blue — әлемнің жетекші университеттері қолданатын, бағалау мен деректерді талдау негізінде шешім қабылдауға мүмкіндік беретін инновациялық және автоматтандырылған есептер платформасы болып табылады. Бұл платформа оңтайылы жинап, жиналған деректер жасанды …

SDU University-ге Explorance өкілі ресми сапармен келді Read More »

SDU Extension School: Foundation бағдарламасының студенттері оқу жылын сәтті аяқтады

SDU Extension School: Foundation бағдарламасының студенттері оқу жылын сәтті аяқтады SDU Extension School Foundation бағдарламасының биылғы студенттері оқу жылын табысты аяқтады! Бұл – үлкен еңбек пен табандылықтың нәтижесі. Дайындық барысында студенттер ағылшын тілін терең меңгеріп, жалпы көлемі 450 сағаттық тілдік курсты сәтті аяқтады. Сонымен қатар, олар бакалавриат деңгейіндегі кейбір пәндермен танысып, болашақ мамандықтарына алғашқы қадамдарын …

SDU Extension School: Foundation бағдарламасының студенттері оқу жылын сәтті аяқтады Read More »

SDU University Ұлыбритания, Хорватия, Латвия және Чехия университеттерімен халықаралық ынтымақтастықты арттыруда

SDU University Ұлыбритания, Хорватия, Латвия және Чехия университеттерімен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде 2025 жылдың 16 мамырында SDU University Ұлыбритания, Хорватия, Латвия және Чехияның жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – халықаралық академиялық байланыстар орнату және білім беру мен ғылыми бағыттарда бірлескен бастамаларды дамыту. Қонақтар қатарында келесі университеттердің өкілдері болды: Algebra Bernays University (Хорватия) …

SDU University Ұлыбритания, Хорватия, Латвия және Чехия университеттерімен халықаралық ынтымақтастықты арттыруда Read More »

SDU University қабырғасында SDSN KAZAKHSTAN конференциясы өтті

SDU University қабырғасында SDSN KAZAKHSTAN конференциясы өтті 16 мамыр күні SDU University-де «Тұрақты даму және тұрақтылықты қалыптастырудағы әріптестік пен ынтымақтастық» тақырыбында SDSN Kazakhstan ұйымының үшінші конференциясы өтті. Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын (SDGs) жүзеге асыру жолында ғылыми қауымдастық, мемлекеттік сектор және халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды. Конференция аясында жаһандық және ұлттық деңгейдегі …

SDU University қабырғасында SDSN KAZAKHSTAN конференциясы өтті Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content