Search Results for: i

Менеджмент

Менеджмент Магистратура Менеджмент Бұл бағдарлама әлемдік бизнестің хал-ахуалы мен соңғы үрдістерін терең түсініп, зерттеу жүргізуге жол ашады. Тыңдаушылар мәдениаралық дағдылар мен кәсіпкерлікке қажет әмбебап қасиеттерін дамытатын болады. Магистратураның осы бағдарламасының түлектері әлем бойынша танымал корпорациялар мен компанияларда тәжірибеден өтіп, жұмысын бастауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ түлектер шағын және орта бизнес кәсіпорындарының иесілері, отандық компаниялардың тәжірибесімен танысады. …

Менеджмент Read More »

Экономика

Экономика Магистратура Экономика Бұл бағдарлама теориялық дайындық пен тәжірибені ұштастыра отырып математикалық қабілеттерді, экономикалық зерттеулер жүргізу дағдыларын дамытуды үйретеді. Біз үйрететін теория түлектерге жүйелі түрде ойлануға, ал тәжірибе жылдам әрі оңтайлы экономикалық шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді. Экономикада қолданылатын әдістерді білу проблемалардың ауқымын математикалық бағалауға, сондай-ақ қабылданған шешімдердің салдарын есептеуге көмектеседі.  Толық бағдарлама Деңгей Master of …

Экономика Read More »

Магистратура және Докторантура

Бағдарламалар Оқуға түсу Маңызды даталар Реквизит Байланыс Онлайн құжат тапсыру Магистратура және Докторантура Бағдарламалар Сіздерді СДУ магистратурасы мамандықтарының виртуалды Ашық есік күніне шақырамыз! Ақпараттық сессия барысында магистратурадағы білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптар, оқуға түсу процесі, стипендиялар, зерттеу мүмкіндіктері, кампустағы өмір туралы толық ақпарат аласыздар. Сондай-ақ қабылдау комиссиясының профессорлары мен қызметкерлеріне сұрақтарыңызды қоя аласыздар. Күні мен …

Магистратура және Докторантура Read More »

Cапа мониторинг

Сапаны басқару құрылымы Сапаны қамтамасыз ету комитеті Сапаны қамтамасыз ету комитеті Университеттің білім беру және әкімшілік үдерістерінің сапасын, тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруда басты рөл атқарады, сонымен қатар, Университеттің беделі мен бизнес-үдерістерінің нығаюына ықпал етеді. Комитеттің құрамына академиялық және әкімшілік қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімдердің өкілдері кіреді. Комитеттің негізгі міндеттері: Университеттің сапаны қамтамасыз ету саясатын жүзеге …

Cапа мониторинг Read More »

Академиялық ережелер

Академиялық ережелер Университетіміздің академиялық ережелері келесі сілтемеде көрсетілген: https://pms.sdu.edu.kz/index.php?mod=rules Қызметкерлеріміз бен жауапкершілігіміз Білім беру процесстерін автоматтандыру  Білім беру сапасын көтеру  Білім алу сапасын көтеру  Білім беру процессін жаңарту  Біркелкі Білім беруді басқару жүйесі  Электронды лицензия беру  Білім беру саласындағы жаңашылдықтар мен инновациялар тақырыбындағы семинарлар мен оқыту сессияларын жүйелі ұйымдастыру арқылы магистратура студенттерінің (Жас ғалымдар кеңесі) кәсіби …

Академиялық ережелер Read More »

Сапа мониторинг департаменті

САПАНЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ SDU University жан-жақты және үздіксіз дамып отыратын Сапаны басқару жүйесі арқылы жоғары сапалы білім беруге ұмтылады. Үздіксіз жетілдіру мәдениетіне негізделген бұл жүйе оқу үдерістерін, ғылыми зерттеулерді және қоғаммен байланыс қызметін қамти отырып, Университеттің қызметі ұлттық және халықаралық стандарттарға толық сай болуын қамтамасыз етеді. Университеттің Сапаны басқару жүйесі келесі негізгі басымдықтарды көздейді: Білім …

Сапа мониторинг департаменті Read More »

Қайырымдылық қор

Біз туралы Студенттердің жетістіктері Қолдау бағдарламалары Байланысу Қайырымдылық жасаңыз Қайырымдылық жасаңыз Біз туралы Сулейман Демирел университетінің миссияларының ең маңызды және басым бағыттарының бірі – қайырымдылық, демеушілік қорлар, қайырымдылық ұйымдары және қаражат жинау іс-шаралары. Біздің университет түлектерден, студенттердің ата-аналарынан, бизнес-қауымдастықтардан және біздің миссиямызды жоғары бағалайтын басқа да ұйымдардан қайырымдылық көмекті зор бағалайды. Қайырымдылық университетке өз миссиясын …

Қайырымдылық қор Read More »

Cтуденттерге қызмет көрсету

Пошта Университетіміздің әр студентіне Google G Suite аккаунты ашылады. Бұл аккаунт студенттің ресми университеттік электронды поштасына байланған. Университеттегі пошта барлық қызметкерлер мен студенттерге сенімді, кәсіби, нақты қызмет көрсетеді. Бұл қызмет барлық ішкі және сыртқы пошта қызметін қамтып, университет қызметкерлеріне алда жоспарланған іс-шаралар, академиялық жоспарлар, басқа да ақпаратты жеткізеді. Пошта қызметінің барлық Google G Suite арқылы жүргізіледі. Әрбір …

Cтуденттерге қызмет көрсету Read More »

Қызметкерлерге қызмет көрсету

Пошта Университетіміздің әр қызметкеріне Google G Suite аккаунты ашылады. Бұл аккаунт студенттің ресми университеттік электронды поштасына байланған. Университеттегі пошта барлық қызметкерлер мен студенттерге сенімді, кәсіби, нақты қызмет көрсетеді. Бұл қызмет барлық ішкі және сыртқы пошта қызметін қамтып, университет қызметкерлеріне алда жоспарланған іс-шаралар, академиялық жоспарлар, басқа да ақпаратты жеткізеді. Пошта қызметінің барлық Google G Suite арқылы жүргізіледі. Әрбір …

Қызметкерлерге қызмет көрсету Read More »

Ақпараттық технологиялар департаменті

Ақпараттық технологиялар департаменті – университетіміздің ақпарат және технология орталығы болып табылады. Департамент университеттің компьютерлік зертханаларын, аудиториялардағы техниканы, қашықтан оқыту және кампустағы байланыстың жұмысын қадағалап қызмет көрсетеді.  Біздің міндетіміз – оқыту, білім алу, ғылым және корпоративті сервистерді басқару арқылы қауіпсіз, сенімді әрі қолжетімді қызмет көрсету болып табылады.  Негізгі қызмет сервистері төмендегі сілтемелерде қысқаша сипатталған. Кейбір сервистер …

Ақпараттық технологиялар департаменті Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content