Search Results for: i

Halyk Bank жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Halyk Bank жаңа мүмкіндіктер ұсынады SDU University мекемесінің әлеуметтік осал топтарға жататын дарынды студенттеріне олардың білім алуына қолдау көрсету үшін оқу ақысына жеңілдік байқауына қатысу мүмкіндігі бар екенін қуана хабарлаймыз! Конкурсқа қатысу үшін, https://forms.gle/g2EsZTgZzUtXbvA8A сілтемесі арқылы ақпаратты толтырып, дәлелдеуші құжаттар, мотивациялық хат, эдвайзер мінездемесін 29.12.2024 күніне дейін тіркеу қажет. Конкурс нәтижесі 31.12.2024 күні университеттің ресми …

Halyk Bank жаңа мүмкіндіктер ұсынады Read More »

15 оқушы SDU грантын жеңіп алды

15 оқушы SDU грантын жеңіп алды 22 қараша күні Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында XVIІ Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінің жабылу салтанаты өтті. Білім бәйгесінде үздік нәтиже көрсеткен оқушылар арнайы марапаттарға ие болды. Жаратылыстану-математика бағыты бойынша 4 оқушы SDU University грантын жеңіп алды. Сондай-ақ, Ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасының үздік 11 қатысушысына да дәл осындай …

15 оқушы SDU грантын жеңіп алды Read More »

DC Математика

Математика Диссертациялық кеңестердің құрамы Даирбеков Нурлан Слямханович – Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Диссертациялық кеңестің төрағасы. Жарияланымдар: Web of Science және Scopus сияқты халықаралық мәліметтер базасында индекстелген жетекші журналдардағы 33-тен астам ғылыми мақалалардың авторы.  Зерттеу бағыты: Талдау, геометрия және топология   Исмаилов Нурлан Аманкелдиевич – PhD, қауымдастырылған профессор, Диссертациялық кеңес төрайымының орынбасары. Жарияланымдар: Web of Science …

DC Математика Read More »

Қытайдың 7 университетімен серіктестік – жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Қытайдың 7 университетімен серіктестік – жаңа мүмкіндіктерге жол ашады Жақында SDU университетінің делегациясы “Аспан асты еліне” сапар шегіп, Қытайдың үздік оқу орындарымен танысып қайтты. Нәтижесінде, беделді 7 университетпен әріптестік қарым-қатынас орнатылды. Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестік – біздің университет үшін стратегиялық маңызды бағыт. Бұл ынтымақтастық білім беру және ғылыми зерттеулер саласында халықаралық тәжірибе алмасуға, …

Қытайдың 7 университетімен серіктестік – жаңа мүмкіндіктерге жол ашады Read More »

STEM WEEK SDU

STEM WEEK SDU SDU қабырғасында Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің ұйымдастыруымен өткен STEM апталығы өз мәресіне жетті. Бұл апталықта студенттер технология, инженерия, математика және ғылымның басқа да салаларындағы өз білімдерін шыңдап, ерекше жобалармен танылды. Olympiad Contest, FLL Challenge, Rocket Challenge, және Hackathon секілді іс-шаралар қатысушылардың креативтілігі мен шеберлігін анықтай түсті. STEM апталығы ғылымды танымал етуге …

STEM WEEK SDU Read More »

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2024» атағын беру байқауының 1 –ші кезеңі аяқталды

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2024» байқауының 1 –ші кезеңі аяқталды «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2024» байқауының 1–ші кезеңі аяқталғанын хабарлаймыз. Байқауға 4 үміткер қатысты, оның ішінде 3 үміткер республикалық кезеңге қатысуға жіберілді. Конкурстың екінші, республикалық кезеңіне келесі үміткерлер өтті: Бакранова Дина Игоревна Бекболат Баян Оздемир Джемаль

Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттік конференциясы – 2024

Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттік конференциясы – 2024 21 қараша күні Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінде SDU Орталық Азия зерттеу орталығының (Central Asian Research Center, CARC) ұйымдастыруымен студенттік конференция өтті. Конференцияның мақсаты – жас зерттеушілерге зерттеу жобаларын әзірлеуге, зерттеу идеяларын таныстыруға және оларды өз қатарластарымен және факультет профессорларымен талқылауға мүмкіндік беру болды. Конференция жұмысы …

Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттік конференциясы – 2024 Read More »

Интербелсенді әдістерді қолдану

Біз туралы Педагогтың цифрлық құзыреттілігі: анықтау, дамыту және нәтиже Оқытуда интербелсенді әдістерді қолданудың тактикалары Заманауи ағылшын тілі мұғалімінің құзыреттілігін дамыту Мектеп негізіндегі ғылыми зерттеу Инклюзивті білім берудегі маман: теория және практика негіздері Біз туралы Педагогтың цифрлық құзыреттілігі: анықтау, дамыту және нәтиже Оқытуда интербелсенді әдістерді қолданудың тактикалары Заманауи ағылшын тілі мұғалімінің құзыреттілігін дамыту Мектеп негізіндегі ғылыми …

Интербелсенді әдістерді қолдану Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content