Search Results for: i

Тең мүмкіндік – ортақ құндылық: SDU-да жаңа лифт ашылды

Тең мүмкіндік – ортақ құндылық: SDU-да жаңа лифт ашылды Бүгін SDU жатақханасында маңызды оқиға – жаңадан орнатылған лифтінің ашылу салтанаты өтті. Бұл бастама инклюзивті орта қалыптастыру, қозғалысы шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асты. Ашылу рәсіміне SDU University ректоры Әлімжан Игенбаев және университет түлегі, кәсіпкер, Brave Talents компаниясының негізін қалаушы Алмас Жәли қатысты. Алмас …

Тең мүмкіндік – ортақ құндылық: SDU-да жаңа лифт ашылды Read More »

Германияның Алматыдағы Бас консулы SDU университетінде

Германияның Алматыдағы Бас консулы SDU университетінде SDU университетіне Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Маттиас Кислер арнайы сапармен келді. Онымен бірге Германия Бас консулдығының өкілі Вольфганг Фауст та университетке ат басын тіреді. Құрметті қонақтарды SDU университетінің басшылық өкілдері қарсы алып, жоғары оқу орнының негізгі бағыттары, білім беру бағдарламалары және халықаралық ынтымақтастық саласындағы жетістіктері жайында …

Германияның Алматыдағы Бас консулы SDU университетінде Read More »

AWS Student Day

AWS Student Day 4 сәуірде SDU University-де бұлтты технологиялар саласындағы ең ірі білім беру шарасы – AWS Student Day өтті. Бұл іс-шара Cloud, DevOps және AI әлеміне тереңірек үңілгісі келген студенттерді, оқытушыларды және IT-әуесқойларды біріктірді. Іс-шара AWS пен qCloudy компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды. Шарада келесі негізгі сәттер қамтылды: Қазақстан мен Қырғызстаннан 300-ден астам қатысушы AWS және …

AWS Student Day Read More »

Enactus

ENACTUS КОМАНДА ТУРАЛЫ ENACTUS МИССИЯСЫ ENACTUS ДЕГЕНІМІЗ НЕ? ENACTUS ЖОБАЛАРЫ ENACTUS КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ БОЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? БАЙЛАНЫС КОМАНДА ТУРАЛЫ Қазіргі уақытта ұйым құрамында жобалық қызметпен айналысатын 20 белсенді студент бар.Команда мүшелері – әртүрлі факультеттердің студенттері, олардың қызығушылықтары мен дағдылары әртүрлі. Сабина Рахметова Төраға Айна Ильгамова Төрағаның орынбасары Рауль Нурмухаметов Өнім менеджері (Qagazтобының капитаны) …

Enactus Read More »

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша байқауға құжаттар қабылдаймыз

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау басталды Құрметті  студенттер! 2025-2026 оқу жылының күзгі семестріне Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қаржыландыруы есебімен өткізілетін  академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау мерзімі ашылды. Іс сапар шығындарын, тұру, сақтандыру және виза жасау жөнінде консулдық алымдарды қаржыландыруды ҚР Ғылым және жоғары білім қамтамасыз етеді. Еуропа – 3 квота …

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша байқауға құжаттар қабылдаймыз Read More »

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған педагогикалық идеялар фестивалі өтті

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған педагогикалық идеялар фестивалі өтті SDU University және Абай атындағы ҚазҰПУ ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Педагогикалық идеялар фестивалі жоғары деңгейде өтті. Бұл шара ұстаздардың шығармашылық жобаларын қолдап, сапалы білім беруді дамытуға бағытталды.  Фестиваль соңында жеңімпаздар мен номинанттар марапатталды. Марапаттау рәсіміне факультетіміздің жаңадан тағайындалған декан орынбасары Адиханов Идаятулла арнайы қатысты.   Фестивальдің …

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған педагогикалық идеялар фестивалі өтті Read More »

Облыстық ғылыми жоба олимпиадасы

Облыстық ғылыми жоба олимпиадасы Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті, Гуманитарлық ғылымдар кафедрасы “Пәнаралық зерттеу орталығымен” бірлесіп, “Тарихи айна: пәндер бейнесі” атты облыстық ғылыми жоба олимпиадасын өткізді. Алматы облысы бойынша 80-ге жуық ғылыми жоба ұйымдастыру комитетіне келіп түсті. Олардың ішінен 32 үздік жұмыс іріктеліп, 20 наурыз күні оффлайн форматта қорғалды. Жарысқа Қарасай, Іле, Талғар, Балқаш, Жамбыл …

Облыстық ғылыми жоба олимпиадасы Read More »

Бедел түлектер

Бағдат Мусин Туған жері: Екібастұз қаласы, Павлодар облысыТілдер: Қазақ тілі, Ағылшын тілі, Орыс тілі, Түрік тіліЛауазымы: Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріКәсібі: IT маманы,Иновациялық көшбасшы, КәсіпкерБілімі:– Компьютерлік ғылымдар, SDU University, 2000-2004– Заңгер, Қазақстанның құқық және халықаралық қатынастар институты, 2004-2006Жұмыс тәжірибесі: 2004-2007 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік органдарда IT бөлімшелерін құру департаментінің …

Бедел түлектер Read More »

Қазақстанның 17 қаласында SPT олимпиадасы өтті

Қазақстанның 17 қаласында SPT олимпиадасы өтті SDU University жыл сайын талапкерлерге арнап республикалық деңгейде олимпиада өткізеді. SPT олимпиадасы мектеп және колледж түлектеріне болашақ мамандықтарын таңдауға көмектеседі әрі грантқа ие болу мүмкіндігін ұсынады.  9 наурыз күні еліміздің 17 қаласында SDU университетінің ұйымдастыруымен SPT олимпиадасы өтті. Олимпиадаға жалпы 8481 оқушы тіркеліп, оның 2775-і қатысып, өз білімдерін сынады. …

Қазақстанның 17 қаласында SPT олимпиадасы өтті Read More »

SDU университетінде “Тиімді басқару нұсқаулығы: Тәжірибе. Стратегия. Әрекет” атты форум өтті

SDU университетінде “Тиімді басқару нұсқаулығы: Тәжірибе. Стратегия. Әрекет” атты форум өтті 2025 жылдың 14 наурызында SDU University және Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектеп және колледж директорларына арналған “Тиімді басқару нұсқаулығы: Тәжірибе. Стратегия. Әрекет” атты ауқымды форум өтті. Іс-шараға 370-тен астам білім беру мекемесінің басшылары, сарапшылар мен тәжірибелі мамандар қатысты. Форум …

SDU университетінде “Тиімді басқару нұсқаулығы: Тәжірибе. Стратегия. Әрекет” атты форум өтті Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content