Search Results for: i

Босаған бос білім беру грантына өтініш қабылдау басталды

Босаған бос білім беру грантына өтініш қабылдау басталды Құрметті білімгерлер! SDU University-де босаған бос білім беру грантына өтініш қабылдау басталғанын хабарлаймыз. Өтініш беру үшін келесі талаптар сақталуы тиіс: Өтінішті тек ақылы негізде білім алып жатқан білімгерлер ғана бере алады; Білімгер Қазақстан Республикасының азаматы болуы қажет; Барлық оқу кезеңіндегі ең төменгі орташа үлгерім балы (GPA) 2,5-тен …

Босаған бос білім беру грантына өтініш қабылдау басталды Read More »

Академиялық адалдық лигасы 2025 жылдың екінші жартыжылдығындағы қызмет қорытындыларын шығарды

Академиялық адалдық лигасы 2025 жылдың екінші жартыжылдығындағы қызмет қорытындыларын шығарды 2025 жылдың екінші жартыжылдығында Академиялық адалдық лигасы (ААЛ) бекітілген күн тәртібі мен регламентке сәйкес екі отырыс өткізді. Отырыстар барысында Лига құрамына жаңа білім беру ұйымдарын қабылдау мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Дауыс беру нәтижесінде ААЛ мүшелерінің басым көпшілігі төмендегі білім беру ұйымдарының Лигаға кіруін қарауға …

Академиялық адалдық лигасы 2025 жылдың екінші жартыжылдығындағы қызмет қорытындыларын шығарды Read More »

Кайрат Молдашев қауымдастырылған профессор ғылыми атағына ие болды

Кайрат Молдашев қауымдастырылған профессор ғылыми атағына ие болды SDU University ғалымы Кайрат Молдашев Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімімен 50200 – «Экономика және бизнес» бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағына ие болды. Кайрат Молдашев 2022 жылдан бері SDU University-дің «Экономика және бизнес» кафедрасында қауымдастырылған профессор қызметін атқарып келеді. Ол – Экономика мамандығы …

Кайрат Молдашев қауымдастырылған профессор ғылыми атағына ие болды Read More »

ДС Қолданбалы құқық

Қолданбалы құқық Диссертациялық кеңестердің құрамы Атаджанов Рустам Бахтиярович  – философия докторы (PhD), «SDU University» мекемесінің қауымдастырылған профессоры, Диссертациялық кеңестің төрағасы.   Жарияланымдар: 3 монографияны, 1 оқулық, заң ғылымдары бағыты бойынша 30 ғылыми мақала мен баяндамаларды қоса алғанда 45-тен астам ғылыми жұмыстардың авторы, оның ішінде Web of Science және Scopus халықаралық деректер базасында индекстелетін журналдарда 14 мақаласы …

ДС Қолданбалы құқық Read More »

Әлеуметтік және Инклюзивті білім беру зерттеу орталығы

ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ Орталық туралы Әлеуметтік және Инклюзивті білім беру зерттеу орталығы мақсаты әлеуметтік және инклюзивті білім беру саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, олардың нәтижелерін кеңінен тарату және ғылыми негізделген білім беру арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге үлес қосу. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін орталық білім беру саласындағы білікті мамандар мен сарапшылар, …

Әлеуметтік және Инклюзивті білім беру зерттеу орталығы Read More »

«STEM педагогикасы» орталығы

«STEM ПЕДАГОГИКАСЫ» ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ Орталық туралы Ғылыми Зерттеу Орталық – STEM білім беруді инновациялық зерттеулермен кеңейту, тиімді педагогикалық тәжірибелерді тарату, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми әлеуетін дамыту және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген ынтасын арттыру үшін құрылған. Мақсат пен міндеттер Негізгі мақсат: STEM педагогикаcы әдіс-тәсілдерін әзірлеу және енгізу арқылы STEM білім беру нәтижелерін жақсарту. Міндеттер:– STEM оқу …

«STEM педагогикасы» орталығы Read More »

Freedom стипендиялық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Freedom Стипендиялық Бағдарламасына өтінім қабылдау басталды 2025–2026 оқу жылы SDU University студенттері үшін қуанышты жаңалық — «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры мен «НП РТС» Ассоциациясы жүзеге асыратын «Болашаққа Инвестиция» стипендиялық бағдарламасы аясында Freedom Стипендиясына өтінім қабылдау басталды. Бағдарлама қаржы нарықтары, финтех, IT, деректер ғылымы және тұрақты даму салаларында үздік нәтижелер көрсеткен талантты студенттерді қолдауға бағытталған. Стипендия …

Freedom стипендиялық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды Read More »

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Алматы облысының тұрғындарымен кездесті SDU University ғимаратында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Алматы облысының тұрғындарымен кездесіп, ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелерін талқылады. Кездесу барысында вице-министр өңір тұрғындарын ғылым және жоғары білім саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарымен, жүзеге асырылып жатқан реформалармен, жаңа стратегиялық бастамалармен таныстырды. Сондай-ақ …

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Алматы облысының тұрғындарымен кездесті Read More »

Дайындық бағдарламасы

Қош келдіңіз Факультет жайлы Деканның ресми жолдауы Бағдарламалар Бакалавриат Химия Химия – Биология Физика Информатика Математика Аударма ісі Екі шет тілі Қолданбалы филология Педагогика және психология Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Әлеуметтік педагогика Қазақ тілі және әдебиеті Тарих Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (IP) Магистратура Физика Математика Химия Екі …

Дайындық бағдарламасы Read More »

Шетелдік оқытушыларға арналған С3 жұмыс визасы

Шетелдік оқытушыларға арналған С3 жұмыс визасы Жалпы ақпарат SDU University Қазақстанға еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келетін шетелдік оқытушылар мен мамандарды қарсы алады. С3 санатындағы жұмыс визасын алу үшін үміткер SDU University-де ресми түрде жұмысқа орналасқан және қол қойылған еңбек шарты болуы тиіс.– Бұл құжаттағы паспорт-виза жөніндегі ақпарат жалпы азаматтық паспорт иелеріне арналған. Дипломатиялық, қызметтік …

Шетелдік оқытушыларға арналған С3 жұмыс визасы Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content