Search Results for: i

SDU University QS World University Rankings 2025 рейтингінде №1201-1400 аралығындағы позициясын сақтап қалды

SDU University QS World University Rankings 2025 рейтингінде №1201-1400 аралығындағы позициясын сақтап қалды Біз SDU University әлемдік деңгейдегі академиялық жетістігін бағалайтын QS World University Rankings 2025 рейтингінде №1201-1400 аралығындағы орнын сақтап қалғаны туралы қуана хабарлаймыз. 120 қазақстандық университет ішінде тек 21 жоғары оқу орны ғана рейтингтен орын тапты. SDU University Қазақстанның басқа университеттерімен салыстырғанда бірқатар …

SDU University QS World University Rankings 2025 рейтингінде №1201-1400 аралығындағы позициясын сақтап қалды Read More »

Science Talks: All about inclusion

Science Talks: All about inclusion Инклюзивті білім беру – бүгінгі қоғам қажеттілігі. Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің ұйымдастыруымен SDU Life ғимаратында «Science Talks: All about inclusion» тақырыбында ғылыми шара өтті. Шара барысында инклюзивті білім бағытындағы зерттеулер талқыға салынды. Ғылыми және талқылауға арналған ашық алаң бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі мақсаты – инклюзивті білім беру саласындағы отандық …

Science Talks: All about inclusion Read More »

SDU студенті Қытайда өткен Huawei ICT Competition сайысының жеңімпазы атанды

SDU студенті Қытайда өткен Huawei ICT Competition сайысының жеңімпазы атанды Қазақстандық студенттер Қытайдың Шыңжаң қаласында өткен халықаралық Huawei ICT Competition байқауында екі негізгі бағыт бойынша 1 орынды иеленіп жеңімпаз атанды. Әлемнің 90-ға жуық елінен 2000 университет, 170 000 студент қатысқан тартысты доданың мәртебесі жыл өткен сайын артып келеді. Осындай ауқымды сайыста Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінің …

SDU студенті Қытайда өткен Huawei ICT Competition сайысының жеңімпазы атанды Read More »

SDU University басшылығы Бөкетов зерттеу университетіне арнайы іссапармен барды

SDU University басшылығы Бөкетов зерттеу университетіне арнайы іссапармен барды Жақында Бөкетов университеті “зерттеу университеті” мәртебесін иеленген еді. Ректор Әлімжан Игенбаев білім ошағынның ұжымын бұл үлкен жетістігімен құттықтап, оқу орнының болашағына деген сенімін білдірді. Сапар барысында делегация биология-география, физика-техникалық, педагогикалық және басқа да факультеттерде болып, олардың ғылыми жобалары мен білім беру жүйесімен танысты. Сондай-ақ, заманауи технологиямен …

SDU University басшылығы Бөкетов зерттеу университетіне арнайы іссапармен барды Read More »

SDU Extension School Алакөл ауданы, Жыланды ауылы мектебінде 1 күндік семинар-тренинг өткізді

SDU Extension School Алатау ауданы, Жыланды ауылы мектебінде 1 күндік семинар-тренинг өткізді 16 мамыр күні SDU Extension School Алатау ауданы, Жыланды ауылында орналасқан “Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернатының” ұжымына ғылыми зерттеу және кәсіптік бағдар беру тақырыптарында 1 күндік семинарлар өткізді. Сонымен қатар, 100-ден аса ата-аналар мен оқушыларға мамандықты дұрыс таңдау туралы кездесу ұйымдастырылды.

“Nature and Motion” көрмесі

“Nature and Motion” көрмесі Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультеті Мультимедиялық зертханамен бірлесіп ұйымдастырған “Nature and Motion” көрмесі инновациялық жобаларды көрсету алаңы ретінде қызмет етіп, «Мультимедиялық ғылымдар» және «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарында оқитын студенттердің шығармашылықтарына серпін берді. Ол екі іргелі курсқа негізделген: INF 362 «Өндіріске арналған дизайн» (3 курс студенттері үшін) және MMS 104 «Инженерлік графика» (1 …

“Nature and Motion” көрмесі Read More »

IR Forum

Қазақстандағы Институционалдық зерттеулер бойыншаII форум Жоғары оқу орындарында шешім қабылдауды жЕТІЛДІРу үшін институЦИОНАЛДЫҚ зерттеу деректерін қолдану 31 МАМЫР 2024SDU UNIVERSITY, ҚАСКЕЛЕҢ ФОРУМ ЖАЙЛЫ СПИКЕРЛЕР ФОРУМ БАҒДАРЛАМАСЫ ЛОКАЦИЯ ЖӘНЕ ОРНАЛАСУ БАЙЛАНЫС ФОРУМҒА ТІРКЕЛУ Форум туралы Бұл Форум Назарбаев Университеті мен КИМЭП Университетінің 2019 жылы бірлесіп өткізген форумының және воркшоптардың жалғасы болып табылады.Форум институционалдық зерттеулердің өзекті тақырыптарына …

IR Forum Read More »

SDU.Humanity.Olimpiade – 2024

SDU.Humanity.Olimpiade – 2024 Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің ұйымдастыруымен 11 сынып оқушыларына арналған “SDU.Humanity.Olimpiade – 2024” Облыстық Олимпиадасы өтетінін хабарлаймыз! Олимпиада «биология-география» бейіндік пәні бойынша өткізіледі. Үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаз: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»; «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»; «Педагогика және психология»; «Құндылықтарға негізделген әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламаларының бірінің «SDU University» ІШКІ ГРАНТ …

SDU.Humanity.Olimpiade – 2024 Read More »

SDU University жылдың ең ауқымды жәрмеңкесін өткізді

SDU University жылдың ең ауқымды жәрмеңкесін өткізді SDU University қауымдастығы су тасқынынан зардап шеккен аймаққа көмек көрсету мақсатында ауқымды Grand жәрмеңкесін ұйымдастырды. Ауқымы рекордтық көрсеткішке жеткен жәрмеңкеге 7 мыңға жуық адам қатысты. Университет қызметкерлері мен студенттері қолдан әзірлеген бұйымдар мен тәттілерді, асханалар желісі кондитерлік өнімдерін ұсынды. Шара барысында аукцион ұйымдастырылып, университет меншігіндегі құнды бұйымдар қымбат …

SDU University жылдың ең ауқымды жәрмеңкесін өткізді Read More »

Academic Publishing Bootcamp 2024

ACADEMIC PUBLISHING BOOTCAMP 2025 “Organized by SDU University in collaboration with Galym project“ .                23-29 маусым, 2025, Қаскелең Bootcamp жайлы Бағыттары Лекция тақырыптары Маңызды күндер Шақырылған спикерлер Bootcamp бағдарламасы Ұйымдастыру комитеті Байланыс Bootcamp жайлы Academic Publishing Bootcamp – PhD докторанттардың ғылыми жазу және зерттеу жасау дағдыларын жетілдіру мен …

Academic Publishing Bootcamp 2024 Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content