Search Results for: i

XVI республикалық пәндік олимпиадада SDU студенттері жүлделі орындарға ие болды

XVI республикалық пәндік олимпиадада SDU студенттері жүлделі орындарға ие болды Шәкәрім университетінің 90 жылдығына орай «В037 Филология (Қазақ)» білім беру бағдарламалары тобы бойынша өткен XVI республикалық пәндік олимпиадада біздің студенттеріміз жүлделі орындарға ие болды. Команда мүшелері: – Темірбек Дариға – «Үздік эссе» номинациясы – Ниетбаева Камила – Бердібай Ақбала SDU University командасы командалық есепте жоғары …

XVI республикалық пәндік олимпиадада SDU студенттері жүлделі орындарға ие болды Read More »

SDU University білім ордасында Мәдениетаралық байланыс бойынша халықаралық конференция өтті

SDU University білім ордасында Мәдениетаралық байланыс бойынша халықаралық конференция өтті SDU University білім ордасында Мәдениетаралық байланыс бойынша халықаралық конференция өтті. Ауқымды шараға Ұлыбритания, Жапония, АҚШ, Канада елдерінің беделді ғалымдары, отандық зерттеуші-ғалымдар және еліміздің әр аймағынан келген оқытушы ұстаздар жиналды. Биыл 11-ші рет өткізіліп отырған дәстүрлі ICBCB конференциясын университетіміз ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық Ғылым Академиясымен жəне …

SDU University білім ордасында Мәдениетаралық байланыс бойынша халықаралық конференция өтті Read More »

SDU University АҚШ-тан келген қос делегацияны қабылдады

SDU University АҚШ-тан келген қос делегацияны қабылдады 2 қазан күні SDU университеті АҚШ-тың Лихай университеті мен Калифорния университетінен келген қос делегацияны қабылдады. Лихай университетінің атынан Халықаралық істер жөніндегі вице-президент және проректор доктор Шерил Мазерли және Ғаламдық серіктестік пен стратегиялық бастамалар бөлімінің директоры Стейси Бургер студенттер мен қызметкерлерді алмасу бағдарламаларын дамытуға бағытталған ынтымақтастықты нығайту жөнінде келіссөздер …

SDU University АҚШ-тан келген қос делегацияны қабылдады Read More »

SDU Extension School дайындаған тағы 2 бағдарлама ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бекітілді

SDU Extension School дайындаған тағы 2 бағдарлама ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бекітілді “SDU Extension School” орталығы “SDU University”профессорлық-оқытушылық құрамымен бірлесе отырып әзірлеген жаңа 2курс бағдарламасы Уәкілетті органның сараптамасынан сәтті өтті. ● “Специалист в инклюзивном образовании: основы теории ипрактики”● “Мектеп негізіндегі ғылыми зерттеу” Бағдарламалар төмендегі бұйрықтар негізінде әзірленді: “Педагогтердіңбіліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісужәне бекіту …

SDU Extension School дайындаған тағы 2 бағдарлама ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бекітілді Read More »

SDU University мен Малайзиядағы Sultan Idris Education University арасында серіктестік орнады

SDU University мен Малайзиядағы Sultan Idris Education University арасында серіктестік орнады Бүгін Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Жайнагүл Дүйсебекова және Sultan Idris Education University өкілдері маңызды келісімге қол қойды. Бұл келісім «6B01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие беру» білім беру бағдарламасы аясында, гуманитарлық ғылымдар кафедрасының басшылығымен жасалды. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі және 25 000-нан …

SDU University мен Малайзиядағы Sultan Idris Education University арасында серіктестік орнады Read More »

SDU Extension School “Ғылыми жобаға өзекті тақырып таңдау жолдары” атты семинарын өткізді

SDU Extension School “Ғылыми жобаға өзекті тақырып таңдау жолдары” атты семинарын өткізді 21 қыркүйек SDU Extension School “Ғылыми жобаға өзекті тақырып таңдау жолдары” атты семинарын өткізді. SDU Extension School Қарасай ауданы мұғалімдері мен SDU University бакалавриат және магистратура студенттеріне “Ғылыми жобаға өзекті тақырып таңдау жолдары” атты 3 сағаттық біліктілікті арттыру семинар-тренингін жүргізді. Семинар барысында зерттеу …

SDU Extension School “Ғылыми жобаға өзекті тақырып таңдау жолдары” атты семинарын өткізді Read More »

SDU және Wyoming университеті арасында меморандумға қол қойылды

SDU және Wyoming университеті арасында меморандумға қол қойылды Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетіне АҚШ-тың Wyoming университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы арнайы іс-сапармен келді. Өзара ынтымақтастықты ниет етіп келген құрметті қонақтар,  SDU-дың тыныс-тіршілігіне шолу жасап, оқытушылық құраммен танысты. Нәтижесінде екі университет арасындағы меморандумға қол қойылды. Қол қою рәсіміне Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Мадияр Саудбаев, SDU University …

SDU және Wyoming университеті арасында меморандумға қол қойылды Read More »

FIBAA бағдарламалық акредитациясы 5 жылға берілді

FIBAA бағдарламалық аккредитациясы 5 жылға берілді FIBAA Аккредиттеу және Сертификаттау Комитеті шешімімен, SDU Бизнес мектебінің бакалавриат деңгейіндегі 5 білім беру бағдарламалары: “Қаржы”, “Есеп және Аудит”, “Экономика”, “Менеджмент” және “Диджитал маркетинг”, сонымен қатар, Құқық және Әлеуметтік ғылымдары факультетінің “Халықаралық құқық”, “Қолданбалы құқық” бағдарламалары 5 жылға аккредиттеуден сәтті өтті. Барлық бағдарламалар “FIBAA Quality Seal” сапа белгісіне ие …

FIBAA бағдарламалық акредитациясы 5 жылға берілді Read More »

ICBCB тіркелу

Конференцияға қатысу төлемі Қатысушылар Ерте тіркелу (20 маусым – 20 шілдеге дейін) Стандартты төлем (кеш тіркелу – 1 қазанға дейін) Қазақстандық қатысушылар баяндамамен 10 000 KZT 15 000 KZT Қазақстандық қатысушылар баяндамасыз 8000 KZT 8000 KZT Қазақстандық магистранттар мен докторанттар баяндамамен 8 000 KZT 10 000 KZT Онлайн қатысушы (Қазақстан / Басқалар) баяндамамен 8 000 …

ICBCB тіркелу Read More »

“SDU Extension school” орталығы дайындаған бағдарламалар ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бекітілді

“SDU Extension school” орталығы дайындаған бағдарламалар ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бекітілді “SDU Extension School” және “SDU University” профессорлық-оқытушылық құрамы бірлесе отырып әзірлеген «Оқытуда интербелсенді әдістерді қолданудың тактикалары», «Педагогтың цифрлық құзыреттілігі: анықтау, дамыту және нәтиже» және «Развитие компетенций современного учителя английского языка» атты 3 курс бағдарламасы Уәкілетті органның сараптамасынан сәтті өтті. Аталмыш бағдарламалар төмендегі бұйрықтар негізінде әзірленді: …

“SDU Extension school” орталығы дайындаған бағдарламалар ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бекітілді Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content