Search Results for: i

SDU University мен Өзбекстан-Финляндия педагогикалық институты ынтымақтастық орнатты

SDU University мен Өзбекстан-Финляндия педагогикалық институты ынтымақтастық орнатты SDU Халықаралық қатынастар офисінің директоры Бейбіт Дюсюпов пен Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқытушысы Азат Қали Самарқанд қаласына сапар шегіп, көне шаһарда орналасқан Өзбекстан-Финляндия педагогикалық институтымен ынтымақтастық орнатып қайтты. Өзара келісім нәтижесінде меморандумға қол қойылды. Екі ЖОО арасындағы бұл әріптестік білім беру сапасын арттырып қана қоймай, сондай-ақ …

SDU University мен Өзбекстан-Финляндия педагогикалық институты ынтымақтастық орнатты Read More »

SDU Extension School ұйымдастырған “Winter School 2025” курсы сәтті аяқталды

SDU Extension School ұйымдастырған “Winter School 2025” курсы сәтті аяқталды 2025 жылдың 6 қаңтарында SDU Extension School ұйымдастырған “Winter School 2025: Online/Offline” 72/108 сағаттық курсы басталды. Бағдарлама SDU профессорлық-оқытушылық құрамы, жас мамандар мен қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталды. Курс IT-құзыреттілік пен онлайн оқыту әдістемелерін қамтыды. Офлайн форматта басталған курс 15-31 қаңтар аралығында Moodle платформасында асинхронды …

SDU Extension School ұйымдастырған “Winter School 2025” курсы сәтті аяқталды Read More »

Жаңа ғылыми жетістік: PHD IN EDUCATION иегерлері

Жаңа ғылыми жетістік: PHD IN EDUCATION иегерлері Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің Тілдік білім беру кафедрасының оқытушылары Идаятулла Адиханов пен Зульяр Кавашев білім беру саласы бойынша PhD in Education дәрежесін сәтті қорғап келді! Айта кететін жайт, екі оқытушы да NUGSE (Nazarbayev University Graduate School of Education) түлектері болып табылады. Мамандар кафедрада тілдік білім беруге қатысты …

Жаңа ғылыми жетістік: PHD IN EDUCATION иегерлері Read More »

SDU University мен Université Polytechnique Hauts-de-Franc ынтымақтастық орнатты

SDU University мен Université Polytechnique Hauts-de-Franc ынтымақтастық орнатты 27 қаңтарда SDU университеті О-де-Франс Политехник Университеті мен Қазақстандағы Сорбонна институтының делегациясын қабылдау мәртебесіне ие болды. Делегация құрамына Сорбонна институты мен Гéo-энергия орталығының директоры ханым Буссе, INSA университетінің халықаралық кеңсесінің директоры және профессор Морен, аударма ісі бойынша магистратура бағдарламасының тең директорлары және Тілдер, әдебиет және өнер академиялық …

SDU University мен Université Polytechnique Hauts-de-Franc ынтымақтастық орнатты Read More »

SDU Extension School педагог мамандарға арнап қос семинар өткізді

SDU Extension School педагог мамандарға арнап қос семинар өткізді 2025 жылдың 8-11 қаңтар аралығында SDU Extension School Білім Инновация лицейлерінің қызметкерлеріне арнап “Мен” емес “Біз” атты 20 сағаттық семинар өткізді. Семинарға жалпы саны 25 қатысушы қатысты. Семинар бағдарламасы төрт маңызды тақырыпты қамтыды: Кәсіби даму/дамыту; Жауапкершілікті бөлісу; Әсерлі сөйлеу құпиялары; Жанжалсыз шешімдер. Бұл семинарды өткізуге Университетіміздің …

SDU Extension School педагог мамандарға арнап қос семинар өткізді Read More »

Multimedia Fest 2024

Multimedia Fest 2024 SDU, Narxoz, AlmaU және KazGASA студенттері өздері жасап шығарған жобаларының көрмесін өткізді. Бұл жұмыстар — олардың оқуы мен шығармашылық тәсілінің нәтижесі, болашақ индустрия көшбасшыларының лайықты үлгісі! Үздік спикерлер қатарында:🔹 Салтанат Бердіқұлова —  индустриялық жобаларды жүзеге асырудағы AlmaU тәжірибесі.🔹 Василий Терентьев (PRO VR) — ИИ көмегімен оқытудағы революция.🔹 Дәурен Тасбулатов — Тәңірлік мәдениеттің …

Multimedia Fest 2024 Read More »

SDU University: 2024 жылдың айтулы 10 жетістігі

SDU University: 2024 жылдың айтулы 10 жетістігі 2024 жыл SDU University үшін жеңіс пен жетістікке толы жыл болды. Осы орайда, өткенге көз жүгіртіп, 2024 жылда орын алған ірі оқиғаларға тоқталып өтейік: Біздегі 15 мамандық “Атамекен” ҰҚП рейтингісінде ТОП-10 тізіміне енді. Университеттер 19 критерий бойынша бағаланды, олардың негізгілері: жұмыспен қамту деңгейі, орташа жалақы, жас маманның жұмысқа …

SDU University: 2024 жылдың айтулы 10 жетістігі Read More »

SDU Extension School Талғар ауданының 44 мектеп директорына біліктілікті арттыру семинарын өткізді

SDU Extension School Талғар ауданының 44 мектеп директорына біліктілікті арттыру семинарын өткізді 17 желтоқсан 2024 жылы SDU Extension School Талғар ауданының 44 мектеп директорына “Тиімді менеджмент” атты 5 сағаттық біліктілікті арттыру семинарын өткізді. Семинарды университетіміздің білікті профессор-оқытушылық құрамы, SDU Business School деканы Берик Сабденалиев, Экономика және бизнес кафедрасының оқытушысы Мадина Қосай және профориентолог, коуч, Жаратылыстану …

SDU Extension School Талғар ауданының 44 мектеп директорына біліктілікті арттыру семинарын өткізді Read More »

“SDU University үздік оқытушысы” байқауының қорытындысы

“SDU University үздік оқытушысы” байқауының қорытындысы 2024 жылғы 27 қыркүйек – 28 қараша аралығында университетімізде «SDU Үздік Оқытушысы» байқауы өтті. Байқау нәтижелері бойынша:• 1-орын: Мультидисциплинарлы білім беру орталығының профессоры Джемаль Оздемир;• 2-орын: Инженерия және жаратылыстану ғылымдары факультетінің ассистент профессоры Баян Бекболат;• 3-орын: Мультидисциплинарлы білім беру орталығының аға оқытушысы Назгул Абдрахынова атанды. Жеңімпаздар университетіміздің Ғылыми кеңесінде …

“SDU University үздік оқытушысы” байқауының қорытындысы Read More »

SDU Extension School ұйымдастырған “Мұғалімнің құпия қаруы” семинары мұғалімдердің кәсіби дамуына жаңа серпін берді

SDU Extension School ұйымдастырған “Мұғалімнің құпия қаруы” семинары мұғалімдердің кәсіби дамуына жаңа серпін берді 2024 жылдың 7 желтоқсанында SDU Extension School орталығы Шымкент қаласы мен Алматы облысынан келген мектеп оқытушыларына арнап “Мұғалімнің құпия қаруы” атты 3 сағаттық семинар-тренингін өткізді. Семинардың негізгі мақсаты – педагогтерге жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, оқыту үдерісін жетілдірудің заманауи тәсілдері мен …

SDU Extension School ұйымдастырған “Мұғалімнің құпия қаруы” семинары мұғалімдердің кәсіби дамуына жаңа серпін берді Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content