Search Results for: g

Freedom стипендиялық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Freedom Стипендиялық Бағдарламасына өтінім қабылдау басталды 2025–2026 оқу жылы SDU University студенттері үшін қуанышты жаңалық — «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры мен «НП РТС» Ассоциациясы жүзеге асыратын «Болашаққа Инвестиция» стипендиялық бағдарламасы аясында Freedom Стипендиясына өтінім қабылдау басталды. Бағдарлама қаржы нарықтары, финтех, IT, деректер ғылымы және тұрақты даму салаларында үздік нәтижелер көрсеткен талантты студенттерді қолдауға бағытталған. Стипендия …

Freedom стипендиялық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды Read More »

SDU University ауыл мектептерінің олимпиада жеңімпаздарына 13 грант бөлді

SDU University ауыл мектептерінің олимпиада жеңімпаздарына 13 грант бөлді SDU University ауылдық елді мекендердегі дарынды жастарды қолдау және олардың жоғары білімге қолжетімділігін арттыру мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздарына 13 грант бөлді. Гранттар төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша ұсынылды: 6В01301-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі – 2 6B01601-Тарих-1 6В01504-Информатика (педагогика) -1 6B01501-Математика (педагогика) …

SDU University ауыл мектептерінің олимпиада жеңімпаздарына 13 грант бөлді Read More »

Дайындық бағдарламасы

Қош келдіңіз Факультет жайлы Деканның ресми жолдауы Бағдарламалар Бакалавриат Химия Химия – Биология Физика Информатика Математика Аударма ісі Екі шет тілі Қолданбалы филология Педагогика және психология Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Әлеуметтік педагогика Қазақ тілі және әдебиеті Тарих Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (IP) Магистратура Физика Математика Химия Екі …

Дайындық бағдарламасы Read More »

Шетелдік оқытушыларға арналған С3 жұмыс визасы

Шетелдік оқытушыларға арналған С3 жұмыс визасы Жалпы ақпарат SDU University Қазақстанға еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келетін шетелдік оқытушылар мен мамандарды қарсы алады. С3 санатындағы жұмыс визасын алу үшін үміткер SDU University-де ресми түрде жұмысқа орналасқан және қол қойылған еңбек шарты болуы тиіс.– Бұл құжаттағы паспорт-виза жөніндегі ақпарат жалпы азаматтық паспорт иелеріне арналған. Дипломатиялық, қызметтік …

Шетелдік оқытушыларға арналған С3 жұмыс визасы Read More »

Профессионализация руководителей и сотрудников эндаумент-фондов

Профессионализация руководителей и сотрудников эндаумент-фондов Обучающая программа «Основа эндаументов и фандрайзинга»  Тематическая обзорная программа «Основа эндаументов» разработана для углубления знаний и развития практических навыков топ-менеджмента и сотрудников фондов целевого капитала.  Программа направлена на формирование системного понимания работы эндаумент-фонда и охватывает ключевые процессы — от фандрайзинга и инвестирования до юридического и бухгалтерского сопровождения.  По результатам обучения, …

Профессионализация руководителей и сотрудников эндаумент-фондов Read More »

SDU University – QS Sustainability 2026 рейтингінде алғашқы дебют

SDU University – QS Sustainability 2026 рейтингінде алғашқы дебют SDU University биыл алғаш рет QS World University Rankings: Sustainability 2026 жаһандық рейтингіне енді. Бұл рейтинг әлем университеттерін Экологиялық әсер, Әлеуметтік әсер және Басқару тиімділігі сияқты маңызды бағыттар бойынша бағалайды. Осы жылы университетіміз QS зерттеген 2002 халықаралық оқу орнының қатарында өз орнына ие болды. Жалпы рейтингте …

SDU University – QS Sustainability 2026 рейтингінде алғашқы дебют Read More »

SDU University студенттері Red Hat компаниясының өкілдерімен кездесті

SDU University студенттері Red Hat компаниясының өкілдерімен кездесті SDU University-де әлемдік деңгейдегі enterprise open source шешімдерінің жетекші әзірлеушілерінің бірі — Red Hat компаниясының өкілдерімен студенттерге арналған кездесу өтті. Кездесу барысында қонақтар компанияның даму тарихымен, open source мәдениетінің негізгі қағидаттарымен таныстырып, заманауи технологиялар мен ашық шешімдердің индустрияның өсуіне ықпалы туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар студенттерге …

SDU University студенттері Red Hat компаниясының өкілдерімен кездесті Read More »

Қазақстандағы эндаумент-қорлардың дамуына серпін: Алматыда IV кәсіби кездесу өтті

Қазақстандағы эндаумент-қорлардың дамуына серпін: Алматыда IV кәсіби кездесу өтті 2025 жылғы 17–18 қараша күндері Алматы Технологиялық университетінде (Almaty Technical University) еліміздің эндаумент-қорлары үшін маңызды алаңға айналған IV кәсіби кездесу өтті. Іс-шара эндаумент-қорларды құру, басқару және инвестициялау тәжірибесіне арналды, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей мамандары арасында кәсіби диалог құруға мүмкіндік берді. Кездесудің маңызды сәттерінің бірі — 17 …

Қазақстандағы эндаумент-қорлардың дамуына серпін: Алматыда IV кәсіби кездесу өтті Read More »

Республика көлеміндегі гуманитарлық пән оқытушыларына арналған біліктілік арттыру курсы

Жобалық оқытудағы пəнаралық мүмкіндіктер Республика көлеміндегі гуманитарлық пəн оқытушыларына арналған біліктілік арттыру курсы Кімдерге арналған? Бұл курс Тарих, Қазақ тілі, Əдебиет, География, Ағылшын тілі пəндерінің мектеп жəне колледж мұғалімдеріне арналған. Курс мақсаты – Гуманитарлық пəндерді оқытуда жобалық əдісті тиімді қолдану жолдарын меңгерту – Пəнаралық байланыстарды интеграциялау арқылы оқыту сапасын арттыру – Мұғалімдердің заманауи педагогикалық технологиялар …

Республика көлеміндегі гуманитарлық пән оқытушыларына арналған біліктілік арттыру курсы Read More »

Білім алуға арналған виза

Білім алуға арналған виза Жалпы ақпарат SDU University Қазақстанға оқуға келетін шетелдік азаматтарды құшақ жая қарсы алады. Визаға өтінім бермес бұрын барлық үміткерлер университеттің білім беру бағдарламасына ресми түрде қабылдануы қажет. Студент қабылдау хатын (Letter of Acceptance) алғаннан кейін, SDU University оған студенттік визаға өтініш беру үшін қажетті рұқсат құжаттарын ұсынады. Осы профильде көрсетілген паспорттық-визалық …

Білім алуға арналған виза Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content