Search Results for: g

PhD дәрежесін алу үшін диссертация қорғау туралы хабарландыру

«SDU University» мекемесі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің сайтына «8D06102 – Компьютерлік ғылымдар» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Аязбаев Дәуреннің «Development of algorithms for search engine of text documents» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат енгізулеріңізді сұрайды. Диссертация «SDU University» мекемесінің «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасында орындалады. Қорғау тілі – ағылшын …

PhD дәрежесін алу үшін диссертация қорғау туралы хабарландыру Read More »

Қосдипломды білім беру бағдарламасы бойынша магистранттар Кореяда тағлымдамадан өтті

Қосдипломды білім беру бағдарламасы бойынша магистранттар Кореяда тағлымдамадан өтті SDU Бизнес мектебінің ЕМВА және МВА «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» білім беру бағдарламаларының магистранттары Оңтүстік Кореядағы Chung Ang университетінен тағлымдамадан өтті. Сәуір айының 29-ы мен мамырдың 4 аралығын қамтыған тағлымдамада SDU University және ҚАЗҰМУ магистранттары бірлесе Hyundae Hospital және Gwangmyeong емханаларында тәжірибеден өтіп, жергілікті менеджменттің қыр-сырын меңгерді. …

Қосдипломды білім беру бағдарламасы бойынша магистранттар Кореяда тағлымдамадан өтті Read More »

“Nature and Motion” көрмесі

“Nature and Motion” көрмесі Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультеті Мультимедиялық зертханамен бірлесіп ұйымдастырған “Nature and Motion” көрмесі инновациялық жобаларды көрсету алаңы ретінде қызмет етіп, «Мультимедиялық ғылымдар» және «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарында оқитын студенттердің шығармашылықтарына серпін берді. Ол екі іргелі курсқа негізделген: INF 362 «Өндіріске арналған дизайн» (3 курс студенттері үшін) және MMS 104 «Инженерлік графика» (1 …

“Nature and Motion” көрмесі Read More »

SDU студенттері Дубайда

SDU студенттері Дубайда Жақында SDU Бизнес мектебінің «Қаржы технологиясы» мамандығында оқитын бір топ магистрант Дубай қаласына аттанып, шетелдік тағылымдамадан өтіп келді. SP Jain School of Global Management университетінің білікті мамандарынан тәжірибе алған sduденттер өз мамандықтары бойынша білімін тереңдетіп, оны тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік алды. SP Jain университетінде тағлымдамадан өту арқылы магистранттар өз мамандығына бір қадам жақындай …

SDU студенттері Дубайда Read More »

IR Forum

Қазақстандағы Институционалдық зерттеулер бойыншаII форум Жоғары оқу орындарында шешім қабылдауды жЕТІЛДІРу үшін институЦИОНАЛДЫҚ зерттеу деректерін қолдану 31 МАМЫР 2024SDU UNIVERSITY, ҚАСКЕЛЕҢ ФОРУМ ЖАЙЛЫ СПИКЕРЛЕР ФОРУМ БАҒДАРЛАМАСЫ ЛОКАЦИЯ ЖӘНЕ ОРНАЛАСУ БАЙЛАНЫС ФОРУМҒА ТІРКЕЛУ Форум туралы Бұл Форум Назарбаев Университеті мен КИМЭП Университетінің 2019 жылы бірлесіп өткізген форумының және воркшоптардың жалғасы болып табылады.Форум институционалдық зерттеулердің өзекті тақырыптарына …

IR Forum Read More »

Enactus SDU командасы ширек финалға жолдама алды

Enactus SDU командасы ширек финалға жолдама алды Enactus SDU командасын 25-26 сәуірде Астанада өткен ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 көрмесінде Ерте кезең лигасының ширек финалына шығуымен құттықтаймыз! ENACTUS SDU командасы макулатураны қайта өңдеу және жинау схемасын әзірлей отырып, Qag-az жобасын ойлап тапты. Жоба барысында студенттер 350 келіден астам макулатураны қайта өңдеді. Enactus Kazakhstan ұйымдастырған бұл …

Enactus SDU командасы ширек финалға жолдама алды Read More »

Цифрлық қаржылық, криптоактив және блокчейн зерттеу орталығы

ЦИФРЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ, КРИПТОАКТИВ ЖӘНЕ БЛОКЧЕЙН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ Орталық туралы Қазіргі таңда барлық бизнес, соның ішінде шағын және орта бизнес, 4-ші өнеркәсіптік революцияның әсеріне ұшырауда. Төлем платформаларын, цифрлық валюталарды, қаржылық қызметтер мен өнімдерге арналған қосымшаларды, цифрлық банктерді, машиналық оқытуды, қолданбалы бағдарламалау интерфейстеріндегі (API) және деректерді талдаудағы жетістіктерді енгізу біздің өмір сүру және іскерлік транзакцияларды жүргізу тәсілін …

Цифрлық қаржылық, криптоактив және блокчейн зерттеу орталығы Read More »

Бірлігі жарасқан SDU

Бірлігі жарасқан SDU 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай университетімізде Халықаралық Мәдениет Фестивалі өтті. Айтулы шараның ашылу салтанаты ту ұстаған студенттердің шеруімен басталып, қайырымдылық жәрмеңкесіне ұласты. Мерекелік шараға БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Өкілі Властимил Самек, Қазақстандағы Индонезия елшілігінің өкілі Джоэнис Дуана Сираит, АҚШ-тың Алматыдағы консулдығының қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкері Чад Киннер, Германияның Алматыдағы …

Бірлігі жарасқан SDU Read More »

«ЖОО кітапханасының әлемдік даму тенденциялары» конференциясы өтті

«ЖОО кітапханасының әлемдік даму тенденциялары» конференциясы өтті 26 сәуір күні SDU University қабырғасында «ЖОО кітапханасының қазіргі әлемдік даму тенденциялары» XІI Халықаралық конференциясы өтті. Ауқымды іс-шараға еліміздің әр аймағынан келген кітапхана қызметкерлері мен ғалымдар, оқытушы мамандар қатысты. Әр өңірден келген 150-ге жуық маманның басын қосқан конференцияның негізгі тақырыбы – «Қазіргі кітапхана – ЖОО-ның ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету …

«ЖОО кітапханасының әлемдік даму тенденциялары» конференциясы өтті Read More »

«Міндетті грант өтемі» тақырыбында түлектермен кездесу өтті

«Міндетті грант өтемі» тақырыбында түлектермен кездесу өтті 22 сәуір күні  Мемлекеттік грант негізінде білім алып жатқан бітіруші түлектермен “Қаржы орталығы” АҚ өкілімен кездесу өтті. Кездесу барысында “Қаржы орталығы” АҚ жетекші маманы Ақзира Серікқалиқызы білімгерлерге «Міндетті грант өтемі» тақырыбында сөз сөйлеп, мемлекеттік грантты жұмыспен өтеу жайлы ақпарат берді. Шара аясында білімгерлер тарапынан сұрақтар қойылып, мемлекеттік грантты …

«Міндетті грант өтемі» тақырыбында түлектермен кездесу өтті Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content