Search Results for: g

Freedom Holding Corp. қолдауымен жүзеге асқан Data Bootcamp бағдарламасы сәтті аяқталды

Freedom Holding Corp. қолдауымен жүзеге асқан Data Bootcamp бағдарламасы сәтті аяқталды Freedom Holding Corp. серіктестігімен жүзеге асқан Data Bootcamp бағдарламасы өз мәресіне жетті. Бағдарлама аясында 30 студент, 8 ментор (төртеуі – SDU оқытушылары, төртеуі – Freedom Holding Inc. компаниясының мамандары) және ұйымдастыру тобы бірлесе отырып, деректерді талдаудың негіздерінен бастап, финалдық Хакатонда нақты жобалар ұсынуға дейінгі …

Freedom Holding Corp. қолдауымен жүзеге асқан Data Bootcamp бағдарламасы сәтті аяқталды Read More »

SDU University THE Impact Rankings 2025 тізімінде

SDU University THE Impact Rankings 2025 тізімінде SDU University әлемнің 2 318-ден астам жоғары білім беру мекемелері арасында THE Impact Rankings 2025 жаһандық рейтингінде 1001–1500 орын аралығынан өз орнын қайта иеленгенін мақтанышпен хабарлайды. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (Sustainable Development Goals – SDGs) аясындағы бұл рейтинг жоғары оқу орындарының әлеуметтік, экологиялық және экономикалық тұрақтылық бағытындағы жаһандық …

SDU University THE Impact Rankings 2025 тізімінде Read More »

TOWNHALL MEETING 2025

TOWNHALL MEETING 2025 18 маусым күні SDU University-де қызметкерлер мен университет әкімшілігінің басын қосқан  TOWNHALL MEETING 2025 шарасы өтті. Кездесу барысында университет ректоры 2024–2025 оқу жылындағы негізгі нәтижелер мен жетістіктерге тоқталды. Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен стратегиялық басымдықтар таныстырылды. Университет басшылығы қызметкерлердің ұсыныстары мен пікірлерін тыңдап, өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасты. Бұл …

TOWNHALL MEETING 2025 Read More »

Hult Prize 2025 at SDU: From Idea to Global Change

Hult Prize 2025 at SDU: From Idea to Global Change On January 29, SDU University hosted Hult Prize Day, bringing together students passionate about social entrepreneurship. This event marked the first step in the global Hult Prize competition, which annually attracts young innovators from around the world to develop startups aimed at solving pressing social …

Hult Prize 2025 at SDU: From Idea to Global Change Read More »

SDU University мен Shanghai University of Electric Power арасында меморандумға қол қойылды

SDU University мен Shanghai University of Electric Power арасында меморандумға қол қойылды SDU University ректоры Әлімжан Игенбаев пен Халықаралық қатынастар офисінің директоры Бейбіт Дюсюпов арнайы іс-сапармен Қытай еліне аттанды. Сапар барысында SDU делегациясы Шанхайдың ең беделді оқу орындарының бірі – Shanghai University of Electric Power білім ордасында болып, екі жоғары оқу орны арасында ынтымақтастық орнатты. …

SDU University мен Shanghai University of Electric Power арасында меморандумға қол қойылды Read More »

QS Asia University Rankings 2025

QS Asia University Rankings 2025 SDU University беделді QS Asia University Rankings 2025 рейтингінде айтарлықтай жоғары нәтиже көрсеткенін қуана хабарлаймыз. Өткен жылы университетіміз Азия бойынша 551-600 орындар арасында болса, биыл 461-470 орындарға дейін көтерілді. Сонымен қатар, SDU Азияның ең үздік 500 университеті, Орталық Азияның ең үздік 30 университетінің қатарына кіріп, аймақтағы жетекші орнын және білім …

QS Asia University Rankings 2025 Read More »

SDU және Wyoming университеті арасында меморандумға қол қойылды

SDU және Wyoming университеті арасында меморандумға қол қойылды Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетіне АҚШ-тың Wyoming университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы арнайы іс-сапармен келді. Өзара ынтымақтастықты ниет етіп келген құрметті қонақтар,  SDU-дың тыныс-тіршілігіне шолу жасап, оқытушылық құраммен танысты. Нәтижесінде екі университет арасындағы меморандумға қол қойылды. Қол қою рәсіміне Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Мадияр Саудбаев, SDU University …

SDU және Wyoming университеті арасында меморандумға қол қойылды Read More »

SDU University Summer School on Kazakh & Russian Languages and Central Asia Studies – “Eurasia at Crossroads: Perspectives from Central Asia”

SDU University Summer School on Kazakh & Russian Languages and Central Asia Studies – “Eurasia at Crossroads: Perspectives from Central Asia” Жақында университетте 2 аптаға созылған Summer School шарасы өтті. “Eurasia at Crossroads: Perspectives from Central Asia” тақырыбын арқау еткен жазғы мектепке АҚШ, Германия және Дания мемлекетінен 14 адам қатысты. Шараның басты мақсаты – Орта …

SDU University Summer School on Kazakh & Russian Languages and Central Asia Studies – “Eurasia at Crossroads: Perspectives from Central Asia” Read More »

SDU University Times Higher Education Impact Rankings 2024 рейтингінде №1001-1500 аралығындағы орнын сақтап қалды

SDU University Times Higher Education Impact Rankings 2024 рейтингінде №1001-1500 аралығындағы орынын сақтап қалды Біз SDU университеттердің БҰҰ-ның Тұрақты Даму бағдарламасына қосқан үлесін бағалайтын THE Impact Rankings 2024 рейтингіне енгенін қуана хабарлаймыз. Биылғы жылы SDU 8 Тұрақты Даму Мақсаттары (ТДМ 1. Кедейлікті жою, ТДМ 3. Жақсы денсаулық және әл-ауқат, ТДМ 4. Сапалы білім беру, ТДМ …

SDU University Times Higher Education Impact Rankings 2024 рейтингінде №1001-1500 аралығындағы орнын сақтап қалды Read More »

SDU University QS World University Rankings 2025 рейтингінде №1201-1400 аралығындағы позициясын сақтап қалды

SDU University QS World University Rankings 2025 рейтингінде №1201-1400 аралығындағы позициясын сақтап қалды Біз SDU University әлемдік деңгейдегі академиялық жетістігін бағалайтын QS World University Rankings 2025 рейтингінде №1201-1400 аралығындағы орнын сақтап қалғаны туралы қуана хабарлаймыз. 120 қазақстандық университет ішінде тек 21 жоғары оқу орны ғана рейтингтен орын тапты. SDU University Қазақстанның басқа университеттерімен салыстырғанда бірқатар …

SDU University QS World University Rankings 2025 рейтингінде №1201-1400 аралығындағы позициясын сақтап қалды Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content