Search Results for: g

Бедел түлектер

Бағдат Мусин Туған жері: Екібастұз қаласы, Павлодар облысыТілдер: Қазақ тілі, Ағылшын тілі, Орыс тілі, Түрік тіліЛауазымы: Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріКәсібі: IT маманы,Иновациялық көшбасшы, КәсіпкерБілімі:– Компьютерлік ғылымдар, SDU University, 2000-2004– Заңгер, Қазақстанның құқық және халықаралық қатынастар институты, 2004-2006Жұмыс тәжірибесі: 2004-2007 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік органдарда IT бөлімшелерін құру департаментінің …

Бедел түлектер Read More »

Қазақстанның 17 қаласында SPT олимпиадасы өтті

Қазақстанның 17 қаласында SPT олимпиадасы өтті SDU University жыл сайын талапкерлерге арнап республикалық деңгейде олимпиада өткізеді. SPT олимпиадасы мектеп және колледж түлектеріне болашақ мамандықтарын таңдауға көмектеседі әрі грантқа ие болу мүмкіндігін ұсынады.  9 наурыз күні еліміздің 17 қаласында SDU университетінің ұйымдастыруымен SPT олимпиадасы өтті. Олимпиадаға жалпы 8481 оқушы тіркеліп, оның 2775-і қатысып, өз білімдерін сынады. …

Қазақстанның 17 қаласында SPT олимпиадасы өтті Read More »

SDU университетінде “Тиімді басқару нұсқаулығы: Тәжірибе. Стратегия. Әрекет” атты форум өтті

SDU университетінде “Тиімді басқару нұсқаулығы: Тәжірибе. Стратегия. Әрекет” атты форум өтті 2025 жылдың 14 наурызында SDU University және Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектеп және колледж директорларына арналған “Тиімді басқару нұсқаулығы: Тәжірибе. Стратегия. Әрекет” атты ауқымды форум өтті. Іс-шараға 370-тен астам білім беру мекемесінің басшылары, сарапшылар мен тәжірибелі мамандар қатысты. Форум …

SDU университетінде “Тиімді басқару нұсқаулығы: Тәжірибе. Стратегия. Әрекет” атты форум өтті Read More »

Ғылым апталығы 2025

Іс-шара туралы Бағдарлама Жарыстар Семинар Байланыс KZ RU EN Science Week 2025 7 – 11 Cәуір 2025 Іс-шара туралы Science Week – ғылымды танымал етуге бағытталған іс-шара. Ғылымды студенттер, зерттеушілер және кең аудитория үшін қолжетімді, қызықты әрі шабыттандыратын апта. Дәрістер, воркшоптар және жарыстар  сериясы қатысушыларға идеялармен алмасуға, озық зерттеулермен танысуға және ғылымның өмірімізге тигізетін нақты …

Ғылым апталығы 2025 Read More »

INCLUSION WEEK 2025

INCLUSION WEEK 2025 Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультеті мен  SDU Оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған инклюзия апталығы өз мәресіне жетті. SDU қауымдастығы инклюзивті қоғам құру жолында маңызды шараларды қолға алуда. 2025 жылғы 24-28 ақпан аралығында өткен “Inclusion Week 2025” апталығы – осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі болды. Апталықтың негізгі мақсаты – SDU қауымдастығында инклюзивті ортаны қалыптастыру, ақпараттандыру …

INCLUSION WEEK 2025 Read More »

SDU PhD түлектерін құттықтаймыз!

SDU PhD түлектерін құттықтаймыз! SDU University PhD докторанттардың оқуын сәтті аяқтап, диплом алғаны туралы маңызды оқиғаны үлкен мақтанышпен хабарлайды. Бүгін біз Гүлжаухар Асанбаева және Мансур Токановты құттықтаймыз. Осы талантты жас ғалымдар жоғары академиялық дайындық пен ғылыми зерттеулерге деген адалдығын көрсетті. Біз PhD докторанттардың болашақтағы кәсіби қызметі еліміздің ғылымының дамуы мен халықаралық ынтымақтастыққа елеулі үлес қосатынына …

SDU PhD түлектерін құттықтаймыз! Read More »

SDSN Қазақстан

Конференция жайлы Маңызды күндер Комитет Зерттеу бағыттары Нұсқаулық Спикерлер Серіктестер Орналасуы Байланыс KZ RU EN Конференция жайлы Маңызды күндер Комитет Зерттеу бағыттары Нұсқаулық Спикерлер Серіктестер Орналасуы Байланыс Тіркелу KZ RU EN SDSN Қазақстанның 3-ші конференциясы: Тұрақты даму мен төзімділікті қалыптастырудағы әріптестік пен ынтымақтастық SDU университеті, Қаскелең 16 Мамыр, 2025 жыл Конференция Жайлы Ақпарат Қазақстанның Тұрақты …

SDSN Қазақстан Read More »

SDU Extension School “Теориядан практикаға: Тиімді 45 минут” атты семинар өткізді

SDU Extension School “Теориядан практикаға: Тиімді 45 минут” атты семинар өткізді 2025 жылдың 22 ақпанында SDU Extension School сұранысқа ие болған “Теориядан практикаға: Тиімді 45 минут” атты семинарының жетінші легін өткізді. Семинар спикері – SDU University Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің профессоры Шаттыгүл Ерхожина. Ол қатысушылармен сабақ барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер, сабақты жоспарлау және үлгерім …

SDU Extension School “Теориядан практикаға: Тиімді 45 минут” атты семинар өткізді Read More »

Hult Prize 2025 SDU-де: идеядан жаһандық өзгеріске дейін

Hult Prize 2025 SDU-де: идеядан жаһандық өзгеріске дейін 29 қаңтарда СДУ университетінде әлеуметтік кәсіпкерлікке қызығушылық танытқан студенттердің басын қосқан Hult Prize Day өтті. Бұл іс-шара жыл сайын бүкіл әлемнен жас жаңашылдарды өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған стартаптарды әзірлеуге тартатын жаһандық Hult Prize байқауының алғашқы қадамы болды. Бағдарлама барысында қатысушылар Hult Prize тұжырымдамасымен танысып, байқаудың ашатын …

Hult Prize 2025 SDU-де: идеядан жаһандық өзгеріске дейін Read More »

SDU University мен Өзбекстан-Финляндия педагогикалық институты ынтымақтастық орнатты

SDU University мен Өзбекстан-Финляндия педагогикалық институты ынтымақтастық орнатты SDU Халықаралық қатынастар офисінің директоры Бейбіт Дюсюпов пен Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқытушысы Азат Қали Самарқанд қаласына сапар шегіп, көне шаһарда орналасқан Өзбекстан-Финляндия педагогикалық институтымен ынтымақтастық орнатып қайтты. Өзара келісім нәтижесінде меморандумға қол қойылды. Екі ЖОО арасындағы бұл әріптестік білім беру сапасын арттырып қана қоймай, сондай-ақ …

SDU University мен Өзбекстан-Финляндия педагогикалық институты ынтымақтастық орнатты Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content