Search Results for: a

Көрнекті ұстаз Yusuf YAYLACI құрметіне олимпиада ұйымдастырылды

Көрнекті ұстаз Yusuf Yaylaci құрметіне олимпиада ұйымдастырылды Бүгін SDU University қабырғасында білікті ұстаз Yusuf Yaylaci құрметіне алғаш рет ұйымдастырылып отырған Ішкі Тіл олимпиадасының ашылу салтанаты өтті.   Yusuf Yaylaci Қазақстандағы ұстаздық қызметін ең алғаш 1993 жылы Қарағанды қаласынан бастайды. Кейін 2006 жылы SDU университетінде филология факультетінің деканы болып тағайындалып, факультеттің дамуы жолында орасан еңбек етті. …

Көрнекті ұстаз Yusuf YAYLACI құрметіне олимпиада ұйымдастырылды Read More »

“EDU Job Fair-2024” жұмыспен қамту жәрмеңкесі

“EDU Job Fair-2024” жұмыспен қамту жәрмеңкесі Наурыздың 29 күні SDU University қабырғасында “EDU Job Fair-2024” жұмыспен қамту жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – Қазақстанның жетекші білім беру ұйымдарымен танысу арқылы SDU университетіндегі Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультет түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейін арттыру еді. Педагогикалық бағыттағы 11 мамандықты қамтыған шараға 4 курс студенттері қатысып, жұмыс ұсынған …

“EDU Job Fair-2024” жұмыспен қамту жәрмеңкесі Read More »

Тарих ізімен: ZAMANA club тарихшыларының өзбек еліне сапары

Тарих ізімен: ZAMANA club тарихшыларының өзбек еліне сапары 23-24 наурыз күндері Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқытушылары мен Zamana клубының жас тарихшылары Өзбекстанның Ташкент және Самарқан қалаларына сапар шекті. Сапардың басты мақсаты – бауырлас елдің мәдениетімен жақынырақ танысып, тарихи-архитектуралық ескерткіштеріне шолу жасау еді. Саяхатшы топ Ташкент қаласындағы Хаст Имам кешені, Төле би кесенесі, Чорсу базары …

Тарих ізімен: ZAMANA club тарихшыларының өзбек еліне сапары Read More »

FIBAA аккредиттеу бағдарламасы SDU университетінде

FIBAA аккредиттеу бағдарламасы SDU университетінде 18-19 наурыз күндері SDU University Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Халықаралық құқық» және «Қолданбалы құқық» мамандықтары және SDU Бизнес мектебінің «Есеп және аудит», «Қаржы» білім беру бағдарламалары 1-кластер бойынша FIBAA аккредитациясынан өтеді. Білім сапасына бақылау жүргізу мақсатында Германиядан 8 сарапшы маман келді. FIBAA ресми түрде танылған еуропалық аккредиттеу агенттігі болып …

FIBAA аккредиттеу бағдарламасы SDU университетінде Read More »

Студенттер арасында Enactus байқауы өтті

Студенттер арасында Enactus байқауы өтті Ақпан айының 17-23 аралығында университет қабырғасында Enactus Student Case Competition 2024 шарасы өтті. Жарыс 2 кезеңнен тұрды, екінші кезеңде командалар SDU аумағындағы азық-түлікке байланысты туындаған қиындықтардың шешімін ұсынуы тиіс еді. Сайысқа 18 команда қатысып, оның ішінде 6 топ финалға шықты. Нәтижесінде «Kaskelen Street көкжалдары», «The Winners», «Creative» командалары топ жарып, …

Студенттер арасында Enactus байқауы өтті Read More »

SDU университеті ASIIN Global University Network Excellence желісіне (AGUNE) мүше ретінде шараның ашылу салтанатына қатысты

SDU университеті ASIIN Global University Network Excellence желісіне (AGUNE) мүше ретінде шараның ашылу салтанатына қатысты SDU университетін Германияның Инженерлік, информатика, жаратылыстану ғылымдары және математика саласындағы оқу бағдарламалары бойынша аккредиттеу агенттігі (ASIIN) Қазақстан, Германия, Индонезия, Қытай, Түркия, Финляндия, Египет, Сербия, Мексика, Грузия университеттерімен қатар, ASIIN Жаһандық университеттер желісінің (AGUNE) негізін қалаушы мүшелерінің бірі болуға шақырды. Бұл …

SDU университеті ASIIN Global University Network Excellence желісіне (AGUNE) мүше ретінде шараның ашылу салтанатына қатысты Read More »

SDU University білім ордасында ACQUIN халықаралық аккредиттеу бағдарламасы өтуде

SDU University білім ордасында ACQUIN халықаралық аккредиттеу бағдарламасы өтуде Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінде ACQUIN халықаралық аккредиттеу бағдарламасы өтуде. Аккредиттеу аударма ісі және екі шет тілі (BA, MA) мамандықтары бойынша жүзеге асып жатыр. ACQUIN бағдарламалық аккредиттеуі “Еуропалық жоғары білім кеңістігіндегі сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулықтарына” (ESG) сәйкес келеді. Аккредиттеу шеңберінде білім беру бағдарламаларын бағалауды …

SDU University білім ордасында ACQUIN халықаралық аккредиттеу бағдарламасы өтуде Read More »

IRN AP19679071

Әділетті, адам құқықтары принциптері мен құндылықтарын құрметтейтін және қуатты Қазақстанды құру (әлеуметтік әділеттілік, инклюзив бірегейлік, деколониалдық көзқарас) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіIRN № AP19679071 Жоба мақсаты Әділетті және қуатты мемлекетті құру жолдарын тұжырымдау болып табылады, бұл үшін институттандырылған әлеуметтік әділеттілікке, эгалитарлық түсініктегі республика ұғымына (бұл құрылымдық деңгейдегі кедейлікті жоюды, денсаулық құқығы, денсаулық сақтау …

IRN AP19679071 Read More »

«SDU LAW Olimpiade-2024» жеңімпазы бол!

«SDU LAW Olimpiade-2024» жеңімпазы бол! SDU University мекемесі Сіздерді, жалпы орта білім бағдарламаларын жүзеге асыратын барлық білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларына арналған “SDU LAW Olimpiade-2024” өтетіні туралы хабардар етеді. Олимпиада «Құқық және Әлеуметтік ғылымдар» факультетінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 07.02-29.02 аралығында өтеді. Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеті: құқықтық білімді насихаттау және оқушылардың осы салаға деген қызығушылыған …

«SDU LAW Olimpiade-2024» жеңімпазы бол! Read More »

Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күні өтті

Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күні өтті 2023 жылдың 22 желтоқсанында Алматыдағы Abai University қабырғасында Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күні өтті. Аталмыш шараға университетіміздің атынан Халықаралық қатынастар офисінің білікті мамандары қатысты. Сессиялар барысында Erasmus+ жобаларын жүргізіп отырған отандық ЖОО-лар өз тәжірибелерімен бөлісіп, еліміздің барлық өңірінен келген басқа да ЖОО өкілдері арасында  Erasmus+ жобалары бойынша нәтижелі диалог құрылып, …

Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күні өтті Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content