Search Results for: a

SDU University Times Higher Education Impact Rankings 2024 рейтингінде №1001-1500 аралығындағы орнын сақтап қалды

SDU University Times Higher Education Impact Rankings 2024 рейтингінде №1001-1500 аралығындағы орынын сақтап қалды Біз SDU университеттердің БҰҰ-ның Тұрақты Даму бағдарламасына қосқан үлесін бағалайтын THE Impact Rankings 2024 рейтингіне енгенін қуана хабарлаймыз. Биылғы жылы SDU 8 Тұрақты Даму Мақсаттары (ТДМ 1. Кедейлікті жою, ТДМ 3. Жақсы денсаулық және әл-ауқат, ТДМ 4. Сапалы білім беру, ТДМ …

SDU University Times Higher Education Impact Rankings 2024 рейтингінде №1001-1500 аралығындағы орнын сақтап қалды Read More »

SDU University QS World University Rankings 2025 рейтингінде №1201-1400 аралығындағы позициясын сақтап қалды

SDU University QS World University Rankings 2025 рейтингінде №1201-1400 аралығындағы позициясын сақтап қалды Біз SDU University әлемдік деңгейдегі академиялық жетістігін бағалайтын QS World University Rankings 2025 рейтингінде №1201-1400 аралығындағы орнын сақтап қалғаны туралы қуана хабарлаймыз. 120 қазақстандық университет ішінде тек 21 жоғары оқу орны ғана рейтингтен орын тапты. SDU University Қазақстанның басқа университеттерімен салыстырғанда бірқатар …

SDU University QS World University Rankings 2025 рейтингінде №1201-1400 аралығындағы позициясын сақтап қалды Read More »

Science Talks: All about inclusion

Science Talks: All about inclusion Инклюзивті білім беру – бүгінгі қоғам қажеттілігі. Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің ұйымдастыруымен SDU Life ғимаратында «Science Talks: All about inclusion» тақырыбында ғылыми шара өтті. Шара барысында инклюзивті білім бағытындағы зерттеулер талқыға салынды. Ғылыми және талқылауға арналған ашық алаң бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі мақсаты – инклюзивті білім беру саласындағы отандық …

Science Talks: All about inclusion Read More »

SDU студенті Қытайда өткен Huawei ICT Competition сайысының жеңімпазы атанды

SDU студенті Қытайда өткен Huawei ICT Competition сайысының жеңімпазы атанды Қазақстандық студенттер Қытайдың Шыңжаң қаласында өткен халықаралық Huawei ICT Competition байқауында екі негізгі бағыт бойынша 1 орынды иеленіп жеңімпаз атанды. Әлемнің 90-ға жуық елінен 2000 университет, 170 000 студент қатысқан тартысты доданың мәртебесі жыл өткен сайын артып келеді. Осындай ауқымды сайыста Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінің …

SDU студенті Қытайда өткен Huawei ICT Competition сайысының жеңімпазы атанды Read More »

SAP CONFERENCE 2024

SAP CONFERENCE 2024 Мамыр айының 20-21 күндері SDU университетінде Орталық Азия және Кавказ елдерінің білікті сарапшылары қатысқан SAP академиялық конференциясы өтті. Ауқымды шараның ашылуында Оқу істері жөніндегі проректор Андрей Богданчиков және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия бойынша SAP-тың басқарушы директоры Александр Метечко сөз сөйлеп, конференцияның барлық қатысушыларына сәттілік тіледі. Екі күндік шара барысында SAP сарапшылары …

SAP CONFERENCE 2024 Read More »

“Nature and Motion” көрмесі

“Nature and Motion” көрмесі Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультеті Мультимедиялық зертханамен бірлесіп ұйымдастырған “Nature and Motion” көрмесі инновациялық жобаларды көрсету алаңы ретінде қызмет етіп, «Мультимедиялық ғылымдар» және «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарында оқитын студенттердің шығармашылықтарына серпін берді. Ол екі іргелі курсқа негізделген: INF 362 «Өндіріске арналған дизайн» (3 курс студенттері үшін) және MMS 104 «Инженерлік графика» (1 …

“Nature and Motion” көрмесі Read More »

Enactus SDU командасы ширек финалға жолдама алды

Enactus SDU командасы ширек финалға жолдама алды Enactus SDU командасын 25-26 сәуірде Астанада өткен ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 көрмесінде Ерте кезең лигасының ширек финалына шығуымен құттықтаймыз! ENACTUS SDU командасы макулатураны қайта өңдеу және жинау схемасын әзірлей отырып, Qag-az жобасын ойлап тапты. Жоба барысында студенттер 350 келіден астам макулатураны қайта өңдеді. Enactus Kazakhstan ұйымдастырған бұл …

Enactus SDU командасы ширек финалға жолдама алды Read More »

SDU.Humanity.Olimpiade – 2024

SDU.Humanity.Olimpiade – 2024 Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің ұйымдастыруымен 11 сынып оқушыларына арналған “SDU.Humanity.Olimpiade – 2024” Облыстық Олимпиадасы өтетінін хабарлаймыз! Олимпиада «биология-география» бейіндік пәні бойынша өткізіледі. Үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаз: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»; «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»; «Педагогика және психология»; «Құндылықтарға негізделген әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламаларының бірінің «SDU University» ІШКІ ГРАНТ …

SDU.Humanity.Olimpiade – 2024 Read More »

Academic Publishing Bootcamp 2024

ACADEMIC PUBLISHING BOOTCAMP 2025 “Organized by SDU University in collaboration with Galym project“ .                23-29 маусым, 2025, Қаскелең Bootcamp жайлы Бағыттары Лекция тақырыптары Маңызды күндер Шақырылған спикерлер Bootcamp бағдарламасы Ұйымдастыру комитеті Байланыс Bootcamp жайлы Academic Publishing Bootcamp – PhD докторанттардың ғылыми жазу және зерттеу жасау дағдыларын жетілдіру мен …

Academic Publishing Bootcamp 2024 Read More »

Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің екі мамандығы ACQUIN Бағдарламалық Аккредиттеуінен сәтті өтті

Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің екі мамандығы ACQUIN Бағдарламалық Аккредиттеуінен сәтті өтті Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің “Шет тілі: екі шет тілі” және “Аударма ісі” мамандықтары 8 жылға ACQUIN аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институтынан сертификат алды. ACQUIN бағдарламалық аккредиттеуі “Еуропалық жоғары білім кеңістігіндегі сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулықтарына” (ESG) сәйкес келеді. Аккредиттеу …

Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің екі мамандығы ACQUIN Бағдарламалық Аккредиттеуінен сәтті өтті Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content