Search Results for: a

Halyk Bank жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Halyk Bank жаңа мүмкіндіктер ұсынады SDU University мекемесінің әлеуметтік осал топтарға жататын дарынды студенттеріне олардың білім алуына қолдау көрсету үшін оқу ақысына жеңілдік байқауына қатысу мүмкіндігі бар екенін қуана хабарлаймыз! Конкурсқа қатысу үшін, https://forms.gle/g2EsZTgZzUtXbvA8A сілтемесі арқылы ақпаратты толтырып, дәлелдеуші құжаттар, мотивациялық хат, эдвайзер мінездемесін 29.12.2024 күніне дейін тіркеу қажет. Конкурс нәтижесі 31.12.2024 күні университеттің ресми …

Halyk Bank жаңа мүмкіндіктер ұсынады Read More »

SDU University ректоры ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі делегациясының құрамында Huawei компаниясының басшылығымен жүздесті

SDU University ректоры ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі делегациясының құрамында Huawei компаниясының басшылығымен жүздесті SDU университетінің ректоры Әлімжан Игенбаев Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі делегациясының құрамында болып, әлемдік деңгейдегі жетекші компания – Huawei басшыларымен маңызды кездесу өткізді. Бұл кездесуге Huawei вице-президенті Ли Цзюньфэнь, Huawei Kazakhstan бас директоры Макс Чжао және ҚР Ғылым …

SDU University ректоры ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі делегациясының құрамында Huawei компаниясының басшылығымен жүздесті Read More »

SDU University мен Shanghai University of Electric Power арасында меморандумға қол қойылды

SDU University мен Shanghai University of Electric Power арасында меморандумға қол қойылды SDU University ректоры Әлімжан Игенбаев пен Халықаралық қатынастар офисінің директоры Бейбіт Дюсюпов арнайы іс-сапармен Қытай еліне аттанды. Сапар барысында SDU делегациясы Шанхайдың ең беделді оқу орындарының бірі – Shanghai University of Electric Power білім ордасында болып, екі жоғары оқу орны арасында ынтымақтастық орнатты. …

SDU University мен Shanghai University of Electric Power арасында меморандумға қол қойылды Read More »

Fortinet Security Day Almaty 2024

Fortinet Security Day Almaty 2024 Біздің студенттер мен оқытушылар киберқауіпсіздік саласындағы маңызды іс-шаралардың біріне қатысты. Fortinet Security Day Tech Expo форматында өтті, мұнда Fortinet-тің жетекші сарапшылары мен серіктестері ақпараттық қауіпсіздік саласындағы озық инновациялық шешімдермен бөлісті. Тақырыптар киберқауіпсіздікті AI арқылы автоматтандырудан бастап, нөлдік сенім архитектурасына және жаңа буын кампус желілеріндегі ең жақсы тәжірибелерге дейінгі барлық салаларды …

Fortinet Security Day Almaty 2024 Read More »

QONAEV CUP 2024 халықаралық шахмат турнирі

QONAEV CUP 2024 халықаралық шахмат турнирі Университетімізде QONAEV CUP 2024 халықаралық шахмат турнирі өтті. Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен үшінші рет өткізілген шараға Қазақстан мен шетелден келген шахмат шеберлері қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы сөз сөйлеп, шахматтың ақыл мен стратегияны, табандылық пен шыдамдылықты талап ететін ерекше спорт түрі екенін атап өтті. Салтанатты …

QONAEV CUP 2024 халықаралық шахмат турнирі Read More »

QS Asia University Rankings 2025

QS Asia University Rankings 2025 SDU University беделді QS Asia University Rankings 2025 рейтингінде айтарлықтай жоғары нәтиже көрсеткенін қуана хабарлаймыз. Өткен жылы университетіміз Азия бойынша 551-600 орындар арасында болса, биыл 461-470 орындарға дейін көтерілді. Сонымен қатар, SDU Азияның ең үздік 500 университеті, Орталық Азияның ең үздік 30 университетінің қатарына кіріп, аймақтағы жетекші орнын және білім …

QS Asia University Rankings 2025 Read More »

EXPLORANCE BLUENOTES MENA 2024

Explorance Bluenotes MENA 2024 Қараша айының 5-7 аралығында Дубай қаласында өткен Explorance Bluenotes MENA 2024 конференциясына SDU атынан Сапа мониторингі департаментінің директоры Гүлназ Тогузбаева мен сарапшы маман әрі оқытушы Сәуле Жардаева қатысты. Айтулы шараға мамандар өз тәжірибесімен бөлісу мақсатында шақырылған. Атап айтқанда, білімгерлерді сапаны қамтамасыз ету жүйесіне, университеттің барлық бастамаларына және оқу үдерісіне толығымен ілестіру …

EXPLORANCE BLUENOTES MENA 2024 Read More »

SDU University мен Малайзиядағы Sultan Idris Education University арасында серіктестік орнады

SDU University мен Малайзиядағы Sultan Idris Education University арасында серіктестік орнады Бүгін Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Жайнагүл Дүйсебекова және Sultan Idris Education University өкілдері маңызды келісімге қол қойды. Бұл келісім «6B01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие беру» білім беру бағдарламасы аясында, гуманитарлық ғылымдар кафедрасының басшылығымен жасалды. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі және 25 000-нан …

SDU University мен Малайзиядағы Sultan Idris Education University арасында серіктестік орнады Read More »

FIBAA бағдарламалық акредитациясы 5 жылға берілді

FIBAA бағдарламалық аккредитациясы 5 жылға берілді FIBAA Аккредиттеу және Сертификаттау Комитеті шешімімен, SDU Бизнес мектебінің бакалавриат деңгейіндегі 5 білім беру бағдарламалары: “Қаржы”, “Есеп және Аудит”, “Экономика”, “Менеджмент” және “Диджитал маркетинг”, сонымен қатар, Құқық және Әлеуметтік ғылымдары факультетінің “Халықаралық құқық”, “Қолданбалы құқық” бағдарламалары 5 жылға аккредиттеуден сәтті өтті. Барлық бағдарламалар “FIBAA Quality Seal” сапа белгісіне ие …

FIBAA бағдарламалық акредитациясы 5 жылға берілді Read More »

SDU University Summer School on Kazakh & Russian Languages and Central Asia Studies – “Eurasia at Crossroads: Perspectives from Central Asia”

SDU University Summer School on Kazakh & Russian Languages and Central Asia Studies – “Eurasia at Crossroads: Perspectives from Central Asia” Жақында университетте 2 аптаға созылған Summer School шарасы өтті. “Eurasia at Crossroads: Perspectives from Central Asia” тақырыбын арқау еткен жазғы мектепке АҚШ, Германия және Дания мемлекетінен 14 адам қатысты. Шараның басты мақсаты – Орта …

SDU University Summer School on Kazakh & Russian Languages and Central Asia Studies – “Eurasia at Crossroads: Perspectives from Central Asia” Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content