Search Results for: a

SDU университеті Red Hat Academy Excellence бағдарламасы аясында Advanced Partner 2025 мәртебесіне ие болды

SDU университеті Red Hat Academy Excellence бағдарламасы аясында Advanced Partner 2025 мәртебесіне ие болды SDU университеті Red Hat Academy Excellence бағдарламасы аясында Advanced Partner 2025 мәртебесіне ие болғанын мақтанышпен хабарлаймыз. Бұл мәртебе біздің студенттермен жұмыс істеудегі белсенділігімізді, нәтижелерімізді және бағдарламаны енгізудегі жетістігімізді көрсетеді. Advanced Partner мәртебесі Red Hat Academy бағдарламаларын сәтті жүзеге асырып, студенттердің жетістіктерін қамтамасыз …

SDU университеті Red Hat Academy Excellence бағдарламасы аясында Advanced Partner 2025 мәртебесіне ие болды Read More »

AWS Student Day

AWS Student Day 4 сәуірде SDU University-де бұлтты технологиялар саласындағы ең ірі білім беру шарасы – AWS Student Day өтті. Бұл іс-шара Cloud, DevOps және AI әлеміне тереңірек үңілгісі келген студенттерді, оқытушыларды және IT-әуесқойларды біріктірді. Іс-шара AWS пен qCloudy компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды. Шарада келесі негізгі сәттер қамтылды: Қазақстан мен Қырғызстаннан 300-ден астам қатысушы AWS және …

AWS Student Day Read More »

FIBAA: сапаны қамтамасыз етудегі маңызды қадам

FIBAA: сапаны қамтамасыз етудегі маңызды қадам SDU University білім беру сапасын жақсарту және халықаралық стандарттарға сай болу мақсатында маңызды қадам жасап, институционалды аккредитация үдерісінен өтуде. 2025 жылдың 1-3 сәуір аралығында университет FIBAA халықаралық агенттігінің сарапшылар тобын қарсы алды. Мамандар сапар барысында университеттің білім беру жүйесімен тереңірек танысып, білімгерлермен, түлектермен, профессорлық-оқытушылық құраммен, факультет қызметкерлерімен және университет …

FIBAA: сапаны қамтамасыз етудегі маңызды қадам Read More »

Enactus

ENACTUS КОМАНДА ТУРАЛЫ ENACTUS МИССИЯСЫ ENACTUS ДЕГЕНІМІЗ НЕ? ENACTUS ЖОБАЛАРЫ ENACTUS КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ БОЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? БАЙЛАНЫС КОМАНДА ТУРАЛЫ Қазіргі уақытта ұйым құрамында жобалық қызметпен айналысатын 20 белсенді студент бар.Команда мүшелері – әртүрлі факультеттердің студенттері, олардың қызығушылықтары мен дағдылары әртүрлі. Сабина Рахметова Төраға Айна Ильгамова Төрағаның орынбасары Рауль Нурмухаметов Өнім менеджері (Qagazтобының капитаны) …

Enactus Read More »

INFOMATRIX ASIA 2025

INFOMATRIX ASIA 2025 29-31 наурыз аралығында Астана қаласында Infomatrix Asia 2025 халықаралық компьютерлік жоба байқауы өтті. Бұл бірегей шара IT саласындағы жас дарындарды қолдап, олардың жаңашыл идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, байқау мәдениетаралық ынтымақтастықтың дамуына үлкен септігін тигізді. Үш күнге созылған интеллектуалдық сайыстың қорытындысы бойынша үздік жобалар анықталып, жас өнертапқыштар мен зерттеушілер лайықты …

INFOMATRIX ASIA 2025 Read More »

Hult Prize 2025 at SDU: From Idea to Global Change

Hult Prize 2025 at SDU: From Idea to Global Change On January 29, SDU University hosted Hult Prize Day, bringing together students passionate about social entrepreneurship. This event marked the first step in the global Hult Prize competition, which annually attracts young innovators from around the world to develop startups aimed at solving pressing social …

Hult Prize 2025 at SDU: From Idea to Global Change Read More »

Жаңа ғылыми жетістік: PHD IN EDUCATION иегерлері

Жаңа ғылыми жетістік: PHD IN EDUCATION иегерлері Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің Тілдік білім беру кафедрасының оқытушылары Идаятулла Адиханов пен Зульяр Кавашев білім беру саласы бойынша PhD in Education дәрежесін сәтті қорғап келді! Айта кететін жайт, екі оқытушы да NUGSE (Nazarbayev University Graduate School of Education) түлектері болып табылады. Мамандар кафедрада тілдік білім беруге қатысты …

Жаңа ғылыми жетістік: PHD IN EDUCATION иегерлері Read More »

PhD Power-Up: Зерттеу және дағдылар Bootcamp – сәтті өтті

PhD Power-Up: Зерттеу және дағдылар Bootcamp – сәтті өтті 15-17 қаңтар аралығында өткен PhD Power-Up Bootcamp-ы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, докторанттар үшін маңызды ғылыми алаңға айналды. Қатысушылар әдеби шолу жүргізу, зерттеу әдістерінің инновациялық тәсілдері және деректерді талдау бойынша құнды ақпарат алып, өз дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды. Іс-шараға өзге университеттердің докторанттары да қатысып, өз ойларын ортаға салды. …

PhD Power-Up: Зерттеу және дағдылар Bootcamp – сәтті өтті Read More »

SDU University мен Université Polytechnique Hauts-de-Franc ынтымақтастық орнатты

SDU University мен Université Polytechnique Hauts-de-Franc ынтымақтастық орнатты 27 қаңтарда SDU университеті О-де-Франс Политехник Университеті мен Қазақстандағы Сорбонна институтының делегациясын қабылдау мәртебесіне ие болды. Делегация құрамына Сорбонна институты мен Гéo-энергия орталығының директоры ханым Буссе, INSA университетінің халықаралық кеңсесінің директоры және профессор Морен, аударма ісі бойынша магистратура бағдарламасының тең директорлары және Тілдер, әдебиет және өнер академиялық …

SDU University мен Université Polytechnique Hauts-de-Franc ынтымақтастық орнатты Read More »

Multimedia Fest 2024

Multimedia Fest 2024 SDU, Narxoz, AlmaU және KazGASA студенттері өздері жасап шығарған жобаларының көрмесін өткізді. Бұл жұмыстар — олардың оқуы мен шығармашылық тәсілінің нәтижесі, болашақ индустрия көшбасшыларының лайықты үлгісі! Үздік спикерлер қатарында:🔹 Салтанат Бердіқұлова —  индустриялық жобаларды жүзеге асырудағы AlmaU тәжірибесі.🔹 Василий Терентьев (PRO VR) — ИИ көмегімен оқытудағы революция.🔹 Дәурен Тасбулатов — Тәңірлік мәдениеттің …

Multimedia Fest 2024 Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content