Search Results for: a

SDU University-ге шетелдік профессор Wayne M Wanta келді

SDU University-ге шетелдік профессор Wayne M Wanta келді Профессор Wayne M Wanta Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметіне шетелдік сарапшыларды тарту» бағдарламасы аясында Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетіне семинарлар, лекциялар өткізуге, сонымен қатар ғылыми мақалалар дайындап, білім беру бағдарламаларына шолу жасауға қатысуды жоспарлап отыр. …

SDU University-ге шетелдік профессор Wayne M Wanta келді Read More »

ИРН AP19676568

Қазақстандағы университеттер мен ғылыми институттарда зерттеуге қолайлы орта қалыптастыру Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ЖТН: AP19676568 Жобаның мақсаты Бұл жобаның мақсаты – сапалы және сандық әдістерді пайдалана отырып, Қазақстандағы университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарындағы ғылыми-зерттеу ортасын зерделеу және зерттеулер жүргізуге қолайлы жағдай мәдениетті қалыптастыру үшін нақты ұсыныстар әзірлеу. Жоба командасы Тлеуов Асқат PhD, Aссистент-профессор SDU университетінің …

ИРН AP19676568 Read More »

SDU University ASIIN пәндік аккредиттеуден өтті

SDU University ASIIN пәндік аккредиттеуден өтті Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінің 4 білім беру бағдарламасы (Математика бакалавриаты, математика магистрі, математика ғылымдарының докторы және математика және компьютерлік модельдеу бакалавриат бағдарламалары) 2023 жылғы 22 қыркүйектен бастап 6 жыл мерзімге жарамды және 2029 жылғы 30 қыркүйекке дейін жарамды ASIIN пәндік аккредитациясын алғанын қуана хабарлаймыз. Сараптамалық топтың және тиісті …

SDU University ASIIN пәндік аккредиттеуден өтті Read More »

Үздіксіз білім беру орталығы “Sabaq online” ұжымына семинар-тренинг өткізді

Үздіксіз білім беру орталығы “Sabaq online” ұжымына семинар-тренинг ұйымдастырды SDU University Үздіксіз білім беру орталығы Астана қаласынан келген “Sabaq online” ұжымына 6 сағаттық семинар-тренинг ұйымдастырды. Қатысушыларға семинар-тренинг 3 бағытты қамтыды: “Қарым-қатынас психологиясы”. Спикер: Әсем Каукенова, 6 жылдық тәжірибесі бар психолог; “Оқушыларды мамандықты дұрыс таңдауға бағыттау” Спикер: Омарбек Көшкімбайұлы 15 жылдық тəжірибесі бар профориентолог, коуч; “Қарым-қатынас …

Үздіксіз білім беру орталығы “Sabaq online” ұжымына семинар-тренинг өткізді Read More »

SDU University мен «Alan Tech» компаниясы серіктестік орнатты

SDU University мен «Alan Tech» компаниясы серіктестік орнатты SDU University Инженерлік және Жаратылыстану ғылымдары факультетінің Distributed Systems and Computing Lab зертханасына «Alan Tech» компаниясы Apache Spark кластерін орнатты. Distributed Systems and Computing Lab зерттеу және тәжірибелік жұмыстарға арналған, үлкен деректерді талдау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасы мен көлемін арттыру мақсатында құрылған. Зертханада жұмыс істейтін оқытушылар: докторантура, …

SDU University мен «Alan Tech» компаниясы серіктестік орнатты Read More »

Университетімізге Abai University-ден делегация қонаққа келді

Университетімізге Abai University-ден делегация қонаққа келді SDU University Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетіне Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің делегациясы арнайы қонаққа келді. Кездесу барысында оқытушылардың арасында академиялық алмасу, Мектепке дейінгі білім беру, Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандықтары аясында бірлескен бағдарламалар, өзара оқытушылардың біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, екі тарап еліміздегі педагогика саласында түрлі …

Университетімізге Abai University-ден делегация қонаққа келді Read More »

SDU QS World University Rankings 2024 рейтингіне кірді: SDU №1201-1400 орын арасында орналасты

SDU QS World University Rankings 2024 рейтингіне кірді: SDU №1201-1400 орын арасында орналасты Біз SDU-дың әлемдік деңгейдегі академиялық репутациясын бағалайтын QS World University Rankings 2024 рейтингінде орын алғанын қуана хабарлаймыз. 120 қазақстандық университеттері ішінде тек 21 жоғары оқу орны ғана рейтингке ие болды. QS World University Rankings 2024 рейтингінде 3 000-ға жуық әлемдік университет бағаланып, …

SDU QS World University Rankings 2024 рейтингіне кірді: SDU №1201-1400 орын арасында орналасты Read More »

СДУ-да қызметкерлермен Townhall кездесуі өтті

СДУ-да қызметкерлермен Townhall кездесуі өтті Бүгін СДУ ректоры мен академиялық, ғылыми, әкімшілік, әлеуметтік, қаржы бағыттары бойынша проректорлары Университетіміздің қызметкерлерімен TOWNHALL MEETING кездесуін өткізді. Кездесуде Университет басшылығы әкімішлік қызметкерлер мен профессорлық-оқытушылық құрам алдында жылдық атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, осы оқу жылындағы Университет жетістіктерімен бөлісті. Сондай-ақ сұрақ-жауап бөлімінде өзекті мәселелерді талқылап, жаңа оқу жылында болатын СДУ-дағы …

СДУ-да қызметкерлермен Townhall кездесуі өтті Read More »

Times Higher Education Impact Rankings 2023: SDU Нәтижелері

Университетімізде психологтардың форумы өтті Біз SDU университеттердің БҰҰ-ның Тұрақты Даму бағдарламасына қосқан үлесін бағалайтын THE Impact Rankings 2023 рейтингіне енгенін қуана хабарлаймыз. Биылғы жылы SDU 8 Тұрақты Даму Мақсаттары (ТДМ 1. Кедейлікті жою, ТДМ 3. Жақсы денсаулық және әл-ауқат, ТДМ 4. Сапалы білім беру, ТДМ 5. Гендерлік теңдік, ТДМ 8. Лайықты жұмыс және экономикалық өсу, …

Times Higher Education Impact Rankings 2023: SDU Нәтижелері Read More »

СДУ мен Inha University қос дипломды білім беру бағдарламасына келісті

СДУ мен Inha University қос дипломды білім беру бағдарламасына келісті СДУ басшылық құрамының Оңтүстік Корея еліне іссапары барысында бірқатар жоғарғы оқу орындарына арнайы барып, ынтымақтастық келіссөздер жасасты.Соның ішінде, Оңтүстік Корей елінің 1954 жылы құрылған беделді әрі ірі университеттерінің бірі Inha University-не СДУ ректоры Игенбаев Әлімжан, Әкімшілік істер жөніндегі проректор Али Кочак және Халықаралық қатынастар офисінің …

СДУ мен Inha University қос дипломды білім беру бағдарламасына келісті Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content