Search Results for: Order

Сапа мониторинг департаменті

САПАНЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ SDU University жан-жақты және үздіксіз дамып отыратын Сапаны басқару жүйесі арқылы жоғары сапалы білім беруге ұмтылады. Үздіксіз жетілдіру мәдениетіне негізделген бұл жүйе оқу үдерістерін, ғылыми зерттеулерді және қоғаммен байланыс қызметін қамти отырып, Университеттің қызметі ұлттық және халықаралық стандарттарға толық сай болуын қамтамасыз етеді. Университеттің Сапаны басқару жүйесі келесі негізгі басымдықтарды көздейді: Білім …

Сапа мониторинг департаменті Read More »

Қайырымдылық қор

Біз туралы Студенттердің жетістіктері Қолдау бағдарламалары Байланысу Қайырымдылық жасаңыз Қайырымдылық жасаңыз Біз туралы Сулейман Демирел университетінің миссияларының ең маңызды және басым бағыттарының бірі – қайырымдылық, демеушілік қорлар, қайырымдылық ұйымдары және қаражат жинау іс-шаралары. Біздің университет түлектерден, студенттердің ата-аналарынан, бизнес-қауымдастықтардан және біздің миссиямызды жоғары бағалайтын басқа да ұйымдардан қайырымдылық көмекті зор бағалайды. Қайырымдылық университетке өз миссиясын …

Қайырымдылық қор Read More »

Байланысымыз

Байланысу Орналасуы Алматы облысы, Қарасай ауданы 040900, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, 1/1 біздің байланысымыз +7 (727) 307 95 65 + 7 702 000 11 33 info@sdu.edu.kz​ Бізге жазылыңыздар Facebook-f Vk Instagram

SDU Extension School

KZ RU EN «Ғылымдағы менеджмент үшін деректер аналитикасы» тақырыбындағы оқыту курсын іске қосу жоспарлануда. Болашақ табыстар үшін сапалы білім арқылы біліміңіз бен мүмкіндіктеріңізді кеңейтіңіз Егер сізді бұл тақырып қызықтырса, төмендегі түймені басу арқылы нысанды толтырыңыз. Нысанды толтырыңыз Ғылымды ұйымдастыруда деректер аналитикасы Курстарды өткізу бойынша қызмет көрсетуге ҚОҒАМДЫҚ ҰСЫНУ КЕЛІСІМІ KZ RU EN Біз туралы Біліктілікті …

SDU Extension School Read More »

Ректорат

РЕКТОРАТ      Ректорат университеттің оқу үдерістерін үйлестіру және әкімшілік қолдау жұмыстарына жауап береді. Басқа міндеттермен қоса ректорат университеттің барлық бөлімдерінің қызметін үйлестіреді, сондай-ақ университеттің ғылыми жұмысын басқаруды жүзеге асырады. Ректорат Кеңесіне Ректор, Ректор аппаратының басшысы және проректорлар кіреді. Қызметтері Мемлекеттік мекемелермен және басқа да ұйымдармен қарым-қатынас орнату Бөлімшелер қызметін үйлестіру және ішкі қарым-қатынасты қадағалау …

Ректорат Read More »

Ғылыми кеңес

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС      Ректор басшылық ететін ғылыми кеңес Университеттің стратегиясы мен миссиясы аясында ғылыми-академиялық даму мәселелеріне жауап беретін Университеттің басқару органы болып табылады. Кеңестің басты мақсаттары: университетті дамыту; академиялық мәселелерге қатысты университеттің даму стратегиясын талқылау және бекіту; студенттерді оқыту және академиялық қызметкерлердің жұмысы үшін қолайлы жағдай жасау; университет құрылымын бекіту; академиялық бөлімшелерді құру және …

Ғылыми кеңес Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content