Search Results for: Air

Enactus

ENACTUS КОМАНДА ТУРАЛЫ ENACTUS МИССИЯСЫ ENACTUS ДЕГЕНІМІЗ НЕ? ENACTUS ЖОБАЛАРЫ ENACTUS КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ БОЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? БАЙЛАНЫС КОМАНДА ТУРАЛЫ Қазіргі уақытта ұйым құрамында жобалық қызметпен айналысатын 20 белсенді студент бар.Команда мүшелері – әртүрлі факультеттердің студенттері, олардың қызығушылықтары мен дағдылары әртүрлі. Сабина Рахметова Төраға Айна Ильгамова Төрағаның орынбасары Рауль Нурмухаметов Өнім менеджері (Qagazтобының капитаны) …

Enactus Read More »

Бедел түлектер

Бағдат Мусин Туған жері: Екібастұз қаласы, Павлодар облысыТілдер: Қазақ тілі, Ағылшын тілі, Орыс тілі, Түрік тіліЛауазымы: Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріКәсібі: IT маманы,Иновациялық көшбасшы, КәсіпкерБілімі:– Компьютерлік ғылымдар, SDU University, 2000-2004– Заңгер, Қазақстанның құқық және халықаралық қатынастар институты, 2004-2006Жұмыс тәжірибесі: 2004-2007 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік органдарда IT бөлімшелерін құру департаментінің …

Бедел түлектер Read More »

SDSN Қазақстан

Конференция жайлы Маңызды күндер Комитет Зерттеу бағыттары Нұсқаулық Спикерлер Серіктестер Орналасуы Байланыс KZ RU EN Конференция жайлы Маңызды күндер Комитет Зерттеу бағыттары Нұсқаулық Спикерлер Серіктестер Орналасуы Байланыс Тіркелу KZ RU EN SDSN Қазақстанның 3-ші конференциясы: Тұрақты даму мен төзімділікті қалыптастырудағы әріптестік пен ынтымақтастық SDU университеті, Қаскелең 16 Мамыр, 2025 жыл Конференция Жайлы Ақпарат Қазақстанның Тұрақты …

SDSN Қазақстан Read More »

Бизнес мектебі түлектері

SDU Түлектері – біздің мақтанышымыз! Индира Ниязали Туған жері: Алматы қаласыТілдер: қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, түрік тіліЛауазымы: Абу-Даби билігі тарапынан стратегиялық бизнес серіктесіМамандығы: Бизнес стратегиясы, сату және маркетинг стратегиясы, жаңа бизнес дамытуБілімі: Экономика және басқару, SDU университеті, 2002–2006Жұмыс орны: Банктік өнімдер мен қызметтерді басқару, «3i-infotech», 2006–2008. Аймақтық менеджер, Bahwan Cybertack, 2009- 2010. Бизнес …

Бизнес мектебі түлектері Read More »

Құқық және әлеуметтік ғылымдар жөніндегі халықаралық конференция 2025

Құқық және Әлеуметтік ғылымдар бойынша халықаралық конференция Өзгермелі әлемдегі Орталық Азия: аймақтық субъектілік, құқықтық сын-қатерлер және медиа ландшафт 17-18 сәуір, 2025 ШОЛУ Конференция жайлы ақпарат SDU университеті, Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультеті жанындағы Орталық Азия зерттеу орталығы (CARC) Джордж Вашингтон университетіндегі (АҚШ) Орталық Азия бағдарламасымен (CAP) бірлесе отырып, 2025 жылдың 17-18 сәуір күндері құқық және …

Құқық және әлеуметтік ғылымдар жөніндегі халықаралық конференция 2025 Read More »

DC Математика

Математика Диссертациялық кеңестердің құрамы Даирбеков Нурлан Слямханович – Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Диссертациялық кеңестің төрағасы. Жарияланымдар: Web of Science және Scopus сияқты халықаралық мәліметтер базасында индекстелген жетекші журналдардағы 33-тен астам ғылыми мақалалардың авторы.  Зерттеу бағыты: Талдау, геометрия және топология   Исмаилов Нурлан Аманкелдиевич – PhD, қауымдастырылған профессор, Диссертациялық кеңес төрайымының орынбасары. Жарияланымдар: Web of Science …

DC Математика Read More »

Біліктілікті арттыру курстары

Біз туралы Біліктілікті арттыру курстары Ағылшын тілі Foundation бағдарламасы Лагерь Педагогикалық қайта даярлау Біз туралы Біліктілікті арттыру курстары Ағылшын тілі Foundation бағдарламасы Лагерь Педагогикалық қайта даярлау Ғылымды ұйымдастыруда деректер аналитикасы Цифровая компетентность педагога Оқытуда интербелсенді әдістерді қолданудың тактикалары Заманауи ағылшын тілі мұғалімнің құзыреттілігін дамыту Мектеп негізіндегі ғылыми зерттеу Инновациялық көзқарасты енгізу:. мектептің трансформациясы Мифтен шындыққа: …

Біліктілікті арттыру курстары Read More »

ИРН АP23488831

Интернационалдандыру және трансформациялық көшбасшылық арқылы Қазақстандағы жоғары білім берудегі реформалар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ЖТН:  AP23488831 Жобаның мақсаты Зерттеудің мақсаты – университеттердің жоғары басшылығын интернационалдандыру және жаңарту контекстінде Қазақстандағы мемлекеттік жоғары оқу орындарының трансформациясын зерделеу, осы үдерісте туындайтын мүмкіндіктер мен қиындықтарды анықтау және осы саладағы табысты тәжірибелер мен саясаттар бойынша ұсыныстар беру. Жоба …

ИРН АP23488831 Read More »

Халықаралық бизнес құқық (қос дипломды)

Қош келдіңіз Факультет жайлы Деканның ресми жолдауы Бағдарламалар Бакалавриат Халықаралық қатынастар Қолданбалы құқық Қолданбалы психология Халықаралық құқық Мультимедиа және Тележурналистика Мемлекеттік басқару құқығы Магистратура Ақпараттық технологиялар құқығы Жеке құқық Дата журналистика Медиа зерттеулері және Журналистика Докторантура Қолданбалы құқық Түлектер Байланыс үшін Халықаралық бизнес құқық (Қос дипломды) Деңгей Халықаралық бизнес құқық Ұзақтығы 2 жыл ECTS 120 …

Халықаралық бизнес құқық (қос дипломды) Read More »

ICBCB тіркелу

Конференцияға қатысу төлемі Қатысушылар Онлайн (9 қазан) Ерте тіркелу (20 маусым – 20 шілдеге дейін) Стандартты төлем (кеш тіркелу – 1 қазанға дейін) Қазақстандық қатысушылар баяндамамен 8 000 KZT 10 000 KZT 15 000 KZT Қазақстандық қатысушылар баяндамасыз 8000 KZT 8000 KZT 10 000 KZT Дамушы елдер / ТМД (СНГ) елдері баяндамамен 35 USD 40 …

ICBCB тіркелу Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content