SDU Әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық мектебінің деканы болып Берік Сабденәлиев тағайындалды
Берік Сабденәлиев 2010 жылы SDU қабырғасында ассистент ретінде кәсіби еңбек жолын бастаған. 2011 жылы магистратураны тәмамдағаннан кейін аға оқытушы қызметін атқарды. 2015–2016 жылдары Экономика факультетінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары, 2016–2018 жылдары «Есеп және қаржы» білім беру бағдарламасының үйлестірушісі болды. Бұған дейін SDU Бизнес мектебінің деканы қызметін де абыроймен атқарған.
Білім мен ғылыми тәжірибесі
- Менеджмент мамандығы бойынша PhD докторанты (жалғасуда), SDU
- Менеджмент магистрі (2011), SDU
- Менеджмент бакалавры (2007), Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Берік Сабденәлиев мырзаны жаңа лауазымымен шын жүректен құттықтай отырып, Әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық мектебінің дамуына сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!