SDU командасы республикалық математика олимпиадасында III орын иеленді
2026 жылғы 11–12 сәуір күндері Астана қаласындағы Nazarbayev University базасында өткен Республикалық студенттер пән олимпиадасында SDU University студенттері жоғары нәтиже көрсетті.
Математика пәні бойынша өткен білім додасына университетімізден Оралбек Дәурен, Нағашыбек Мұхаммед, Жанахметов Ансар, Ernest Regia және Сеидов Елдос қатысып, барлығы жүлделі III орынға ие болды.
Айта кету керек, олимпиада қорытындысы бойынша командалық нәтиже ең жоғары ұпай жинаған үш студенттің көрсеткіштері негізінде есептеледі. Осы жүйе бойынша SDU University командасы Nazarbayev University мен Kazakh-British Technical University командаларынан кейінгі III орынды иеленді.
Бұл жетістік студенттеріміздің математикалық дайындығының жоғары деңгейін, табандылығы мен академиялық әлеуетін айқын көрсетеді.
SDU University ұжымы жеңімпаз студенттерді құттықтай отырып, алдағы ғылыми және білім жолында жаңа табыстар тілейді!


