SDU University докторанты PhD дәрежесін алды
SDU University үлкен қуанышпен «6D070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша PhD бағдарламасының докторанты – Мералиев Мерарыслан – оқуын сәтті аяқтап, ғылыми дәрежеге ие болғаны туралы хабарлайды.
Жас ғалым жоғары академиялық дайындық пен ғылыми-зерттеу қызметіне деген табандылығын айқын көрсетті. Оның болашақтағы кәсіби жолы еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға өз үлесін қосатынына сеніміміз мол.
Бұл маңызды жетістікпен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта табысқа жету, жаңалық ашу және таңдаған салада жемісті еңбек етуді тілейміз!