SDU University-де SSBL Research & Innovation Student Conference 2026 өтті
2026 жылғы 13 сәуірде SDU University-де Әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық мектебі мен SDU Орталық Азия зерттеу орталығының ұйымдастыруымен SSBL Research & Innovation Student Conference 2026 ғылыми-студенттік конференциясы өтті.
Конференция құқық, халықаралық қатынастар, саясаттану, журналистика және коммуникация салаларындағы студенттердің ғылыми зерттеулерін таныстыру алаңына айналды. Іс-шараға студенттер, оқытушылар және шақырылған сарапшылар қатысты.
Конференция Әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық мектебінің деканының құттықтау сөзімен ашылды. Пленарлық сессияда шақырылған спикерлер баяндама жасады:
- Prof. Dr. Jan-Friedrich Bruckermann (FOM University of Applied Sciences, Германия)
- Dr. Azian Muhamad Adzmi (KIMEP University)
- Dr. Galym Zhussipbek (SDU University)
Пленарлық бөлімнен кейін конференция келесі секциялар бойынша жалғасты:
- Құқық
- Халықаралық қатынастар және саясаттану
- Журналистика және медиа
Қатысушылар цифрлық құқық, жасанды интеллект, халықаралық қауіпсіздік, медиа және қоғам сияқты өзекті тақырыптар бойынша зерттеулерін ұсынды.
Конференция жоғары деңгейдегі ғылыми пікірталас алаңына айналып, студенттердің зерттеу және презентациялық дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.








