SDU University білім беру бағдарламалары «Атамекен» ұлттық рейтингінде жоғары нәтиже көрсетті
SDU University білім беру бағдарламалары 2025 жылғы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғары оқу орындарына арналған рейтингінің қорытындысы бойынша бірқатар бағыттарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Рейтинг нәтижесіне сәйкес университеттің бірнеше білім беру бағдарламалары ТОП-5 және ТОП-10 үздік бағдарламалар қатарына енді. Атап айтқанда, экономика, халықаралық құқық, физика-информатика, есеп және аудит, қаржы, екі шет тілі, математика, қолданбалы құқық, компьютерлік ғылымдар және диджитал маркетинг бағыттары еліміздегі ең үздік бағдарламалар қатарынан көрінді.
Сонымен қатар ақпараттық жүйелер, педагогикалық математика, химия-биология, қазақ тілі мен әдебиеті, халықаралық қатынастар және журналистика (TV және мультимедиа) білім беру бағдарламалары ТОП-10 тізіміне енді.
«Атамекен» ұлттық рейтингі білім беру бағдарламаларының еңбек нарығы талаптарына сәйкестігін көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Бағалау барысында түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі, орташа жалақы мөлшері, жұмыс берушілердің пікірі, сондай-ақ оқу бағдарламаларының практикалық бағыттылығы ескерілді.
Аталған нәтижелер SDU University білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін, түлектерінің еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие екенін және университеттің академиялық беделінің тұрақты түрде артып келе жатқанын айқын көрсетеді.
SDU University ұжымы осы жетістіктерге үлес қосқан профессор-оқытушылар құрамына, студенттер мен түлектерге шынайы алғыс білдіреді.
