SDU University — Академиялық адалдық лигасының төрағасы
Биыл SDU University еліміздің жоғары оқу орындарын біріктіретін Академиялық адалдық лигасы қауымдастығының төрағасы қызметін атқарады. Бұл — университетіміз үшін зор мәртебе әрі жауапкершілік.
Миссия мен міндеттер
Академиялық адалдық лигасы — Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қауымдастығы. Бұл ұйымның басты мақсаты — білім мен ғылымда әділдік, сенім, жауапкершілік және ашықтық сияқты адалдық қағидаларын насихаттау, студенттердің және оқытушылардың академиялық мінез-құлқына жоғары стандарттар енгізу.
SDU University 2018 жылы лиганың мүшелігіне қосылған. Лиганың төрағалық қызметін атқару университетке келесі мүмкіндіктер береді:
- Академиялық адалдық қағидаларын ел көлемінде кеңінен тарату және ілгерілету
- Жоғары оқу орындары арасында тәжірибе алмасу, үздік модельдерді енгізу
- Лиганың стратегиялық шешімдеріне университет позициясын қосу
- Студенттер мен оқытушылар арасында адалдық мәдениетін күшейту
Жаңа бастамалар мен жоспарлар
Төрағалық мерзімі барысында SDU University келесі бағыттарға ерекше көңіл бөледі:
- Адалдық апталығы мен тренингтер — студенттер мен оқытушыларға арнап арнайы шаралар ұйымдастыру.
- Ғылыми жарияланым сапасын бақылау — журналдар мен ғылыми еңбектердің шынайылығы мен сенімділігін бағалау механизмдерін нығайту.
- Оқу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету — бағалау критерийлері, емтихан жүйесі, студенттердің құқықтары мен міндеттері жөнінде ақпараттың қолжетімділігі.
- Бірлескен жобалар мен форумдар — басқа университеттермен серіктестік құру арқылы академиялық адалдықты ілгерілету іс-шараларын ұйымдастыру.
