SDU University THE Impact Rankings 2026 рейтингіндегі көрсеткіштерін жақсартты
SDU University халықаралық Times Higher Education (THE) Impact Rankings 2026 рейтингінде өз нәтижесін жақсартып, әлемдік жоғары оқу орындары арасындағы позициясын нығайтты.
Биыл университет 58,5 жалпы ұпай жинап, әлемдік рейтингтің 801–1000 орындар тобына енді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда елеулі өсім болып табылады: 2025 жылы SDU University 1001–1500 орындар диапазонында орналасқан болатын.
THE Impact Rankings рейтингі жоғары оқу орындарының Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын (Sustainable Development Goals – SDGs) іске асыруға қосқан үлесін бағалайды. 2026 жылы SDU University 10 Тұрақты даму мақсаты бойынша бағаланды.
Университеттің негізгі көрсеткіштері төмендегідей:
- SDG 1 – No Poverty (Кедейлікті жою): 601–800
- SDG 3 – Good Health and Well-being (Денсаулық және әл–ауқат): 1001+
- SDG 4 – Quality Education (Сапалы білім): 601–800
- SDG 5 – Gender Equality (Гендерлік теңдік): 401–600
- SDG 8 – Decent Work and Economic Growth (Лайықты еңбек және экономикалық өсім): 601–800
- SDG 9 – Industry, Innovation and Infrastructure (Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым): 601–800
- SDG 10 – Reduced Inequalities (Теңсіздікті азайту): 401–600
- SDG 11 – Sustainable Cities and Communities (Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар): 601–800
- SDG 16 – Peace, Justice and Strong Institutions (Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар): 401–600
- SDG 17 – Partnerships for the Goals (Мақсаттар жолындағы серіктестік): 401–600
Аталған нәтиже SDU University-дің білім беру сапасын арттыру, әлеуметтік жауапкершілікті дамыту, ғылыми зерттеулерді қолдау және тұрақты даму қағидаттарын университет қызметіне жүйелі енгізу бағытындағы жұмыстарының тиімділігін көрсетеді.
