SDU University – QS Sustainability 2026 рейтингінде алғашқы дебют
SDU University биыл алғаш рет QS World University Rankings: Sustainability 2026 жаһандық рейтингіне енді. Бұл рейтинг әлем университеттерін Экологиялық әсер, Әлеуметтік әсер және Басқару тиімділігі сияқты маңызды бағыттар бойынша бағалайды.
Осы жылы университетіміз QS зерттеген 2002 халықаралық оқу орнының қатарында өз орнына ие болды.
Жалпы рейтингте SDU University әлем бойынша 1301–1400 аралығынан көрінді.
Аймақтық және ұлттық көрсеткіштер бойынша да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді:
- Азиядағы 827 университеттің ішінде – 481-орында,
- Қазақстаннан енген 23 жоғары оқу орнының ішінде – 9-орында.
Бұл нәтижелер SDU University-дің тұрақты даму бағытындағы жүйелі еңбегінің, стратегиялық қадамдарының және қоғамға оң әсер етуге деген ұмтылысының айқын дәлелі.
