SDU University Executive MBA in Management бағдарламасының 32 түлегі диплом алды
SDU University-де Executive MBA in Management (БББ коды – 7М04114-ЕМВА Менеджмент) бір жылдық кәсіби магистрлік бағдарламасының түлектері салтанатты түрде диплом алды. Биылғы оқу жылында бағдарламаны 60 ECTS көлеміндегі оқу жоспарын толық меңгерген 32 магистрант табысты тәмамдады.
Executive MBA in Management бағдарламасы қазіргі еңбек нарығының талаптарына сай басқару құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Бағдарлама түлектері тек теориялық білім ғана емес, заманауи менеджмент мәдениетін, стратегиялық ойлау қабілетін, басқарушылық шешім қабылдау дағдыларын, сондай-ақ командамен тиімді жұмыс істей білу тәжірибесін меңгерді.
Бағдарламаның негізгі артықшылықтары:
- Халықаралық стандарттарға сәйкестігі – оқу үдерісі әлемдік бизнес мектептерінің үздік тәжірибесіне негізделген;
- Бизнес-практикамен интеграция – магистранттар жетекші компанияларда тағылымдамадан өтіп, нақты жобалармен жұмыс жасайды;
- Инновациялық ойлау мен көшбасшылық қасиеттерді дамыту – тыңдаушылар басқарушылық шешім қабылдай алатын кәсіби лидер ретінде қалыптасады;
- Ғылыми-зерттеу мен кәсіпкерлік бағыттың үйлесуі – түлектер әрі қарай докторлық білім алуға және жеке бизнесті дамытуға мүмкіндік алады.
Executive MBA бағдарламасы кәсіби өсуді мақсат еткен басқару саласының мамандары үшін тиімді білім беру алаңы болып саналады. SDU University аталған бағдарлама арқылы еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына үлес қосатын жаңа буын менеджерлерін даярлауды жалғастырады.
