SDU University 2026 жылғы Эдвайзерлерге арналған қысқы семинар
SDU University-де эдвайзерлерге арналған “Conversations that Matter — Building Bridges, Not Walls” атты қысқы семинар сәтті өтті. Іс-шараға университеттің 100-ге жуық эдвайзері, мектептердің әлеуметтік мәселелер жөніндегі декан орынбасарлары, сондай-ақ Psychological Support Centre командасы қатысты.
Семинар Blue Hall және SDU Life Building алаңдарында ұйымдастырылып, спикерлік сессиялар, практикалық воркшоптар және интерактивті форматтар арқылы өткізілді. Қатысушылардың пікірінше, шара қарқынды әрі мазмұнды өтті. Арнайы спикерлердің баяндамалары үлкен қызығушылық тудырды, әсіресе Фуад Гаджиевтің сессиясы жоғары бағаланды.
Практикалық воркшоптар қатысушыларға күнделікті студенттермен жұмыс кезінде қолдануға ыңғайлы құралдар мен әдістемелерді ұсынды. Бағдарламаның қорытындысы ретінде өткен Tez-Tap командалық интеллектуалдық ойыны нетворкингті дамытуға, командалық байланысты нығайтуға және эдвайзерлер қауымдастығын біріктіруге ерекше мүмкіндік берді.
Семинар соңында марапаттау рәсімі өтті, әр қатысушыға Advisor Box табысталды. Жалпы алғанда, эдвайзерлер семинарды ақпаратқа бай, пайдалы әрі шабыттандыратын іс-шара деп бағалап, оның алдағы жұмысына жаңа идеялар мен тиімді құралдар бергенін атап өтті.




